Қазақстанның беделін қалыптастыру

Скачать


Бәсекелестік  жағдайындағы фирма стратегиясының  түрлері  туризмді дамыту мақсатынан  бары  туындайды. Ол  мақсаттарға  біз  келесілерді жатқызамыз:
сапасы, халықаралық туристік рынок жағдайында өндіруге, сатуға және бәсекелестікке төтеп беретін өнім өндіруге және сатуға қабілетті, рентабельді туризм индустриясын құру жолымен туризмді экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру; республиканың туристік әлеуетін арттыру; тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану; халықтың барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру; тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру; мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бірлескен іс-қимылының тиімділігін арттыру; шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту; әрбір адамның демалу және бос уақытын өткізуге деген құқығын іске асыруы; халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың ізгілік сипатын, бейбітшілік пен сыйластық, нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтау; әділеттілік пен егемендік, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесіне қарамастан, мемлекеттердің ішкі ісіне қол сұқпау; қоршаған ортаға және мәдени игіліктерге ұқыпты қарау; әлеуметтік тепе-теңдік пен даму, жеке адам мен қоғамның игілігін арттыру; туризмді тұрақты дамыту; туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жандандыру; туристік қызметті реттеу жүйесін жетілдіру; туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін одан әрі дамыту; туристік рынокты демпингке қарсы және мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын қабылдау арқылы қорғау; туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; тартымды туристік объект ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыру; ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру; туризм саласындағы ғылыми зерттеулерді тереңдету; туризм саласындағы қызмет көрсетудің статистикалық есебінің әдіснама-сын халықаралық стандартқа сәйкестендіру; туристік объектілерді қайта жаңғырту мен салу үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту жолымен туризм инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру; туристік қызметті стандарттау, сертификаттау мен лицензиялау негізінде туристерге қызмет көрсетудің сапасын арттыру; туризм саласындағы кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту; туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету, теріс әлеуметтік әсерлерді бәсеңдету және мәдени мұраны сақтау; туризм саласындағы келеңсіз үрдістерден арылу.


Скачать


zharar.kz