Қыпшақ хандығы туралы қазақша реферат
ҚЫПШАҚ ХАНДЫҒЫ. Қыпшақ тайпа одағы бірлестігінің қалыптасу кезеңі. Қыпшақтардың этникалық құрамы. Көне тарихы. Қалыптасу кезеңдері. Қыпшақ тайпа бірлестіктері туралы көне тарихи жазба мәліметтер. Қыпшақ тайпаларының алғашқы мекендеген территориясы. Шаруашылығы мен қоғамдық құрылымы. Кимек, қыпшақ және құман тайпалары арасындағы саяси жетекшіліктің қыпшақ тайпалары билігіне өтуі. Олардың оғұздарды Сырдарияның орта және төменгі бөлігінен ығыстыруы.
ХІ ғасырдың ортасынан басталған құман, қыпшақ тайпаларының негізгі бөлігінің оңтүстік орыс жері, Қара теңіз жағалауы далалары мен Византия империясы территориясына дейін жылжуы.
Қыпшақтардың шығу тегі туралы мәліметтер. Қыпшақ тайпа бірлестіктерінің Шығыс Қыпшақ (Ел бөрі) және Батыс Қыпшақ (Тоқсоба рулық әулеттері) бірлестіктеріне бөлінуі.
Шығыс қыпшақ хандары. Ұлы Ұлық (Ұлы хан), Абар хан (Табар хан). Қыпшақ хандығының орталықтары – оң қанаты – Сарайшық, сол қанаты — Сығнақ қалалары. Қыпшақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. Мал – мүлікке жеке меншіктің пайда болуы. Қыпшақтар мен орыс одақтары. Калка өзені маңайындағы орыс – қыпшақ жасақшыларының моңғол әскерлерімен шайқасы. Қыпшақтар Шыңғысхан империясы құрамында. Дешті – Қыпшақ ұғымы. Шаруашылығы, мәдениеті.