Антарктиданың жануарлар дүниесі туралы қазақша реферат

Скачать


Антарктиданың жануарлар дүниесі туралы қазақша реферат

Антарктида жер бетіндегі жануарларға кедей. Жер бетіндік сүтқоректілер онда жоқ, алайда кейбір құрттар, төменде сатыдағы шаян тәрізділер мен қанатсыздар насекомдар кездеседі.Қанаттарының жоқ болуы аймақта күшті жел соғуымен және насекомдардың ауаға көтеріле алмауымен түсіндіріледі.Антарктика аралдарында қоңыздардың, өрмекшілердің, тұщы суда тіршілік ететін моллюскалардың бірнеше түрлері,ұшпайтын көбелектің бір түрі табылды.Тұщы су балықтары жоқ.Құстардан құрлыққа өмір сүретін ақ ржанка,конек,Оңтүстік Георгия аралында ұя салатын үйректің бір түрі белгілі.

Антарктиданың жер бетінің фаунасы осындай кедей болғанымен, теңіздегі және жартылай құрлықтағы жануарларға бай.Омыртқасыздардан сүтқоректілердің, құстар мен балықтардың негізгі азығы болып саналатын ірі шаянн тәрізділер айрықша көп.Ірі медузалар қызықты.Көптеген балық нототенді және ақ қанды шортанның эндемиялы тұқымдастарына жатады.Сүтқоректілердің ішінде ескек аяқтылар мен киттер көптеп кездеседі.Ескек аяқтыларға қазіргі әр түрлі түлендер мен құлақты түлендер жатады.Қазіргі түлендердің ұзындығы үш метрге жететін Уэделл түлені көп таралған.Ол жылжымайтын мұзды алқаптарда тіршілік етеді.Түлендердің басқа түрлері көшпелі мұздарда кездеседі.Бұл-шаян түлен мен терісі өзгеше теңбіл түсті түлен-қабылан.Түленнің ең ірісі-теңіз пілі-қазіргі уақытта күшті құртылып жіберілген, алайда оны субантарктидалық аралдардың жағалауларынан көруге болады.

Антарктида суларында қазіргі кезде кездесетін сүтқоректілердің ірісі-мұртты және тісті киттерге бөлінетін кит тәрізділер мекендейді. Мұрттылардың ішінен көк кит финвал, горбач,сейвал және нағыз киттерге бөлінеді.Ең ірісі-көкшіл кит немесе блювал.Антарктикада ауланған көк киттердің ішіндегі ең үлкенінің ұзындығы 33метрге жеткен.Олар қазіргі кезде құртылып жіберілген және 1967жылдан бері қорғауға алынған.Ірі кит 20 тоннаға дейін таза май береді,160 тоннаға дейін салмақ тартады. Мұртты киттер шаян тәрізділермен қоректенеді.

Антарктиданың тісті киттеріне кашалоттар, құты тұмсықтылар мен косаткалар жатады.Мұның соңғысы арқасында үлкен өткір жүзу қанатымен-шалғымен жабдықтанған, тіпті китке де елеулі жарақат салатын аса қауіпті жыртқыш болып саналады.

Антарктиданың құстары айрықша өзгеше.Олардың бәрі суда тіршілік етіп, балықпен немесе ұсақ теңіз жануарларымен қоректенеді.Олердың ішінде жарғаққа ұқсас қысқы қанатты құс –пингвиндер.Антарктикада пингвиндердің 17 түрі мекендейді.Антарктида жағалауы мен пак мұздарында ең көп тараған түрі-Адели пингвиндері.Ең ірісі-императорлық пингвин, оның салмағы 50 кг жетеді.

Пингвиндердің көптеген түрлері аймақтың солтүстік шекарасы бойын,субантарктикалық арал жағалауларын мекендейді. Оған склатер, алтын айдарлы пингвин мен кейбір басқа пингвиндер жатады. Жаз уақыттарында Антарктикаға дауылпаз, шағала, суқұзғын ұшып келеді. Құстардың ішіндегі ең ірісі — альбатрос, оның қанатының жайылуы  альбатрос, оның қанатының жайылуы 3,5 метрге жетеді. Кейбір дауылпаздар материктің түкпіріне дейін барлық құстардан алысқа ұшып барады және жекелеген нунатактарда кездеседі.


Скачать


zharar.kz