Бұрғы, бұрғының түрлері туралы қазақша реферат
Бұрғы бетін материалды тесу немесе алдын ала тесілген тесіктің диаметрін үлкейтуге және конустық тесіктерді тесуге арналған кесу аспабы.Бұрғының ең көп таралған түрлеріне спиральді қауырсынды (перол) сақиналы, электрлі және кешенді (комбинированный) бұрғылар жатады. Бұрғылардың шығарылу көлемі аспаптық заводтың барлық шығарылатын өнімінің 20% құрайды. Бұлардың ең көп тараған түріне спиральді бұрғылар жатады. Жасалу дәлдігіне байланысты бұрғылар жалпы мақсатты және дәл болып бөлінеді. Бұрғыны лигерленген 9ХС таңбалы болаттан Р6М5 және т.б. тез кескіш болаттан, сонымен қатар ВК6-Н, ВК8, ВК10-Н таңбалы қатты қорытпамен жабдықталып жасалады. Бұрғы 1-жұмыс бөлігін 2-жұмыс бөлігіне кіретін кесу бөлігі; 3-мойынша; 4-құйрықша; 5-поводок.
Қиын өңделетін материалды тескенде көп жағдайда ВК қатты қорытпалы пластинасы бар бұрғыларды қолданады. Сондықтан мұндай бұрғылар ішінен салқындатқыш сұйықтық өту арқылы суытылады. Мұндай бұрғылардың тістерінде, қауырсындарында сұйықтық өту тесіктерді бұрғыларды және олар құйрықшада жалғасады. Құйрықша 12МПа (12 л мин) қысыммен сұйықтықты кесу қырына жеткізіп тұратын арнайы патронға бекітіліп отырады.
Қауырсынды бұрғылардың конструкциясы жасалуы өте қарапайым қауырсынды бұрғылардың ұшы жүзделген пластиналардан тұрады. Бұл бұрғылар диаметрі 0,12-1мм арасындағы кішкентай тесіктермен диаметрі 80мм артық үлкен тесіктерді тесуге және жөндеу жұмыстарында қолданылады. Терең осьтік түзу сызықтан ауытқуы аз тесіктерді ұшы оське қатысты ығыстырылған бірқырлы кесу бұрғылармен аламыз. Мұндай ығысу бұрғылау кезінде қарсы конус қалыптастырады. Соның салдарының бұрғының бағыттауыш пластинасы тесіктің бүйір қабырғасына суйемелденуі осьтік түзу сызықтан ауытқудан азайтады.Бұрғылау алдын ала із салынған тескіште немесе кондукторлық төлкеде жүргізіледі. Бұрғының ішіндегі тесік арқылы жұмыс бөлігіне СОТС (майлау салқындатқыш тасымалдатқыш қоспа) жіберу арқылы суытылады және сұйықтық кері жолында канавка арқылы жүріп жоңқаны сыртына шығарады, сонымен қатар диаметрі 80-200мм және одан да жоғары өтпелі тесіктерді сақиналы бұрғылармен алады. Мұндай бұрғылармен тек сақиналы беттер тесіледі. Ортасындағы тесікте әрі қарай дайындама ретінде қолданылатын стержень қалдырылады.
Центрлі тесіктерін алу үшін центрлеуші кешендендірілген бұрғылар қолданылады. Олардың 2 типі бұрғыларды А және В түрі. А- сақтандыру фаскасы бар, В- фаска жок.
Бұрғылар міндетімен құрылысына байланысты келесі түрге бөледі. Серіппелі, қауырсынды, терең бұрылатын, центрлейтін, берік қоспалы, пластинкалы т.б. Серіппелі бұрғылар ең кеңінен тараған. Терең (ұзындығы бес диаметрден жоғары) тесіктерді бұрғылауға арнайы бұрғыларды қолданады. Берік қоспалы пластинкалы бұрғылар төзімді, жұмысы тиімді болып келеді. Олардың жырғалары тіке бұрандалы немесе еңкіш болады.