КӨНЕ ДӘУІР ФИЛОСОФИЯСЫ
Жалпы адамзат тарихында қола дәуірінен темір дәуіріне өту өндіргіш күштердін ширақ дамуына ғана әкеліп соққан жоқ сонымен қатар рулық алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғам орнауына, ой еңбегінің бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінін табиғат құдіреттері алдындағы әлсіздігі мен бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғашқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына, осы негізде абстракциялық оилау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды.Сөйтіп,қоғамдық жаңа жағдайларды түсіндіруге талпынған тың көзқарастар да қалыптаса бастады. Бұл көзқарас күйзеліске ұшыраған қиялы зандылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім мен ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешу негізінде дүниеге келді. Бірақ мұндай көзқарас әлі де болса философия емес еді. Себебі, дүниетанымдық көзқарастың философияға айналуы әлемнің генетикалық бастамасын айқындап, (субстанциясын) тауып және сол түпнегіз ұғымынжалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп қабылдаумен байланысты. Осы тұрғыдан Шығыста да, Батыста да көптеген ойшылдар әр түрлі талпыныстар жасап, алғашқы философиялық ой-пікірдің, ілімдердің қалыптасқаң дамуына мүмкіндік туғызды.
Бірақ алғашқы философиялық ілімдердің денгейі әр жерде әр түрлі және олардың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Мысалы,Шығыс елдерінде ( Ежелгі Қытай, Ұнді, Египет, Вавилон т.б,) қола дәірінен темір дәуірінеөту ұзақ уақыт алғандықтан, ескі дәірге тән әдет ғұрыптар, дәстүрлер, рухани көзқарастар жаңа дәірінде де көп өзгерсіз сақталып қалды. Осыған қоса, әр халыққа тән психологиялық ерекшеліктерді ескертсек, Шығыс, Батыс философиясының кейбір мәселелер төңірегіндегі көзқарастарының жақыңдығына қарамастан олардын айырмашылықтары мен ерекшеліктерінің түсініп, байыптауға болады. Айталық, Ежелгі Шығыс философиясы Антика философиясындағыдан классикалық деңгейге көтеріле алмады. Себебі, Шығыста ежелгі өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуына философиялық ой пікірдің сол кездегі ғылыми жетістіктерімен нашар байланыста болуы Шығыс философиясының діңи мифологиялық көзқарастан күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.