МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ПАЛЕСТИНА МӘСЕЛЕСІНІҢ ДА БОЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ. 5
1.1 Палестина мәселесінің пайда болуы және екіге бөлінуі. 5
1.2 Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы 8
2 1948-1956 ЖЫЛДАР АРАСЫНДАҒЫ ПАЛЕСТИНА МӘСЕЛЕСІ 15
2.1 Бірінші араб-израиль соғысы: пайда болу себептері, жүрісі, нәтижесі 15
2.2 Екінші араб-израиль соғысы: басталуы, жүру барысы, нәтижесі. 25
ҚОРЫТЫНДЫ 33
СІЛТЕМЕЛЕР 34
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 35
КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы — “Таяу Шығыс мәселесінің пайда болуы және оның 1970 жылға дейін дамуы”.
Таяу Шығыс мәселесі сол аймақта екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болған және бүгінгі күнге дейін шешімін таба алмай келе жатқан ең шиеленіскен мәселелердің бірі болып табылады. Сонықтан да болар, қазіргі кезде Таяу Шығыс дегенде, өкінішке орай ең алдымен араб-израиль конфликтісі еске түседі. Ол тіпті сол аймақтың ерекшелігі болып, “ондағы оқиғалар басқаша емес, осылайша дамуы керек” деген жалған ой қалыптастырды. Ресми түрде осыдан 58 жыл бұрын пайда болған бұл мәселе бүгінгі таңда өте маңызды және әлі шешілмеген проблемалардың бірі болып отыр. Оны көптеген авторлар әр түрлі қарастырады, проблеманың күрделілігі соншалық, оны тіпті бір жақты қарастыру мүмкін да емес.
Таяу Шығыс мәселесі, Палестинаның 5 млн. араб халқы туралы сөз қозғағанда, оны тек қасірет деп қана анықтауға болады. Көптеген жылдар бойы жалғасып келе жатқан және жыл сайын тереңдей беретін бұл проблема қашан шешілетіні белгісіз. Палестина арабтарының бір емес ұрпағы осы қасіретті көріп өскен, өзінің туған елінде бейбіт қатар өмір сүре алмаған, тіпті қасиетті жер болып табылатын мәңгілік Иерусалим қаласын да көрмегендер қаншама! Барлығына себепші-сионистер, олардың саясаты және олардың қолдаушылары деп айтсақ қателеспейтін шығармыз.
Егер Палестина мәселесін жалпы қарастырсақ, оның бүкіл Палестинаны еврей мемлекетіне айналдыруға тырысатын сионистер мен бұл аудандарда бұрыннан бері өмір сүріп, көпшілікті құраған және өздігінше дамуға тырысқан арабтар арасындағы конфликтіден туындағаны белгілі болады. Палетиналықтар мемлекетін құру үшін түріктермен (Осман империясы), Ұлыбританиямен, ал енді Израильмен күресіп отыр.
Бұл тақырып қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде өте өзектілердің бірі болып табылады. Бұл проблема Таяу Шығысты реттеуде ең маңызды, ең негізгі проблема болып табылады. Ол тек қана Палестина мен Изрильге немесе араб әлеміне ғана қатысты емес, сонымен қатар бүкіл дүниежүзілік қауымдастыққа да әсерін тигізеді. Меніңше, егер дүние жүзінің барлық елдері бұл мәселені шешуге мүдделі болса, ол бұрын-ақ шешіліп қойылушы еді. Алайда, проблеманың мәні сол-ол бәрінің мүддесінен шыға бермейді, ол барлығы үшін тиімді болып табылмайды.
Менің мақсатым Таяу Шығыс мәселесін мүмкіндігінше түпкілікті зерттеп, оны талдап беру болды. Ол үшін мен алдыма бірнеше мақсаттар қойдым:
— Халықаралық қатынастардағы Палестина мәселесін қарастыру;
— Түрлі өткен конференциялар, қабылданған қаралар мен шешімдерде және жасалған жоспар-жобаларда Палестинаның жағдайын анықтау;
— Таяу Шығыс мәселесінің түпкілікті шешілмеуінің себептерін анықтау.
Курстық жұмысым әдеттегідей үш бөлімнен-Кіріспе, екі тарауға бөлінген Негізгі бөлім және Қорытындыдан тұрады.
Курстық жұмыс 36 бет