Африканың климаты туралы қазақша реферат
Африка — жер шарының солтүстік және оңтүстік жарты шарларына шамамен бірдей қашықтыққа созылып жаткан бірден-бір материк. Осы ерекшелік екі жарты шардың бірегей ендіктерінде бірегей климат болуына жағдай жасайды. Климаттық белдеулердің барлығы дерлік Африка территориясында екі реттен кайталанады.
Дегенмен Африканың солтүстік бөлігінің оңтүстік бөлігінен (экватордан оңтүстікке қарай жатқан) ауданы жөнінен екі есе үлкен болуының үлкен маңызы бар. Африкадан солтүстікке және солтүстік-шығыcқа қарай орасан зор. Евразия құрлығы орналасқан, одан Африканы континентаралық жылы теңіздер — Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз бөліп тұр. Оңтүстік субконтинент Атлант және Үнді мұхттарының аралығында. Сондықтан Африкада экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай климаттың түзілу жағдайлары бірдей емес.
Материктің негізгі бөлігі тропиктер арасында жатыр және бүкіл жыл бойы күн жылуын көп мөлшерде қабылдап, әсіресе солтүстік, анағұрлым сом бөлігінде қатты кызады. Бүкіл Африка (азғана қaлысты есептемегенде) жылына 160 ккал см2 астам жылу алады, ал солтүстік бөлігінде жиынтық радиация 200 ккал см2 асып түседі. Бұл жоғары температураның белең алуына жағдай жасайды және Африканы Жердің ең ыстық материгіне айналдырады. Материктің горизонталды бөлшектерінің шамалы болуы және шеткі аймақтарының ішкі бөліктермен салыстырғанда көтеріңкі келуі мұхит әсерін шектейді және климаттың Африкаға тән континенттігін туғызады, бұл оның көлемі үлкен болуына және Евразияға жақын жатуына байланысты солтүстік бөлігінен айқын көрінеді.
Африканың көпшілік бөлігі екі жарты шардың субтропиктік антициклон мен пасаттық циркуляциясының ықпалында болады. Солтүстік жарты шардың құрлықтан келетін пассаттары салыстырмалы ылғалдығы төмен континенттік ауа ала келеді. Үнді мұхиты жағынан келетін оңтүстік жарты шардың пассаттары материктің шығыс шетіне ылғалдылығы тұрақсыз ауа массаларын алып шығады. Материктің солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы батыс шет аймақтары пассаттық инверция тән атлантикалық субтропиктік антициклонның шығыс шетінің ықпалында болады, Атлант мұхитының суық ағысты инверциясы онан сайын күшейе түседі. Мұның өзі жауын-шашынның түсуіне қолайсыз жағдай туғызады.
Материктің экватор бойы бөлігінде ауа массасының бip жарты шардан екінші жарты шарға өтуінің ерекше манызы бap. Мұның өзінде материктің шығысында пассаттардың басқа жарты шардан өтуі осы жарты шардың жазында орын алады. Ал батыста болса, қысым градиенті әрқашанда Оңтүстік Атлант максимумынан Африканың солтүстік субконтинентіне қapaй бағытталатындықтан жыл бойына оңтүстік пассаттың, (оңтүстік-батыс муссонның) солтүстік жарты шарға өтуі үнемі байқалады. Сондықтан да 17˚с.с. және 20˚о.е. аралығындағы өңірде әрбір жарты шардың жазында экваторлық муссондардың ыппалы корініс береді, олар ылғалдылығы тұрақсыз экваторлық ауаны aлa жүреді де жауын-шашынды кезең тудырады. Материктің субтропиктік белдеулердің шегіне кіретін қиыр солтүстігі мен оңтүстігі әрбір жарты шардың қысында қоңыржай ендіктердің батыс циркуляциясы жағдайында қалады. Ауа массалары циркуляциясының жағдайы, жауын-шашын мен температураның таралуы екі жарты шар үшін январь мен июльде әр түрлі қалыптасады .
Январьда материктің оңтүстік бөлігі көбірек қызады, ал сол:түстік бөлігі салыстырмалы түрде сaлқын тартады. Осыған байланысты жоғарғы қысымды субтропиктік белдеу Сахараның солтүстігін кесіп өтеді де, Солтүстік-Атланттық максимуммен түйіседі. Материктің қиыр солтүстік-батысы қыста қоңыржай ендіктердің батыс циклондық циркуляцциясының ықпалына түседі. Бұл кезде оңтүстік жарты шарда ауқымды тоқырау орын тебеді де оған қарай көршілес мұхиттардан да, солтүстік жарты шардан да ауа ағылады.
Солтүстік пассат 25˚ солтүстік ендіктен экваторға қарай қызған ауаның салыстырмалы ылғалдығы 30-15% болатын негізгі үш ауа толқыны түрінде қозғалады. Үлкен, шығыс бөлігінде ол солтүстік-шығыс бағыттағы египет ағыны деп аталады да экваторды басып өтпей Конго бассейнінің солтүстік бөлігіне дейін барады. Онан шығысқа таман бapыншa құрғақ аравия пассаты әрекет етеді, ол Сомали түбегін қамтып, экватордан оңтүстікке қарай өтеді де, Үнді мұхиты жағынан Оңтүстік-Үнді максимумының шеткері жағы бойымен келе жатқан оңтүстік-шығыс пассатымен қосылып кетеді. Египет ағынынан батысқа Гвинея жағалауына қарай харматтан атты ағын ағылады, ол Гвинея шығанағының солтүстік бөлігінде Оңтүстік Атлант антициклонының шығыс шеткері жағымен ағылып жатқан оңтүстік-батыс муссонымен кездеседі. Әдетте, харматтан Гвинея шығанағының жағалауына жете алмайды, онда бәсең оңтүстік-батыс желдері соғып тұрады. Бірақ үлкен биіктіктерде пассат толқындары оңтүстікке қарай алысыраққа өтіп, оңтүстік-батыс муссондағы жоғары бағытталған ағынға және жауын-шашынның жаууына кедергі жасайды. Cондықтан январь Гвинея жағалауында ең құрғақ ай болып табылады.
Оңтүстік-Үнді максимумы январьда онтүстікке қарай көп ығыстырылады. Ол Африканың қиыр оңтүстігін қамтиды да Африканың биік таулы қыраттарының шығыс беткейлеріне Үнді мұхитынан мол жауын-шашын әкелетің оңтүстік-шығыс пассаттарына бастама береді. Олардың саны материктің түкпіріне қарай барған сайын күрт азаяды да Калахаридің орталық бөлігінде минимуміне жетеді. Африканың батыс жағалауы Оңтүстік-Атлант антициклонының шығыс шеткері жағының ықпалында болады. Қызған материкке оңтүстік румб желдерімен анағұрлым биік ендіктерден салыстырмалы суық ауа массасының келуіне байланысты батыс жағалауда тура экваторға жуық созылып жатқан өңірде жауын-шашын болмайды.
Атлант ауасының Үнді мұхитынан жететін массалармен түйісетін ауданында фронт пайда болады, соған байланысты Калахиридің батысында жауын-шашын мөлшері материктің анағұрлым батыс және шығыс аудандарымен салыстырғанда біршама арта түседі.
Июльде солтүстік жарты шар қатты кызады. Сондықтан бүкіл баралық зоналар солтүстікке қарй ығысады. Солтүстік жартышардың субтропиктік максимумы Жерорта теңізі мен Оңтүстік Европаға қарай ауысады да Африканың қиыр солтүстік-батысын ғана қамтиды. Африканың солтүстік бөлігінде қатты қызуына байланысты төмен қысымды облыс пайда болады, ол экватордан оңтүстікке карай жалғасып кетеді. Оңтүстік Африка өзінің көрші мұхиттарымен қоса оңтүстік жарты шардың баралық максимум аймағына кіреді. Оның тек қиыр оңтүстігі ғана оңтүстік жарты шардың қоныржай ендіктерінің батыс циркуляциясы жағдайында қалып қояды.
Солтүстік Африкада (Сахарада) құрғақ солтүстік-шығыс және солтүстік батыс желдері соғады, ол Қызыл теңіз бен Ніл аңғарын бойлап 20˚ дейін, ал батысында 18˚ с.с. дейін енеді. Оларға қарсы Оңтүстік Атлант максимумы жағынан оңтүстік-батыс муссоны ағылады да Судан территориясы мен Гвинея жағалауларына жауын-шашын ала келеді.
Эфиопия, Сомали және Африканың бүкіл шығысы экватордан солтүстікке қарай Үнді муссонының ықпалындa болады, ол экватор арқылы өтіп, мол жауын-шашын әкелетін оңтүстік-шығыс пассатының жалғасы болып табылады. Африканың жоғары қысым белдеуімен және әлсіреген пассат әрекеті қамтылған бүкіл оңтүстік бөлігі әсіресе оның ішкі аудандары бұл кездері құрғак, болады. Тск Кап облысы бұл жағдайдан тысқары қалады, өйткені оған жанданған циклондық әрекет тән. Африканың негізгі бөлігіндегі бүкіл жыл бойғы жоғарғы температура күннің көкжиектен едәуір биіктікте тұруына және күшті инсоляцияға байланысты. Материктің едәуір бөлігінде жылдық орташа температура +200С-ден асып түссді. Африканың солтүстік бөлігі анағұрлым сом, сондықтан да ол тұтас алғанда оңтүстікке қарағанда қаттырақ қызады, онда Жерде байқалатын ең жоғарғы орташа айлық температура (+350-400С), сонымен бірге ең жоғары максимумды температура (+580С-ге дейін) орын алады.
Бүкіл Африкаға сондай-ақ континенттік климаттың көрініс беруі, температураның тәуліктік едәуір ауытқуы да тән. Мысалы, Сахарада температураның тәуліктік амплитудасы 500С-ге жетеді. Материктің территориясында жауын-шашын біркелкі таралмайды. Үнемі және мол болатын конвективтік жаңбырлар экватор бойы бөлігіне шамамен 5˚с.с. псн 10˚о.е. аралығында түседі. Африкада максимум жауын-шашын (10 000 мм шамасында) Камерун массивінің басым оңтүстік-батыс жерлеріне қараған беткейлеріне түседі.
Экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарайғы облыстарда, шамамен екі жарты шардың 170-қа дейін жауын-шашынды тек әрбір жарты шардың жазындa экваторлық муссондар әкеледі, олардың жылдық мөлшері географиялық орынға және рельефке байланысты құбылып тұрады. Онан әрі экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай (300-қа дейін) жыл бойына жауын-шашын өте аз мөлшерде түсетін облыстар орналасқан. Материктің қиыр солтүстігі мен қиыр оңтүстігінде, субтропиктік белдеуде жауын-шашынның мөлшері қайтадан көбейеді де солтүстік-батыс пеп oңтүcтік-батыста оның түсу максимумы — қысқа, ал oңтүстік-шығыста – жазға келеді. Осы көрсетілген заңдылықтардың арқасында Африка өзінің климатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Экваторлық климат белдеуі Конго бассейнінің едәуір бөлігін шамамен 5˚с.с. пен 5˚о.с. apaлығы, сондай-ақ Гвинея жағалауын 7–8˚с.с. дейін қамтиды. Конго бассейнінде жер бетінің қатты қызуына бaйлaнысты ауа массалары көтеріледі де жыл бойына конвективтік жауын-шашын болып тұрады. Олардың режимінде күннің eң биiк орнына байланысты екі максимум айқын көрінеді. Гвинея шығанағының жағалауларынa жауын-шашынды үстемдік ететін оңтүстік-батыс желдері жеткізеді, олардың жылдық мөлшері көп — Камерун массиві беткейлерінде 9600 мм дейін жетедi. Жоғары және бір калыпты температуралар (+240-280С), буланудан 1,5-2 есе асып түсетін мол мөлшердегі жауын-шашын мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғары болуы тұракты артық ылғалдануға жағдай туғызады. Осыған байлансты Африканың экваторлык, бөлігінің климатын оған үйренбеген европалықтар ғана емес, жергілікті тұрғындар да азар көтереді.
Солтүстік Африкадағы субэкваторлық белдеу солтүстікте 17˚с.е. дейін жетіп жатыр. Oңтүстік жарты шарда субэкваторлық климаттың белдеуі Атлант мұхитына дейін жетпейді, ал оңтүстікте 20˚ о.е. дейін жуықтап барады. Материктің шығысында жарты шардың солтүстік және оңтүстік субэкваторлық белдеулері түйіседі, ал экваторлық белдеу Үнді мұхитына дейін жетпейді. Әрбір жарты шардың жазы кезіңде муссон үстемдік етеді, ол мол жауын-шашын бөлетін ылғалды экваторлық ауа алып келеді. Қыс кезінде облыс тропиктік құрғақ ауа жеткізетін пассаттың ықпалындa қалып қояды. Бұл жауын-шашын мүлде жаумайтын әрі салыстырмалы ылғалдылығы өте төмен кезең.
Ылғалды кезеңнін ұзақтығы, жауын-шашынның жылдық жиынтығы және белдеу шегіндегі ылғалдану экватордан тропикке қарай және батыстан шығысқа қарай өзгеріп отырады. Экватордан тропикке қарай ылғалды кезеңнің ұзақтығы бірте-бірте 10 айдан 2-3 айға дейін азаяды. Батыстан шығысқа қарай муссонның әлсіреуіне байланысты жауын-шашын мөлшері азая береді. Солтүстік жарты шардың субтропиктік 6елдеуі алабындағы жеткіліксіз ылғалданатын барынша қуаңшылық аудандары Сомали түбегіне орналасқан, ол экваторлық муссоннан Эфиопия таулы қыратымен, ал Суданның солтүстік бөлігінде, шекарада тропиктік белдермен бөгелген. Субэкваторлық белдеудегі температура жыл он екі айдың көпшілігінде жоғары, бірақ жылдық айырмашылықтары экваторлық белдеуге қарағанда едәуір үлкен. Ең ыстық кез жауын-шашын маусымының басында, орташа температура +30˚С-ден асқан кезде болады. Дегенмен ең салқын айлардың өзінде орташа температура + 20˚С-ден төмендемейді.
Барынша жаңа классификацияларда субэкваторлық климаттық белдеулер ажыратылмайды, ал субэкваторлық климатты жазы ылғалды, тропиктік ылғалды климат деп қарастырады. Африкадғы көптеген кеңістіктер, әсіресе солтүстік жарты шарда, аридтік тропиктік климатқа жатады. Солтүстік жарты шардағы ыстық та құрғақ тропиктік климат Сахараның көптеген бөлігіне тән. Жазда Солтүстік Африканың беті қатты қызады да oндa солтүстік-шығыс пассаты бет aлады, ол салыстырмалы ылғалы 15-30% ауа әкеледі. Қыста солтүстік Африканың үстінде антициклондық режим орнайды, демек, бүкіл жыл бойына Сахараға жауын-шашынның түсіуіне жағдай қолайсыз. Ауаның құрғақтығы және шамадан тыс аз бұлттылық өсімдіктің мүлдем дерлік жоқтығына қоса тәуліктік температураның күрт ауытқып тұруына әкеп соғады. Бұл облыстағы буланушылық шамамен нақты буланудан 20-25 есе асып түссді. Оңтүстік жарты шардағы қуаң тропиктік климат Калахари қазан шұңқырына тән, дегенмен ондағы жауын-шашын мөлшері Сахараға қарағандабіршама көп, бұл Үнді мұхитынан соғатын оңтүстік – шығыс әсерімен байланысты.