Демікпемен ауыратын науқастардың иммунограмманың көрсеткіштері туралы қазақша реферат

Скачать

Демікпемен ауыратын науқастардың иммунограмманың көрсеткіштері туралы қазақша реферат

Демікпе (Бронхиалдық астма) ғаламдық проблема болғандықтан, көп ғасырлар бойы зерттеушілердің назарын өзіне аударады.

Демікпе кең таралған аурулардың бірі болып табылады. Ол қалай бала кезінде және солай өмірдің кез-келген мерзімінде пайда бола алады. Оның даму жайындағы ғылыми болжамдарды оптимистік деп санауға болмайды[2]. Әлемдегі демікпемен ауыратын науқастардың саны 1998 жылы 155 млн. адамға бағаланды. Ал Қазақстандағы демікпемен ауыратын адамның саны 1999-2007 ж. ж. (100 мың адамға) 60 мың адамға тең болды.

GINA (2007) бойынша демікпенің анықтамасы:  “ Демікпе – бронхылардың кері обструкциясының болуы, бронхылардың шырышты қабықшасындағы қабыну процесінің болуы, бронх жолдарының жоғары сезімталдығының болуы сияқты белгілер тән, тыныс алу жолдарының созылмалы қабыну ауруы .”

Зерттеу мақсаты – демікпе кезіндегі иммунологиялық көрсеткіштердің өзгеруін зерттеу.

Материалдар мен әдістер.

Негізгі иммунологиялық көрсеткіштер Астана қаласының онкологиялық диспансердің пульмонологиялық бөлімінде ем алған, демікпемен ауыратын  көрсеткіштер Астана қаласының онкологиялық диспансердің пульмонологиялық бөлімінде ем алған, демікпемен ауыратын 30 адамда зерттелген. Олардың ішінде 19 әйел және 11 ер адам болды. Науқастардың орта жасы 38 жас болды.

Науқастардағы әртүрлі ауырлық деңгейіне байланысты, яғни, жеңіл персистирленген, орта және ауыр деңгейде, әрбір топта 10 адамнан зерттеу жүргізілді.

Иммунологиялық өзгерістерді бағалау үшін 5 мл мөлшерде қан алынды, антикоагулянт – гепарин. ρ = 1,077 г мл фиколл – верографин тығыздық градиентінде лимфоциттер бөлініп алынды. Beckman Coulter фирмасының  FC-500 Cytomics  цитофлюорометрде нәтижелерді ескере отырып, HLA-DR+ және CD3+, CD4+, CD8+, CD19+, CD56+ сияқты лимфоциттердің беттік антигендеріне моноклоналды антиденелердің панелін қолдануымен тікелей емес мембрандық иммунофлюоресценция тәсілімен лимфоциттердің субпопуляциялық сараптама жүргізілді.

Қан сарысуының A, M, G иммуноглобулиндерінің концентрациясын иммуноферменттік әдіспен анықтады. Фагоциттердің функциясын спонтанды нұсқада (ЛПС E. Coli ) Парк әдісімен НСТ- тестте бағалады [4]. Сау адамдардың бақылау тобы 18-45 жас арасындағы 32 адамнан құралды.

Нәтижелері.

Иммунологиялық тексеру үшін біз 18-47 жас арасындағы демікпемен ауыратын науқастарды іріктеп алдық. Бұл қажеттіліктің себебі – бұл жас арасындағы топтарда иммундық жүйесінің функционалдық белсенділігі бір деңгейде болады.

Болжамдық және диагностикалық мақсаттар үшін абсолюттік жасушаларға қарағанда, қан жасушаларының құрамындағы салыстырмалы көрсеткіштер ақпаратты болып саналады. Қан жасушаларының абсолюттік көрсеткіштері биологиялық ырғақтарға, тамақ қабылдау уақытына, физикалық және эмоционалдық жүктемелердің ықпалына ұшырайды. Салыстырмалы көрсеткіштер (пайыздық қатынас) тек ағзаның иммундық реакцияның процестерінде ғана елеулі өзгереді [5].

Иммундық жүйе демікпенің дамуындағы сияқты, аурудың патологиясында да маңызды рөл атқарады деп саналады [6].

Науқастардың иммундық статусындағы ең анық өзгерістер ауыр дәрежелі демікпемен ауыратындарда анықталды. T –және B-белсендірілген жасушалардың (HLA-DR) көрсеткіштері жоғарылаған, табиғи киллерлердің (CD56+) абсолюттік мөлшерінің төмендеуін байқадық. Нейтрофилдердің фагоцитарлық белседілігі бұзылған, сіңірілген бөлшектердің саны төмендеген.

HLA-DR мембраналық молекулалар T-хелперлерге антигендерді, соның ішінде аллергендерді де таныстыруда тікелей қатысады. Атопия кезінде CD3+  HLA-DR+ салыстырмалы мөлшерінің көбеюі моноциттердің, B- лимфоциттердің, сонымен қатар бұл рецепторды экспрессиялайтын T- лимфоциттердің (CD4+, CD8+) белсенуімен ассоциацияланады [7].

Аурудың орташа дәрежелі науқастарда табиғи киллердің (CD56+ — жасушалар) абсолютті және салыстырмалы мөлшерінің төмендеуі, T- белсендірілген және B- лимфоциттердің (CD19+) пайыздық мөлшерінің жоғарылауы байқалды.

Осымен, ауыр және орташа дәрежелі ауыртпалығы бар науқастарда T- (CD3+HLA-DR) жоғарылауы анық байқалды. Жеңіл персистерленген демікпемен ауыратын науқастармен салыстырғанда бұл топтардағы B- лимфоциттердің (CD19+) мөлшері де жоғары болды

Иммунитеттің гуморалді тізбегінің көрсеткіштерін бағалаған кезде, жеңіл персистерленген ағымды астмамен ауыратын науқастарда Ig M мөлшері 2 есе жоғары болғаны анықталған.

Ауыр дәрежелі демікпемен ауыратын науқастарда нейтрофилдердің фагоцитарлы белсенділігінің төмендеуі байқалған (латекс). Жеңіл персистерленген демікпемен ауыратындармен салыстырғанда, ауыр ағымды демікпемен ауыратын науқастарда сіңірілген бөлшектердің орташа саны 2 есе төмен болды.

Осымен, өткізілген зерттеудің нәтижесінде біз аурудың ауырлық дәрежесіне қарай демікпемен ауыратын науқастарда иммунологиялық дисфункцияның көрсеткіштерін алдық. Перифериялық қандағы T- белсендірілген лимфоциттердің мөлшерінің жоғарылауы, NK- жасушалардың абсолютті мөлшерінің төмендеуі (CD56), нейтрофилдердің фагоцитарлық белсенділігінің және сіңірілген бөлшектердің орташа санының төмендеуі сияқты белгілер ауыр ағымды демікпе кезінде байқалады.

Қолданылған әдебиеттер

1. Глобальная стратегия лечения и профилактики бронхиальной астмы. Пересмотр 2002 г.: Пер. с англ. под ред.А.Г. Чучалина. М.; 2002.

2. Федосеев Г.Б, Трофимов В.И. Бронхиальная астма: Руководство. СПб.: Нормедиздат; 2006.

3. Огородова Л.М., Федорова О.С. Европейские данные в поддержку использования теста по контролю над астмой АСТ™: исследование AIRE. Атмосфера 2005; 4 (19): 46–48.

4. Булкина О.З., Маркова Т.П. Клинико-иммунологическая характеристика больных с круглогодичным аллергическим ринитом с очагами хронической инфекции рото- и носоглотки Иммунология.- №1.- 2007. – С. 46-49.

5. Trinchieri G., Biology of natural killer cells Adv. Immunol. — 1989. Vol. 47. — P.187-386.

6. Зарембо И.А. Хроническая обструктивная болезнь легких: распространенность и смертность Аллергология.-2006.- С.39-43.

7. Булгакова В.А. Клиническое значение изучения маркеров активации и апоптоза иммунокомпетентных клеток при атопической бронхиальной астме у детей Педиатрия.-2009.Т.87.-№2.- С.12-18.
Акимбекова Э.М., Акпарова А.Ю.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті.


Скачать


zharar.kz