Адамзатты біріктіретін негізгі күш

Скачать


Ғарыш философиясы туралы қазақша реферат

Ғарыш философиясы деген кезде , біз екі нәрсені айтуымызға болады. Біріншіден, ол — дүниенің біртұтастығы және соның шеңберіндегі адамзаттың , яғни рухтың алатын орны; екіншіден , адамзат мәңгі осы жер бетінде қала ма, я болмаса басқа ғарыштағы объектілерді игеріп, өзінің ықпалын бүкіл ғарышқа тарата ала ма? Бірінші сұраққа қайсібір ұлттық философия жауап беруге тырысады, ал екінші сұрақты қойып, соған жауап беруге тырысқан, негізінен алғанда орыс философиясы болды. Сондықтан бұл ағымды орыс философиясының ерекшеліктерінің біріне жатқызуға болар еді деп ойлаймыз. Ал енді оның өзінің де себебі бар шығар. Біздің ойымызша , Алтын Орда мемлекетінің қысымынан кейінгі Ресей қоғамының Шығысқа қарай садақтан атқан оқтай серпілуі (бірнеше ғасырдың шеңберінде Еділ өзененің ар жағынан сонау қиыр Шығысқа жетуі), өлшемсіз кең-байтақ жерде мемлекеттігін құруы, ұлттық ой-өрісті де кеңейтіп, оған ғарыштық өлшем берсе керек. Мүмкін басқа себептер де болған болар. Еуропа ой-өрісінде ғарыш жөнінде христиандық антропоцентрлік көзқарас ғасырлар бойы өмір сүрді. Оның негізгі қағидасы: адам — жаратылған дүниенің ең биік шыңы, жер болса — ғарыштың ортасы. Коперник мұндай көзқарасқа төңкеріс жасайды: ғарыштың ортасы — жер емес , күн. Ғарышта тек жерде ғана өмір бар. Дж.Бруноның шексіз ғарыш пен өмір жөніндегі ойлары кең тараған жоқ. Жаңа дәуірдегі ғылымда ғарыш механикалық-физикалық объект, сансыз атомдардың өрісі деген пікір қалыптасты. Енді міне, орыс философиясында 18ғ.бастап, антропокосмизм идеялары пайда болып дамиды. Яғни адамның жер бетіндегі орны емес, оның ғарыштағы рөлі зерттеле бастайды. Орыс философиясындағы бұл мәселеге қатысты негізгі идеялар: а) ғарыштағы адамзаттың өлместігі (К.Э.Циолковский); в) биосфераның ноосфераға өтуі (В.И.Вернадский); с) табиғатты зерттеп, өткен ұрпақтарды тірілту (Н.Ф.Федоров); д) күн мен биосфераның ажырамас байланысы (А.Л.Чижевский); е) сананың ғарыштық дамуы (Н.К.Рерих); т.с.с. К.Э.Циолковскийдің ойынша , адам — ғарыш өмірінің бір бөлігі, сондықтан адамзат цивилизациясы Ғарштағы өзгерістермен тығыз байланысты. Әрине, мәңгілік Ғарышқа қарағанда , жер бетіндегі адамзат әлі өте жас. Дегенмен болмыста пайда болып, белгілі бір уақыт келгенде жер бетіндегі байлықты сарқып, адамзат заңды түрде бұл өмірден кетуі мүмкін. Бірақ, сонымен қатар, егер ғылымның дамуының негізінде адам Ғарышпен байланысқа түсіп, зат пен күш — қуаттың жаңа түрлерін игерсе, ол тоқталмайтын өрлеуге ие болып, өлместік дәрежесіне көтеріледі, — деген батыл пікір айтады. К.Э.Циолковский адамзаттың жерлік және космостық өмір сүруін бір-бірінен айырады. Жер бетіндегі өмір сүру — адамзаттың сәбилік шағы сондықтан ол кемеліне келмеген, зардабы мен қиянаты мол. Адамзаттың ғарыштық болмысы келген уақытта өмірдің теріс жақтарының бәрі жойылып, қуаныш пен жетілгендік, шығармашылық — өмірдің негізгі жақтарына айналады. Оның ойынша , ғарышқа шығу — көп уақытты талап етіп, сатыларға бөлінеді: а) адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында жер бетін толығынан қайта өзгерту; в) жер айналасындағы кеңістікті игеру; с) басқа планеталарды, содан кейін алыс Ғарышты игеру; д) адамның өз биологиялық табиғатын өзгертіп, ашық Ғарышта өмір сүре алатын дәрежеге келуі. Сонымен егер Н.Коперник өз уақытында жердің Ғарыштағы ерекше орны жөніндегі көзқарасқа соққы берген болса, ХХ ғ. К.Э.Циолковский адамзатты жер тартуынан шығарып, ғарышқа жол ашты деп көркемдеп айтуға болар еді. В.И.Вернадскийдің негізгі ойлары жер бетіндегі өмір мен адамзатқа арналды. Нәтижесінде , ол биосфера мен ноосфера жөнінде терең де тамаша ойларын адамзатқа ұсынды. Бүгінгі қалыптасқан биосфера жөніндегі Үлкен жүйе теориясы, тіршіліктің ғарышпен заттық және энергиялық алмасуға түсуі т.с.с. идеялар В.И.Вернадскийдің шығармашылық еңбектерінде үлкен орын алды. Жер бетіндегі тіршілікті ол жердің ерекше қалыптасқан геологиялық қабаты ретінде қарайды. Тіршілік биогеохимиялық зат пен қабаты ретнде қарайды. Тіршілік биогеохимиялық зат пен энергияның айналысын тудырып, жер бетін толығымен өзгертеді. Осы тұрғыдан қарағанда, адамзат тіршілік әлемінің ерекше еңжоғарғы бөлігі. Ол ерекше бір — басқа энергия формаларына ұқсамайтын — күш — қуатты тудырады. Оның аты — ақыл-ой , зерде. Адамзат ақыл-ойы мен еңбегінің арқасында жаңа геологиялық күшке айналып, биосфера жаңа ахуалға — ноосфера (ақыл-ой арқылы ретке келтірілген жер беті) сатысына көтеріледі. Сонымен В.И.Вернадскийдің ойынша, адамзат зердесі — ғарыштық құбылыс. Н.Ф.Федоров адамзат зердесін ғарыш эволюциясының заңды нәтижесі рет
інде қарайды. Әрі қарай Ғарышты адамзат саналы түрде өзгертеді. Ғарыш хаос емес, нағыз Ғарышқа айналуы үшін зердені талап етеді . Болашақта ғылымның орасан зор дамуының негізінде адамзат өлместік дәрежесіне көтеріліп, сонымен қатар жер бетінде бұрын -соңды өмір сүрген барлық ұрпақтарды қайтадан тірілтеді, -деген ойда болды. А.Л.Чижевский жер бетіндегі тіршілікті тудырған — жердің өзі емес , күн деген пікірге келіп, күннің жердегі биосфераға тигізетін ықпалын егжей-тегжейлі зерттейді. Табиғаттағы геофизикалық аномалиялар, жер бетіндегі оқтын — оқтын болатын эпидемиялар, қуаңшылық т.с.с. құбылыстар Күндегі болып жатқан процестермен тығыз байланысты екенін дәлелдеп, А.Л.Чижевский бүгінгі ғылымдағы астрогеология, ғарыштық медицина, гелиобиология бағыттарының негізін қалады. Адамзатты біріктіретін негізгі күш — мәдениет, ғарыштық этика деген пікірді орыс ғалымы, суреткері, діни философы Н.К.Рерих айтқан болатын. Оның ойынша , бүкіл ғарышта , кеңістік пен уақытта, адамның жан дүниесінде екі ғарыштық күш — Ізгілік пен Зұлымдық бір-бірімен күресте. Олар болмыстық жағынан келгенде тең емес. Дүние Ақиқат, Ізгілік пен Әсемдік жолында өзгертіледі. Тек Жарық сәулесі ғана ғарыштағы қараңғы тұңғиық Хаосты тәртіпке келтіре алады. Н.К.Рерих адамның ізгілігі, жасампаз белсенділіг Ғарыштың дамуындағы негізгі күш екенін паш етеді. Адам — Ғарыштың бір бөлігі, олай болса, ол — мәңгілік, барлығымен байланысты, бәріне де тәуелді, сонымен қатар бәрі де оған тәуелді.


Скачать


zharar.kz