Моноклоналды антиденелердің байланысу константасын J. Betty et all

Скачать


 Моноклоналды антиденелердің байланысу константасын J. Betty et all. әдісімен анықтадық. Бұл үшін иммунологиялық реакцияларға арналған полистеролды планшеттің үш қатары GP-51 P-24 лейкоз антигені, яғни 0,01 мг мл және тағы үш қатары оңтайлы концентрациядан екі есе аз, яғни 0,005 мг мл мөлшерінде антигенмен сесибилизацияланды. Түні бойы +40С –та қалдырылған планшетті твин-20 қосылған фосфатты тұз ерітіндісімен  үш рет шайды.

Асцит сұйықтығынан тазартылып алынған моноклональды антиденелерді 0,005 мг мл-ден бастап үш қатарға титрлеп, 1,5 сағат термостатта (+370С) ұстады. Планшетті жоғарыда көрсетілгендей, шайғаннан соң, пероксидазамен таңбаланған тышқандардың иммуноглобулиндеріне қарсы антиденелерді құйып тағы да 1 сағат 370С –та қалдырды. Субстратты шұңқыршықтарға үлестіргеннен кейін антигендермен байланысқан антиденелердің концентрациясын сектрофотометр көмегімен анықтады. Оңтайлы концентрациясындағы антигендермен әр түрлі мөлшердегі моноклоналды антиденелердің байланысу нәтижелері белгілі болғаннан кейін,  байланысу константасы мына формуламен анықталды:
К б= _____1_________          4 МКА – 2МКА
мұнда: Кб-моноклоналды антиденелердің байланысу константасы; 4МКА-моноклоналды антиденелердің 50%-ының екі есе аз алынған антигендерінің концентрациясымен максимальды байланысқан иммуноглобулиндердің мөлшері, мг мл; 2МКА – моноклоналды антиденелердің 50-%-ының оңтайлы концентрациясындағы антигендерімен максимальды байланысқан иммуноглобулиндердің мөлшері, мг мл.


Скачать


zharar.kz