Кіріспе
1. Ипотекалық несиенің нысандары
1.1. Ипотекалық несиенің мақсаты және мағынасы
1.2. Ипотекалық несие түсінігі
1.3. Ипотекалық несиелеу жүйесі
2. АҚ Халық Банкінің ипотекалық оперциясы және бағдарламасы
2.1. АҚ Халық Банктің ипотекалық бағдарламасы
2.2. АҚ Халық Банктің ипотекалық несиелеу процессі
3. АҚ Халық Банкі бойынша ипотекалық несиенің проблемелары және даму перспективалары
3.1. Қазақстан Республикасының дағдарыстан шығу жолдары және ипотекалық несие проблемалары
3.2. АҚ Халық Банкі қаржылық тобының 2008-2010 жылдарға стартегиясы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Ипотекалық несие деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп оның бүгінгі қоғамдағы, экономикамыздағы және ең бастысы банктік саладағы көкейкесті мәселердің бірі болуында және экономикалық теорияның өзектілігінде болып отыр.
Банктік операциялардың маңыздыларының бірі — ипотекалық несие операциясын жүргізу болып табылады. Олар активті және пассивті болып бөлінеді. Банктердің пассивті операциялары өздерінің ресурстарын топтастырады, ал активті операциялары оларды орналастырады. Банк ресурстарының бір бөлігі меншік капиталы арқылы жасалады, пассивті операциялардың ең көп пайда әкелетіні бұл – ипотекалық несие операциялары.[6]
Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 Ұлттық банк туралы және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамызда №2444 Банктер және банк қызметі туралы , Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңдарына сәйкес өз қызметтерін жүзеге асырады.[1,2,3]
Ипотека (грек тілінен аударғанда кепілдік деген мағына береді)- жылжымайтын мүліктің кепілдігі, ол несие берушіге жылжымайтын мүлікті бермейді, тек қана күмән тудырып, ипотеканы қайтара алмайтын жағдайда несие беруші затты өз қолына алып, не істесе де құқылы болады.[4]
Негізгі міндеті — Қазақстанда және онымен шектесіп жатқан көрші елдердегі қаржы рыногының барлық сегменттенрінде: банк, зейнетақы, сақтандыру, бағалы қағаздар және ипотека саласында қызметкөрсететін әрі клиенттер мүддесін көздеуге бағытталған қаржылық топ құру.
— Өнімдер мен қызметтер ауқымы
— Қызмет ету географиясы
— Клиенттері
— Сату арналары
— Стандарттар
Клиенттерге филиалдар желісі арқылы жоғары сапалы қызмет көрсетуді және толық өнім жиынтығын ұсынуды қамтамасыз ететін қызметкерлер құрамын оқытып-үйрету жүйесін құру керек.
Курстық жұмыстың мақсаты – коммерциялық банктерде жүргізілетін ипотекалық операциялардың жүргізілуін, нысандарын Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері мысалында берілген қызметтің анализін зерттеу болып табылады.
Зерттеу объектісі АҚ Халық Банкі болып табылады. АҚ Халық Банктің берілген негізгі мәліметтері, яғни ипотекалық несиелердің қолдану тәртібін осы банк пен шаруашылық ұйымдар арасындағы мысал ретінде алып зерттеймін.
Бұл жұмыс отандық және шетелдік әдебиеттерде өте кең ауқымда зерттеліп жазылған.
Зерттеудің ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметтерінің заңды және нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің статистикалық ақпараттары, жылдық есептер және Қазақстандық коммерциялық банктердің сайттары, басылым материалдары, сонымен қатар АҚ Халық Банктің жылдық есебі құрайды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Курстық жұмыс 36 бет