Кәсіпорынның инновациялық қызметі жаңа өнім мен технологиялар өндірісін ұлғайтуға, отандық тауарлардың өтім көлемінің ұлғаюына бағытталуы керек, бұл инновациялық кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын талап етеді

Скачать


Кәсіпорынның инновациялық қызметі жаңа өнім мен технологиялар өндірісін ұлғайтуға, отандық тауарлардың өтім көлемінің ұлғаюына бағытталуы керек, бұл инновациялық кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуын талап етеді.

Инновацияға байланысты кәсіпкерлік екі модельге бөлінеді: классикалық, инновациялық.

Классикалық модель ─ дәстүрлі, өсімпаздық, ескішілдік кәсіпкерлік. Осы модель шеңберінде кәсіпкер пайданы көбейту мақсатында кәсіпорынның ішкі резервтерін қозғалысқа әкеледі және рентабельділікті көтереді. Осы модель бойынша кәсіпкерліктің табыстылығы көп жағдайда федералдық үкімет және аймақтық билік органдарының жағынан субсидиялау, протекционизммен ілеседі.

Екінші модель инновациялық (өнімді немесе жемісті) кәсіпкерлікпен қарастырылады. Сонымен қатар, кәсіпорынның даму жолдарын іздестіруді қарастырылады, оның негізіне соңғы қолдану кезеңіне жеткізілген инновациялар немесе жаңалықтар жатқызылады.

Кәсіпорындағы инновацияның дамуына түрткі болатын себеп кәсіпкерлік қызметтің шығындарын төмендету ынтасы және нарықтық бәсекенің қатты жағдайында пайданың көлемін ұлғайту болып табылады. Ескірген технология мен техниканы қолдану процесінде шығындар орташадан жоғары деңгейде қалыптасады және кәсіпкерлік шығынды болуы мүмкін, егер бәсекелестер өндіріс шығындарын төмендету және ұсынылатын өнім мен қызметтердің төмен бағасының негізінде нарықтағы өтімділік табысына жету жолдарын тапқан болса.

Осыдан әр бір кәсіпорында бәсекелік басымдылықты жасау қажеттігі пайда болады, бұны жүзеге асыру үшін инновацияларды қолдану керек. Сонымен бірге, неғұрлым инновациялық процесс тез жүрсе, соғұрлым табысты қызметтің болуы ықтимал. Өнімді жаңарту және оны дер кезінде нарыққа шығару қосымша пайда алу ықтималдығын жоғарлатады, бұл ғылыми-техникалық рента деп аталады.

Осылайша кәсіпорын инновацияны қолдану арқылы шығындарды төмендетеді, өндіріс көлемін өсіреді, нарықтың өтімділік табысына жетеді, пайда көлемін көбейтеді, кәсіпкерліктің тиімділігін көтеруге және ұлттық экономиканың дамуына ықпал жасайды. Идеяның пайда болуынан бастап жаңалықты практикалық түрде  енгізуге дейінгі  уақыт периоды инновацияның өмірлік цикл деп аталады. Өмірлік цикл 4 этаптан тұрады.

Бірінші этапта фундаментальды зерттеулер ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады, соның нәтижесінде жаңа ғылыми танымдар қалыптасады.

Екінші этап практикалық бағыты бар қолданбалы және эксперименттік зерттеулермен сипатталады.  Бұл этапта теріс нәтижелер алу ықтималдығы жоғары, сондықтан жаңалықты өңдеу жиі тәуекелділік сипатта болады.

Үшінші этапта конструкторлы-технологиялық құжаттамалар дайындалады, ал инновацияның аралық нәтижелері жаңа өнімдердің тәжірибелі үлгілерін және жаңа технологиялардың тәжірибелі қолдануын көрсетеді.

Төртінші этап ─ жаңалықты коммерциализациялау ─ оны өндіріске жіберу уақытынан нарықта тауар ретінде пайда болғанға дейін жалғасады. Тауардың өмірлік циклы осы тауардың нарық өтімінен жоғалып кетуімен аяқталады. Сату көлемінің тауардың өмірлік циклына тәуелділігі 7-суретте көрсетілген.

Кәсіпорынның қызметі табысты болу үшін бизнес-жоспарды өңдеген кезде, өндірілетін өнімнің өмірлік циклдың қандай кезеңінде болуын ескеру керек, бәсекелестердің әрекетін  қадағалап,   инновацияларды жүзеге асыру және жаңа өнімдердің жетілген модельдерінің сату көлемін келешекте ұлғайта беруді қамтамасыз ету.

Инновациялық процестің дамуына әр түрлі факторлар тобы әсер етеді: экономикалық, технологиялық, саясаттық, құқықтық, ұйымдық-басқарушылық, әлеуметтік-психологиялық, мәдениеттік. Кейбір факторлар инновациялық қызметке оң әсер етді, ал басқалары кедергі жасайды.  Мысалы, экономикалық және технологиялық факторлар тобы кәсіпорынның инновациялық қызметіне оң әсер етеді, яғни қажетті қаржы ресурстарын, материалды-техникалық құралдар, прогрессивті технологиялар,шаруашылық және ғылыми-техникалық ішкі құрылымның болуын көрсетеді. Осы факторлар тобы инвестиция үшін құралдардың жетіспеушілігі немесе жоқтығы, материалдық, ғылыми-техникалық базаның әлсіздігі және т.б.      инновациялық қызметке кедергі келтіреді.

Кәсіпорын-инноватор инновациялық жобаны өзінің құрылымдық бөлімшелерінде дайындайды немесе инновациялық кәсіпкерлікке маманданған ұйымды келісім шарт негізінде қатыстырады.

Кәсіпорын-инноватор инновациялық кәсіпкермен инновациялық өңдеулерді жүзеге асыру бойынша келісім шартқа отырады. Келісім шарт тапсырыстың белгілі төлемі аванс түрінде қарастырылуы мүмкін.

Инновациялық кәсіпкер төлемге сәйкес тапсырысты орындау үшін қажетті материалдарды сатып алады немесе негізгі құралдарды жалға алады, ғылыми-техникалық кадрларды қатыстырады. Тапсырыс берушіге аяқталған өңдеулерді одан әрі қарай қолдануға беріледі.

Инновацияларды қаржыландыру  кез келген инвестицияларды қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады, яғни өзіндік қаржыландыру, несиелік құралдар, басқа аралас немесе дәстүрлі емес көздер, бюджеттен тыс қорлар, әр түрлі деңгейдегі бюджеттер.


Скачать


zharar.kz