ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Банктің ақша айналымын ұйымдастырудағы маңызы
1.1 Ақша айналымы және оның құрылымы
1.2 Банктің мәні және оның нарықтық экономикадағы рөлі
1.3 Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері.
2. Мемлекеттің ақша-несие саясатын талдау
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары
2.2 Ақша – несие саясатының құралдары.
3. Ақша айналысын басқару және тұрақтандыру жолдары
3.1 Шетелдік тәжірибедегі Орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктері.
Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі рыноктық экономикалық жағдайда Банктер және ақша айналысы мәселесі өте өзекті болып табылады. Өйткені, банктің өзіндік ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-қол ақша формасындағы және қолма-қолсыз формадағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде анықтауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Банктер мен ақша айналысын ұйымдастыру тақырыбын зерттеп, оны толықтай ашу.
Ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді .
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмаслуы мүмкін. Өз кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін. Ақша айналысы мен банк түсінігі бір-бірімен тығыз байланысты.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де, эмиссиялық банкке де және т. б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т. б. бір – бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әр түрлілігін көрсетеді.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде зерттеу теория жүзінде жүреді, яғни ақша айналымы мен оны реттеудегі банктердің рөлі қарастырылған.
Екінші бөлімде, тақылып практика жүзінде, яғни ҚР-дағы ақша айналысын басқару және мемлекеттің ақша-несие саясатын талдауы.
Ал үшінші бөлімде ақша айналысын басқару және тұрақтандыру жолдары мен перспективалары қарастырылған.
Курстық жұмыс 37 бет