Экономикалық және әскери күш - қуаты толысып, мәдениеті өркендеген кезеңде

Скачать


Алтын Орда (1243-1503) – орта ғасырларда Шыңғыс хан империясының құрамында Дешті Қыпшақта құрылған түрік мемлекеті; Экономикалық және әскери күш-қуаты толысып, мәдениеті өркендеген кезеңде. (13-14 ғ.) мемлекеттік жерінің көлемі 10 млн. км2-ден асты. Жошы ұлы Бату (Батый)хан тұсында (1227-55) Алтын Орданың құрамына Ресейдің еуропалық өңірі, Балтық теңізінің шығысындағы өлкелер, Польша, Мажарстан, Бұлғарстан, Солтүстік Кавказ, Хорезм, Шығыс және Батыс Дешті Қыпшақ енді (1236-42 ж.) — Бату қолы Орта Азия қыпшақтарының қарсылығын жойған соң, Мәскеу (1238), Киев (1240), Краков (1241), Бреслау (1241), Будапешт (1241) қалаларын алып, Орталық Еуропа, Тракия өңірін, Австрия, Чехия, Словакияны бағындырды. Бату хан тұсында мемлекеттік астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы болып (1243), кейін Берке сарайына (Сарай өл-Жадид) көшірілді. Беркехан билік еткен кезеңде (1257-66) Шыңғыс хан ұрпақтары, оларға ере келген әскерлер мұсылман дінін қабылдай бастады, біртіндеп жергілікгі түркі халықтарының әдет-ғұрпына бой ұсынып, араласып кетті. Алтын Орда мемлекетінің жері Ақ Орда ұлысы, Шағатай, Шайбани ұлысы сияқты аймақтарға, ал олар жекелеген иеліктерге бөлінді. Ұлыс иелігі Шыңғыс хан ұрпақтарына мұрагерлік ғұрыппен, кейде мемлекетке сіңірген қызметтері үшін де берілді. Маңызды мемлекеттік істерді шешу мақсатында жалпы империялық жиналыс – Құрылтай (хурилтай, хурилта) шақырылды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатгы түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Мөңке өлімінен соң (1259) жалпы монғолдық құрылтайлар шақырылмайтын болды. Ибн Баттутаның деректеріне сүйенсек, Шыңғыс әулеті мен әскери-көшпелі ақсүйектердің құрылтайлары ұлыстарда да жыл сайын шақырылып отырған. Ұлыстық құрылтайлардың бірден-бір мақсаты өзара қырқыстарға жол бермеуді көздеді (1269 ж. Талас құрылтайы, 1309 жылы құрылтай). Мемлекетті басқару, көшпелі өмірдің нормалары жаңа жағдайға сай келетін заңдар мен ережелер жиынтығы – Шыңғыс ханның жосынымен (Иасасымен) реттелінді. Иаса түпнұсқада сақталмаған, үзінділер мен мазмұны кысқаша баяндау түрінде ғана белгілі. Иаса қаулылары жөнінде мағлұматтар Ала әд-Дин Ата Мәлік Жуайни мен 15 ғ-дағы араб жазушысы Макризи еңбектерінде келтірілген. Шыңғыс хан Иасасындағы халық ғұрпының дәстүрлі нормаларының кейін қазақтардың Жеті жарғысының кейбір ережелеріне әсері болды. Әскери істі бектербегі, ал азаматтық істерді уәзір басқарды. Даруғалар салық жинаумен айналысса, баскақтар жергілікгі халықты әскери бақылауға алды. Қазақстан аумағы монғолдың 3 ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына кірді. Бату тұсында Жошы ұлысы оң және сол қанат болып екі мемлекеттік орталыққа бөлінді. Оң қанат Бату мен оның мирасқорларының, ал Қазақстанның кең байтақ жерлерін қамтитын сол қанат Жошының үлкен ұлы Орда Еженнің үлесіне тиді. Алтын Орда Бату, Берке хандар тұсында Шыңғыс хан империясының орталығына, ондағы Ұлы құрылтайға шартты түрде тәуелді болғанымен, Мөңке-Темір(1266-80) кезінде империядан бөлініп, дербестікке қол жеткізді. Алтын Орда Туда-Мөңке (1280 — 87), Төле-Бұқа (1287 — 91), Тоқты (1292 -1312), Өзбек(1312 — 42), Жәнібек (1342 — 57) хандар тұсында күшейе түсті. Орда халқы кейіннен қазақ халқы құрамына енген қыпшақ, қоңырат, керей, адай, арғын, уақ, найман, қаңлы тайпаларынан, сонымен қатар Еділ бұлғарларынан, ежелгі хазар ұрпақтарынан, армяндардан, славяндардан, гректерден құралды. Қыпшақ және басқа да түрік тайпаларының ел басқаруда, әскери істе атқарған басым рөлінің басымдылығына байланысты Алтын Орда кейбір шығыс және батыс деректерінде Қыпшақ мемлекеті атанды. Алтын Орданың құрылуы сауда, халықаралық қатынастардың дамуын, орталықтанған билік идеясының өріс алуын қамтамасыз ететін біртұтас саяси жүйенің қалыптасуына себепші болды. Алтын Орда орыс мемлекеттігінің қалыптасуына игі ықпал жасады. Оның территориясында пайда болған мемлекеттер мен иелігіндегі жерлерде мемлекеттіліктің бірқатар түрлері өмір сүрді. Монғол ақсүйектері түркі тайпаларымен, әсіресе, оның ішінде мәдениеті жоғарырақ дамыған қыпшақтармен араласып, сіңісіп кетті. Алтын Орда Анадолымен, Сириямен, Египетпен, басқа да Шығыс елдерімен сауда қатынасын орнатып, елшіліктер алмасып отырғандықтан Ұлы Жібек жолының маңызды бір тармағына айналды. 13 ғ-дың 1-жартысы мен 14 ғ-дың 1-жартысында орнаған мұндай тығыз байланыстар жөнінде К. Босворт Орда мәдениеті белгілі бір мұсылмандық-жер-ортатеңіздік сипатқа ие болды деп жазады. 1312 ж. Өзбек хан Ал


Скачать


zharar.kz