Алтын және бағалы металдар музейі ҚР 1990 жылғы қаулысына сай ұйымдастырылды. Ол ғылыми-зерттеу, мәдени-көпшілік мекеме болып табылады. Музей – көне дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі Қазақстанның зергерлік өнер ескерткіштерін сақтап, қорғап, зерттеп, көрсететін мекеме. Музейдің теңдесі жоқ экспонаты 1969-1970 жылдары Есік қорғанынан К.Ақышев бастаған археологтар тапқан алтын киімдегі жауынгер. Қазақтың зергерлік бұйымдары, жылқы әбзелдері, қару-жарақ, әйелдердің әшекей бұйымдары экспозицияда көрсетілген. Музей кең сипатта ежелгі заманнан кейінгі кезеңге дейін жасалып, қолданылған теңдесі жоқ туындыларды келушілердің көруіне кең мүмкіндік береді.