Қазақ тілі әдістемесі

Скачать


ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫН  ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕРІ туралы қазақша реферат

  Бүгінгі уақытта қазақ тілін білу – заман талабы екені  әр адам қазір өте жақсы түсінеді. Қазіргі ақпарат ғасырында студентке меңгерілуі тиісті оқу материалының көлемі орасан зор.

Қазақ тілін үйренуде грамматика маңызды рөл атқарады. Әр адам өз ойын жекізу үшін, грамматикалық дағдыны жақсы білу керек. Қандай тілді үйренсек те сол тілдің грамматикасын толық игеру үлкен теориялық білімді қажет етеді.

Оқу барысында кейбір студенттер грамматикалық материалды компьютер арқылы жасағанын жөн көреді, ал кейбіреулері  оқулықтарда берілген жазбаша жаттығуларды орындағанын ұнатады. Үйретудің әдіс-тәсілдері өте көп, сондықтан өз тәжірибемнен алынған әдістерді ұсынудамын.

Грамматикалық тапсырмаларды орындау барысында студенттердің ойлау қабілеті дамып , оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асырылады. Әр студент берілген грамматикалық тақырыпты жақсы меңгерсе, жеке іскерліктер мен дағдылар, ойлауға үйрену, берілген тапсырмаларды дұрыс жетілдіруге мүмкіндік береді.

Мысалы, септіктерді оқыту – студенттердің күнделікті өмірде дұрыс қолдана білуге үйрету. Қазақ тілінде  берілген теориялық білімді практикалық жұмыстармен ұштастырып отыру, студентті өз ойын еркін  жеткізуге дағдыландырады. Ал оқытушылардан жаңа әдістерді, шығармашылық ізденістерді талап етеді. Әрбір оқытушының негізгі міндеті- студенттерге терең де, тиянақты білім беру.  Ұсынылып отырған әдістер түрлері  көп жылдар бойы жинаған материалдардан жасалған.

Өз тәжірибемде сабақтағы теориялық білімді практикалық тапсырмаларды орындау арқылы ұштастыра отырып, оның берілу түріне, тәрбиелік, білімділік мазұнына ерекше көңіл бөлемін. Себебі, студенттер бойында белсенділік, мақсат, көздеушілік, жауапкершілікті сезіне білу сияқты саналы көзқарас,  жақсы қасиет қалыптасатыны белгілі.

Сабақта грамматикалық тапсырмаларды орындағанда, коммуникативті бағытты дамытып, қарапайым тілде  сөйлеуге    мүмкіндік береді. Грамматикалық тапсырмалардан басқа шағын мәтіндермен де жұмыс жасауға болады. Оларды түсініп , аудару арқылы тіл дамыту, байланыстырып, сөйлеуді жетілдіру мәселесі қойылып отыр.

Мысалы, Ілік септігін түсіндірген кезде грамматикалық мәліметін беріп, теориялық тақырыпты бекіту үшін арнайы тапсырма беріледі: Ілік  септікті сөздермен тіркесетін септеулік шылаулар келесі: алды, арты, үсті,жаны, іші, шеті, сырты, басы, соңы, аяғы, ортасы, арасы,бойы, тұсы, түбі,қарсысы  және т.б.

Мысалы: үйдің алды- перед домом

Үстелдің үсті- на столе

Ғимараттың сырты- снаружи здания

Бөлменің ортасы- середина комнаты

Көшелердің арасы – между улицами

Даңғылдардың бойы – вдоль проспектов

Дәрісхананың қарсысы – напротив аудитории

Университеттің іші – внутри университета.

Тапсырма: берілген сөз тіркестерді  қазақ тіліне аударыңыз.

Перед домод, за зданием, на поверхности стола, около аудитории, возле библиотеки, в тетради (внутри), на краю стола, начало сочинения, конец фильма, середина комнаты, между кабинетами, вдоль проспекта Абая, вершина горы, у магазина, напртив университета, возле нашей улицы, напротив автовокзала, между улицами Алтынсарина и Баймагамбетова, внутри дома, снаружи бани, в середине книги, перед вокзалом, в конце урока.

Тапсырма: берілген сөйлемдерді аударыңыз.

1. Их дом расположен перед Акиматом.

2. Внутри университета очень красиво!

3. Ее школа расположена между улицами  Алтынсарина и Баймагамбетова.

4. Перед моим домом стоит бльшой продуктовый магазин.

5. По середины  комнаты лежит большой, красивый ковер.

6. Около дома мы посадили большое дерево.

7. Между двумя городами он ездит на автобусе.

8. Верхушка горы была в снегу.

9. Под столом лежали мои книги.

10. Около сотового телефона находились ее очки.

Ал қазақ тіліндегі шақ категориясын оқыту барысында  етістіктің шақ формаларының жасалу жолдарын ережені жаттау  түрде бермей, тірек сызбалар арқылы үйретудемін. Тірек сызбаларды  беріп, студенттерге дәптерлеріне көшіртіп, түсіндіру кезеңіне кірісемін. Ережені жаттап алғаннан гөрі сызбалар көп есте қалатын болады. Бұндай тәсілдер біраз жақсы нәтиже береді.

Қазақ тілін орыс тілді аудиторияға үйрету барысында етістікті меңгерту өте қиынға түседі. Студенттер шақ категориясын мұқият меңгеріп алса, кейіннен сөйлем құрай отырып, төселіп сөйлеп кетуге жол ашылады.  Шақ категориясына байланысты тапсырмаларды  орындаған сайын студенттер үнемі тірек сызбаларды  бірте-бірте естерінде сақтап, тіпті жаттап алатын болады.

Етістіктің шақ категориясын тірек сызбалар арқылы үйретудемін. Грамматикалық тақырыбы бойынша ұсынылған тірек сызбалар және тақырыпты бекіту үшін берілген жаттығулар бастауыш сатыға арналған. Өзімнің жұмыс тәжірибемде практикалық қазақ тілі сабақтарында ұсынылған тірек сызбалар мен практикалық материалдарды үнемі пайдаланып отырамын. Студенттер ережені жаттап алмай, тек қана тірек сызбаларға қарап , сөйлемдерді  құрастырып, өз ойларын еркін түрде жеткізе алады. Ережені жаттап алғаннан көрі, студенттер, біріншіден, көзбен көріп, еске сақтау қабілеттерін арттырып; екіншіден, білімге деген құштарлығын, ынтасын дамытады.

Студенттер ережені тірек сызбалар арқылы ұғып алса, оларды сабақта жиі пайдаланып отырса, оқу жүйесін жақсы түсінетін болады.

Берілген тірек сызбаларды пайдалана отырып, студенттерге грамматиканы кеңінен және керекті ережені қолдануларына мүмкіншілік туғызуға болады. Сабақ барысында көп сөйлемей-ақ сабақ негіздерін қысқа да нұсқа ұсынып, шығармашылық ой-өріс жүйесін арттыруға жағдай жасалады. Тірек сызбаларды, әсіресе, орыс тілді аудиториясында  қолданғанда, жақсы нәтиже береді. Студенттер аудару жұмысын орындағанда грамматиканы оңай түрде қолдана алатын болады.                                                                                     

Тапсырма:  сөйлемдерді аударып, етістіктің құрамын көрсетіңіз.

1.     Мен хат жазып отырмын.

2.     Сіз құжаттарды толтырып отырсыз.

3.     Ол үлкен үйде қонақты күтіп отыр.

4.     Біз сабақта бақылау жұмысын жасап отырмыз.

5.     Сендер ұялы телефонмен сөйлесіп отырсыңдар.

Тапсырма: берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1.     Я отправляю СMС сообщение своей подруге.

2.     Арман гуляет с друзьями.

3.     Ты  свободно говоришь на казахском языке.

4.     Она ждет меня дома.

5.     Мы пишем письмо своим друзьям в Астану.

Тапсырма: көп нүктенің орнына етістіктерді қойыңыз.

1.     Мен сабақ оқып …  . 2. Абай оқу залында дайындалып …  . 3. Сәкен хат жазып …  . 4. Біз паркте әңгімелесіп …  . 5. Тыңдаушылар сабақ жазып … … 6. Біз үйімізде теледидар қарап … . 7. Баласы еденде ойнап … 8. Мен диванда демалып… . 9. Сен қайдан көшіріп … . 10. Студенттер дәріс жазып … .

Жоғарыда менің  ұсынып отырған тек қана сабақ барысында жиі қолданылатын жұмыс түрлері. Қазақ тілінің грамматикасы бойынша одан ары бекітуге берілген материалдардарды  пайдалануға болады.

                                       Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Е. Нурсипбаев. Араб тілінің грамматикасын оқыту жолдары. Методика обучения иностранному языку. — № 3., 2011- 22-27б.

2. К.Есмамбетова. Ағылшын тілі грамматикасын үйретудің оңтайлы әдіс-тәсілдері. Методика обучения иностранному языку. — № 3., 2011- 6-7 б.

3. Мухамадиевава Н. Грамматиканы оқыту керек пе ?.-: Қазақ тілі әдістемесі. № 6 , 2008 ж. (11 — 13 б.).

4. Ф.Сарманова. Етістіктің шақ категориясын тірек сызбалар арқылы оқыту. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының  Жаршысы , № 4, 2011 ж. (17).


Скачать


zharar.kz