Адамзат қоғамының минералды - шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес

Скачать


Адамзат  қоғамының  минералды – шикізат  ресурстарын  пайдаланбай  өмір  сүруі  мүмкін  емес. Пайдалы  қазбалар  қалпына  келтірілмейтін  ресурстарға  жатады. Ал  бұл  олардың  көпшілігінің  қорларының  уақыт  өте  келе  толығымен   таусылуы  мүмкін  екендігін  көрсетеді.

Қазақстан – жердегі  минералды – шикізат   базасына  бай  аздапған  елдердің  бірі. Әлемдегі  алынатын  55 түрлі  пайдалы  қазбалардың  ( олардың  29 –ы металдар) Қазақстанда  39 –ы  алынады. Салыстырмалы  түрде  алсақ  жоғар  көрсеткіштер  тек  Ресейде – 49, Қытайда – 45, Австралия  және  АҚШ – 42, Бразилия – 41  түрлі  пайдалы  қазбалар  өндіріледі.

Мұнай  мен  табиғи  газ   қорлар  бойынша  республика  әлемі  елдерінің  бірінші  ондығына  кіреді, мұнда  тас  және  қоңыр  көмір, темір, хормит, қорғасын, мырыш, мыс, уран  және  сирек  кездесетін  металдар  т.б. табылған.

Аталған  пайдалы  қазбалардың  түрлерін   өндіру, қайта  өңдеу  және  байыту  процесінде  литосфера  мен  тұтас  қоршаған  орта  жағдайына  неғұрлым  мұнай, табиғи  газ  концентраттарын  өндіру  ықпал  етеді.

Республикамызда  197 мұнай  және  газ кен   орындары, олардың  ішінде 102  мұнай, 29  газ  конденсаты, 30 мұнай –газ  конденсаты, 6  мұнай –газ,   11 газ  конденсаты  және  12  газ  кен  орындары  ашылған. Мұнайдың  ашылған  кен  қорлары  3млрд. тоннасы, ал  газдың  анықталған  қорлары

3 трлн. Текше  метрді  құрайды. Негізгі  мұнай  мен  газды  өндіру  Батыс Қазақстанда  жүзеге  асырылады. Онда  мұнайдың  90,4% және  газ  конденсатының  100% өндіріледі. Бұл регион  Қазақстан   территориясындағы  неғұрлым  ластанған   және  экологиялық  жағдайы  нашар  аудандар қатарына  жатады. Тау – кен  өндіру  өнеркәсәбәнің  мұнай  өндірі  саласы  жеке  тұрғыдыан алғанда  да басымдық  маңызға  ие  ( 2030 жылға  қарай  мұнай  өндіруді  жылына  қарай   150 млн.т – ға  дейін  жеткізу  болжамын  есепке  алғанда).( 13 сурет

Тас көмір мен қоңыр көмір өндірудің де экологиялық салдары бар.қоршаған ортаның эколргиялық жағдайына негативті әсер ететін отын ресурстарының басқа түрлерінің ішінен уран рудаларының ірі кен орындарын атап өтейік.

Сондай ақ темір , марганец , хром , қорғасын , мырыш мыс  рудаларын ,алтын , фосфориттер , құрылыс тастары , мен минералды шикізат ресурстарының басқа да түрлерін өңдеумен және қайта өңдеумен байланысты көптеген рудниктер және карьерлер  табиғи ортаға  жағымсыз  әсер  етеді.Осылардың барлығы қоса алғанда ландшафтар табиғатының литогенді ортасын  қорғау  жөнінде  тиімді  шараларды  қолдануды талап  етеді.

Жер  қойнауларын  қорғау  мәселесі  литосфера  қабаттарынан  минералды шикізатты  рудалы  және  рудалы  емес  пайдалы  қазбалар  түрінде  неғұрлым  толығымен  айырып  алуды  қамтамасыз  ететін  шаралардың  жиынтығын  қамтиды. Жер  қойнауларын  қорғау  жөніндегі  шаралар  кешені  сондай – ақ  рельеф  формасының  сақталуын,  геодинамикалық  процестердің  көрініс  табуда  жоюын  қамтиды.

Осыған  байланысты  пайдалы  қазбалардың  кен  орындарын  кешенді  түрде  өңдеу , минералды  шикізатты  өндіру , өңдеу , және  тасымалдау  кезінде  шығынды  жан–жақты  жоюға  ұмтылу  жер  қойнауын  эксплатациялаудың  басты  қағидасы  болуға  тиіс.Бұл  шығындар  неғұрлым  аз  болған  сайын, соғұрлым  көп  пайдалы  қазбалар  болашақ  ұрпақтың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мақсатында  жер  қойнауында  қала  береді .

Тау–кен  өндіру  өнеркәсібі   қоршаған  ортаға   жан–жақты  әсерін  тигізеді .бұл  рельефтің  өзгеріске  ұшырауынан , карьерлердің , жарлардың , террикондардың  пайда  болуынан  және  тау  жыныстарының  құлауынани  көрінеді.Пайдалы  қазбаларды  өндіру  топырақ , атмосфера , су  бөгендері  мен  жерасты  суларының  сулық  режимінің  жағдаййына  әсер  етеді.Мұның  үстіне  өсімдіктер  мен  жануарлар  тіршілігінің  мән  жайлы  түбірімен өзгереді.Пайдалы  қазбалардың  кен  орындарынөңдеу  тікелей  ландшафтардың  геохмиялық  жағдайына , техногендік  аномалиялардың  пайда  болуына  әсерін  тигізеді.

Өндіру  және  қайта  өңдеу  процесінде  пайдалы  қазбаларды  шала  алу  минералдарды–шикізат ресурстарын  эксплутациялаудағы  басты  кемшілік  болып  табылады.Технологиялық   дамымаудың  нәтижесінде  түсті  металлургияда  өндірілген  рудаларды  байыту  кезінде  алынған  шикізаттың  10-20%  ғана  пайдаланылатыны   ал80-90%  лақтырылатынымәлім  болды.

Бұл  қалдықтар  химиялық  реагенттер  сіңген  тау  жыныстарының  ұсақталған  түрін  білдіреді.Концентраттарды  балқыту  процесінде  материалдың  пайызына  жуығы  шлаққа  айналады.

Байыту  фабрикаларында  өңдеу  процесінде  минералды  шикізат  көп  жұмсалады.Руданың  гегізгі  компоненттерін  айыру  кезінде  қосалқы  лақтырылып  тасталады  да ,  су  мен  жел  эрозиясы  нәтижесінде  жойылып  кетеді.Қосалқы  пайдалы  компоненттердің  жалпы  құны  көбінесе  негізгі   түрдің  құнынан  жоғарғы  болатынын  ұмытпауымыз  тиіс. Өндірістік  қалдықтарды  қайтадан  эксплутациялау  үлкен  экологиялық  және  басқа  да  қиыншылықтармен  жалғасады  және  барлық  уақытта  мүмкін  бола  бермейді.Нәтижесінде  қалпына  келтірілмейтін  табиғи  ресурстар  үлкен  шығынға  ұшырайды.

Қалдықсыз  кен  қалдығы  аз  өндірісті  жасау  жер  қойнауының  байлықтарын    неғұрлым  толық  пайдалануды  және  қоршаған  ортаны  қорғауды  қамтамасыз  етеді.

Жер  қойнауы  ресурстарын   рационалды  пайдалану  және  қорғау  негізінде  келесі  басымдықтар  жатқызылуы  тиіс:

– пайдалы  қазбалар  өндіру  технологиясын  жетілдіру;

– бос, өңделген  жынысты  пайдалану  арқылы  кен  орындарын  кешенді  түрде  өңдеу;

– пайдалы  қазбалар  кен  орындарын  үнемдеп  пайдалану  олардың  іске  жарау мерзімін  ұзартуға  ұмтылу;

– қажетті  жағдайларда  сирек  кездесетін  минералды  шикізаттардың  орнына  басқа  нәрсе  қолдану;

– тау –кен  орындары  игерілген  жерлерді   кеңінен  рекультивациялаужәне  т.б.

Жер  қойнауын  пайдалану  мен  қорғау  тәртібі  мен  мән  жайларын  реттейтін  және  олардың  рациональды , кешенді  пайдаланылуына және  экологиялық  зардаптың  алдын  алуға  бағытталған  құқықтық  нормалар  бар.Табиғатты  қорғау  аясындағы  тау –кен  игеру  қызметі  Жер  қойнауы  және  жер  қойнауын  пайдалану  туралы  Қ Р заңымен  реттеледі.


Скачать


zharar.kz