Логикалық ойлауын дамыту

Скачать


Бұл үйірме жұмысында тапсырмалар, ойын жаттығулар және сауалнамалық сұрақтар Байқампаздар ав. Г.И. Долженко. Қызықты математика Р.Мәженқызы Балаңыз мектепке дайын ба? кітаптарынан алынды.
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың ойын, зейінін, есте сақтауын дамыту.Математикалық ұғымдарды тұжырымдау.Сурет бойынша есеп құрастыруға үйрету.Логикалық ойлауын дамыту.
Үйірме арқылы қоршаған әлемді қабылдауға меңгерген білім-білік дағдыларын қолдануға қабілетті, танымдық құзіреттіліктерді меңгерген мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру.

Қыркүйек: Геометриялық фигура деген не?
1. Бауырсақ қалашығы.
2. Сыр сандық
3. Геометриялық фигуралардан әр түрлі бейнелер құра.
4. Есіңе сақта!
Мақсаты: Геометриялық фигураларды ажыратып атай білуге
үйрету.
Қазан: Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар.
1. Тәуліктің уақытын ата Кеш. Түн. Күн.
2. Аптада неше күн бар?
3. Бұл қай кезде болады
4. Жұмыс күндері қандай?
Мақсаты: Уақытты бағдарлай білуін дамыту.Уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қараша: 1. д-ойын Не қайда орналасқан
Дұрыс жалға
2. д-ойын жаттығу. Үшбұрышпен танысамыз
Мақсаты: Тәулік бөлігін ажырату. Үшбұрышты нүктелер бойынша салу. Күз айларын атау.
Желтоқсан: Зейінді тұрақтандыруға арналған ойын жаттығулар.
1. Өз үйіңді тап
2. Сандық қатар
3. Қанша дыбыс естідіңдер
4. Ойын Дұрыс ата
Мақсаты: Реттік санды атап Қайсы? , Нешінші? деген сұрақтарға жауап беру дағдысын дамыту.
Қаңтар: Көп аз ұғымдары. Геометриялық фигура. Сопақ.
1. Ойын Сопақша саламыз
2. Салыстыру Көп , Аз белгілері.
3. д-ойын Аюларға бал жетеме?
4. Логикалық тапсырмалар.
Мақсаты: Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарын санау негізінде қалыптастыра отырып, екі топтың заттарын салыстыруға үйрету.
Ақпан: Математикалық түсініктер.
1. Көлем, пішін
2. Математикалық ұғымдар ( оң, сол, жоғары, төмен және т.б)
3. Қыс айларын атау.
Мақсаты: Заттарды көлеміміен салыстыруды үйрету. Кеңістікті бағдарлауын одан әрі дамыту.
Наурыз: Ойлауды дамытуға арналған ойындар.
1. Таяқшалардан геометриялық фигуралар құрастыр
2. Сан және санау
3. Уақытты бағдарлау . Көктем.
4. Ұлттық киімдерді пішіненіне сәйкес топта
Мақсаты: Қоршаған ортадағы заттарды геометриялық пішіндерге сәйкестіндіре білуге үйрету.

Сәуір: Математикалық қарапайым түсініктерді қалыптастыру.
1. Жетпей тұрған фигураны сал
2. Математикалық жұмбақтарды шешу
3. Ойын Есеп құрастыр
4. Логикалық есептер
Мақсаты: Геометриялық пішіндерді ажырата білуін жетілдіру. Логикалық ойлауын дамыту.
Мамыр: Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
1. Сандардың құрамы . Санау.
2. Cиқырлы қапшық
3. Көңілді есептерді шеш
4. Сыр сандық . Санамақтар.
Мақсаты: Балаларды бірден онға дейін, ауызша санап есептеуге, сандар қатарын, сандарды тура және кері санауға үйрету. Өз бетінше ойлауын жетілдіру.


Скачать


zharar.kz