Қаржы тұрақтылық коэффициенттері

Скачать


ФудМастер  компаниясының  тарихы  1995  жылдан  бастау алады. Дәл  сол  кезде жас  кәсіпкерлерді неліктен сүт өніміне сондай бай Қазақстан  өңірінде  йогурт  атаулы  керемет  өнім  жайлы  білмейді?  деген ой  мазалады.  Дәл  сол  кезде   ФудМастер Есік қаласындағы сүт зауытының цехын жалға алып, өте дәмді, үлкен стакандарға салынған Crystal Lake  йогуртын өндіре бастады. Йогурт өнімінің нарықта сәттілікпен өткенін байқаған  кәсіпкерлер,  ендігі  кезекте  бүкіл сүт саласын  игеруге   батыл  бел буды. ФудМастер  компаниясы қазақстандық  нарықта  алдыңғы  қатарлы  орынды  алуды  көздеді 4 сурет.

Компанияның меншігіне 6 зауыт және 1 сүт – тауарлық ферма кіреді. 6 зауытқа төмендегілер жатады:

ФудМастер  Компаниясы  Жамбыл,  Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақмола  облыстарында  сүт  қабылдау  торабын ұйымдастырды. Мұндай  жеке  меншік  орындар  шведтік  сүт  қабылдаушы  резервуарлар мен алынған сүттің экспресс – анализін өткізуге арналған жабдықтармен жарақталды. Шаруаларға көлікпен, сондай –ақ бұзауларды сатып алуға кредит беру сияқты шаралар ұйымдастырды, ал қарыз сүтпен қайтарылды. Осылай  сүт  зауыттарына  сүт ағуы басталды. Уақыт өте келе  шикізаттың тек  сапалы  болуына  қол  жеткізілді.

“ФудМастер» Компаниясының алғашқы зауыты Алматы облысының Есік қаласында “ФудМастер –  Алматы” кәсіпорны 1995 жылы құрылған. Есік сүт зауытындағы алғашқы жетістіктер Қазақстанда сүт өнімімен айналысу  пайдалы  болатындығына  көз жеткізді. Жыл сайын республиканың   әр  түрлі  аумақтарындағы  Компания  меншігіндегі зауыттар саны өсті. Білікті мамандар тобы кәсіпорынды нарықта алғашқы орынға  шығарды.  Тәулік  сайын  сүт  зауыты  100 тоннаға дейін сүт өндіреді.

Өткен  жылдар  бойы  кәсіпорын  үлкен  жетістіктерге  жету  мақсатында  қазіргі  талаптарға  сәйкес өзгертіліп тұрды. Ал қазір жабдықталуы бойынша бұл зауыт европалық кәсіпорындардан қалыспайды.

“ФудМастер –  НС Астана” ЖШС 1997 жылдың қаңтар айында пайда болды. Кәсіпорынның алдында тұрған міндет – Республиканың жаңа астанасын сапалы, әрі Алматыда кең таралып үлгерген “ФудМастер” сүт тағамдарымен  қамтамасыз  ету  болды.  Негізінен  Астананың  қалалық      сүт   зауытының  бұрынғы  жұмысшыларынан  құралған  мамандар  тобы     тез арада “ФудМастер”өнімінің негізгі ассортиментін өндіріп, оны          өткізе бастады. Тек  қана  сапасы  жоғары  сүт  тағамдарын  өндіру        арқылы және жаңашыл өнімдерді енгізе отырып, кәсіпорын тұтынушылардың сеніміне кірді.  Кәсіпорын  мамандарының  көбі Еуропа  мен  Американың  жетекші азық – түлік  кәсіпорындарында  тәжірибеден  өтті.

Зауыт  күніне 30 тонна  сүт  өңдейді. Қазақстандық нарықта үлкен сұранысқа ие болған жұмсақ  қышқылтым  және  балқыған  ірімшік,  сүзбе  өнімдерін    шығарады. Қазіргі “Хугарт” және “Роверс” технологиялық тізбектері заман талабына  сай  сапалы  өнімнің  алуан  түрлі  жиынтығын  өндіруге  мүмкіндік береді. Өз істерінің шебері болған жергілікті халықтан құралған еңбекші ұжым – кәсіпорыннның  үнемі   өсіп  отырған  тиімділігінің  басты  себепшісі.

Сатып алынған шаруашылықта жандандыру жұмыстары жүргізілді:
   Асыл тұқымды мал тобы қалыптастырылды;    Өндірушілік мүмкіндігіне қарай мал топтары  бөлінді;    Компьютерлік жабдықтаулар негізіндегі сараптау жұмысының жем өндіру және жем беру жүйелері енгізілді;
Компания  АҚШ, Израиль, Голландия, Ресей  және  Қазақстанның   мал асырау тәжірибесін қолданады. Ферма мамандары, мысалы, Кохран (АҚШ – тың  Ауыл шаруашылық Министрлігі), МАШАВ (Израиль өкіметінің  даму  Орталығы),  Эколинкс  (USAID бағдарламасы), ПСО – центр (голландық өкіметтің даму бағдарламасы) және т.б.оқыту бағдарламаларына унемі қатысып отырады. Ресейлік, американдық және израильдік шаруашылықтың  тәжірибесі  жем беру мен малды ұстау негіздерін  түбірінен  өзгертті.  “ФудМастер –  Агро”  сүт – товарлық фермасы  орташа  сауымында  бір  сиырдан   4800 литр сүт сауғанда күніне 78 тонна  сүт  өндіреді. Шаруашылықтағы мал басының түрі алатаулық болып келеді, сонымен қатар голштино – фризлік мал түрі де бар.малды рационалды, дұрыс қоректендіру мақсатында Компания Данияда шығарылған  шағын  комби  жемдік  зауытты  сатып алды. Миксерлік техника  фосфор,  молибден,  темір,  кальций  сияқты  микроэлементтер    мен  дақылдардың  қатынасы  100000  бөлікке  дейін  ұстанылады.

Ферма израильдік серіктестіктер берген мал ұстау процестерінің бағдарламалық жабдықтары (ГАВИШ) қолданылады. Программалық жабдықтардың  көмегімен  әр  сиыр  басының  тарихы,  шығу  тегі,        дамуы және т.б. маңызды ерекшеліктері бақыланатын көрсеткіштер базасын құрастыруға болады. Оған қоса ферма мамандары жануарларға  жем берудің жеке  есебін  жүргізе алады.

Сәйкес тексеру аудиті өткізілген кейін берілетін ISO 9001 –2000 сертификаты ФудМастер Компаниясының өндірген өнімі де, өндіріс жүйесі мен менеджменті халықаралық стандарттарға сай екендігін дәлелдейді. Жоғарғы сапаға тұтынушылар тарапынан сұраныс көбейді, ал сұраныс  өз  кезегінде  көлемнің өсуі және компанияның тез дамуының шарты  болды.  ISO 9001  стандартының  негізгі  принціпіне сай процестермен басқару жүйесіне қатысты әр қызметкердің алдындағы алғашқы  міндеті  сапа  болып табылады. Атап кететін бір жайт, TUV Rheinlad InterCERT Мерседес автомобильдерінің өндірісін сертификаттайды  және  екінің бірі оның клиенті бола алмайды. ФудМастер  мұндай беделді ұйым сертификаттаған Қазақстандағы алғашқы  компания  болып  табылады.

Компания миссиясы: тұтынушының жоғарғы дәрежедегі талабына сай сапалы  өнімді  өндіру.

ФудМастер ЖШС-тің өніміне бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ететін  технологиялық  үрдісі  былай  іске  асады.  Бүкіл  конвейер   аралығнда  біздің  өнімге адам қолы тимейді: барлық үрдістер автоматтандырылған. Операторлар тек программа береді. Барлық  параметрлер,  температуралық  режим  автоматты түрде сақталады, мейлі ол компоненттерді дайындау бөлімі, аппаратты цех, су дайындау бөлімі, алмалы-салмалысыз жуу цехы, мұздатқыш камералар немесе бөлшектеп өлшеу цехы болсын. Заводта, сондай-ақ өзінің зертханасы бар. Ол нағыз қазіргі заманғы құралдармен қамтылған. Мұнда дайын өнімнің және балмұздақтың барлық компоненттерімен қатар ораманың да физико-химиялық  және  батериологиялық  қасиеттері  зерттеледі.

SWOT анализ:

Күшті жақтары

—                     жоғары сапа

—                     кең ассортимент

—                     орамасының тартымдылығы

Әлсіз жақтары

—                     тұтынушы нарығының маусымдығы

Мүмкіндіктері

—                     өткізу нарығын басып алу

—                     экспортқа шығу

Қауып-қатер

—                     импортты ингредиенттерді жеткізу бойынша кепілдіктің болмауы

—                     әлемдік нарықтағы бағалардың құбылмалылығы.

Маркетингтік жоспардың мақсаты мыналар:

—      Қазақстан нарығында жаңа бірегей өнімді орнықтыру;

—      мақсатты нарық сұранысын қанағаттандыру;

—      тұтынушыларға сапалы және уақытылы қызмет көрсету.

ТОО ФудМастер-Айс Крим өнімдерін Қазақстан Республикасының мына аймақтарында сатады: Астана, Қарағанды, Өскемен, Қостанай, Шымкент, Талдықорған, Алматы және т.б

Фуд Мастер компаниясының негізгі міндеті тұрғындарды әлемдік сапа стандартына сәйкес табиғи ингредиенттерден жасалған өніммен қамтамасыз ету үшін Қазақстанда сүт өндірісін тұрақты дамыту болып табылады.

ФудМастердің құндылықтары біздің шешімдеріміздің негізінде жатыр және әрекетімізге бағыт беріп отырады.

1. Нақтылық пен жалғастық
алысты болжау; әр деңгейдегі корпоративті мәдениет; жетістіктерді енгізу және оларды жақсарту стратегиясы; туған аймақ мәдениетімен тығыз байланыс.
2. Құзыреттілік және кәсібилік
Сүт өнімдерін өндірудің әр деңгейін сараптау тұрғысынан білу; өндіріс технологиялары мен әдістерін толықтай меңгеру; әр аймаққа тән интеграцияланған өзіндік бизнес-үлгі; сүт өнімдері нарығын егжей-тегжейлі білудің арқасында ұқсас өнім өндіретін өзге өндірушілермен және тұтынушылармен тығыз байланыс; мамандардың білімін үнемі жетілдіріп, кеңейтіп отыру; кәсіби деңгейін арттыру.
3. Қызметкердің міндеттері мен ұқыптылығы
жұмысына, өзіне және әріптестеріне адал және жауапкершілігінің мол болуы; компанияның корпоративті мәдениетінің қағидаларын сақтауы; жалпы қоғамға және қоршаған ортаға адал болуы; Компания өміріне қызметкерлердің белсенді ат салысуы; Кәсіпкерлік рух, тәуекелге бара білуі; Әрекет бостандығы және бағыныштылығы; Жеке бастың қасиеті мен компетенцияға негізделген тіл табысуға бейімділігі.
4. Прагматизм
әр аймақта біркелкі ұйымдастыру құрылымдары; басшылық қарапайымдылығы;
2-кесте. Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер
Өл-шем бір-лігі
2010 жыл
2011 жыл
Ауытқу
+;-
%
1
Өткізілген өнімнен түскен түсім мың тг
515581,26
705977,42
190396,16
136,93
2
Өткізілген өнімнің өзіндік құны мың тг
368255,18
460282,83
92027,65
124,99
3
Жалпы табыс мың тг
147326,08
245694,59
98368,51
166,77
4
Кезең шығындары мың тг
217311,13
179610,3
-37700,83
82,65
5
Негізгі қызметтен түскен түсім мың тг
-69985,05
66084,29
136069,34
94,43
6
Негізгі емес қызметтен түскен түсім мың тг
46311,15
-9410,33
-55721,48

7
Салыққа дейінгі жиынтық табыс мың тг
-23673,9
56673,96
80347,86

8
Таза табыс мың тг
-23673,9
39671,77
63345,67

9
Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне келетін шығын тг
1,14
0,91
-0,23
79,81
10
Өнімнің рентабельділігі %

6,20
9,03

11
Сату рентабельділігі %

5,62
8,83

12
Өндіріс рентабельділігі %

6,10
8,84

13
Жұмыскерлер саны адам
189,00
238,00
49,00
125,93
14
С.і. жұмысшылар саны адам
77,00
177,00
100,00
229,87
15
1 жұмыскедің еңбек өнімділігі мың тг
2727,94
2966,29
238,35
108,74
16
1 жұмысшының еңбек өнімділігі мың тг
6695,86
3988,57
-2707,29
59,57
17
Жұмыскелердің еңбек ақы қоры мың тг
71782
94185,1
22403,1
131,21
18
С.і. жұмысшылар еңбек ақы қоры мың тг
22284,6
58121,2
35836,6
260,81
19
1 жұмыскердің орта айлық еңбек ақысы мың тг
379,8
395,74
15,94
104,20
20
1 жұмысшының орта айлық еңбек ақысы мың тг
289,41
328,37
38,96
113,46
21
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны мың тг
547824
591867
44043
108,04
22
Айналым құралдарының орташа жылдық құны мың тг
57173,01
58807,22
1634,21
102,86
23
Қор қайтарымдылығы тг
0,94
1,19
0,25
126,74
24
Қор сиымдылығы тг
1,06
0,84
-0,22
78,90
25
Қормен қарулану мың тг
7114,6
3343,88
-3770,72
47,00
26
Амортизация сомасы мың тг
105834
91431
-14403
86,39
Ескертпе: статистикалық мәліметтер көздерінен
 

Бірінші көрсеткіш өткізген өнімнен түскен түсім 2010 жылы 515581,26  мың  теңге,  ал  2011  жылы  705977,42  мың  теңгені  құрады. Яғни, 190396,16 мың теңгеге өскенін көріп отырмыз. Мұның себептері ретінде ФудМастер  компаниясы  2011 жылы  нарыққа  жаңа  балмұздак     түрлерін  шығарған, сонымен қатар өнім сапасы жақсарып, сату             көлемі көбеюі  болуы  мүмкін.  Ал   аталған  көрсеткіштің  өсуі  жалпы  табысқа, таза  табысқа  және  де  табыстылық  көрсеткіштеріне  әсерін  тигізеді.

Өткізілген өнімнің өзіндік құны 2010 жылы 368255,18 мың теңге,      ал

2011 жылы 460282,83 мың теңгеге дейін өскенін көреміз. Бұл  шикізатқа кеткен шығынның өсуіне байланысты. Бұл көрсеткіш кәсіпорын дамуының нашарлауының факторы бола алады.

Жалпы табыс 2010 жылы 147326,08 мың теңге, ал 2011 жылы 245694,59 мың теңгені құрады. Бұл өткізілген өнімнен түскен түсімнің өсуімен байланысты.

Кезең шығындары зерттеліп отырған кезеңде базисті жылмен салыстырғанда 37700,83 мың теңгеге азайған. Бұл жалпы және әкімшілік шығындардың азаюынан болған жағдай.

Негізгі қызметтен түскен түсім жалпы табыстың өзгеруіне байланысты. Біздің кәсіпорында жалпы табыс артып отыр, сондықтан негізгі қызметтен  түскен  түсім  де  артты,  яғни  136169,34 мың  теңгеге.

Таза табыс кәсіпорын табыстылығының абсолютті көрсеткіштерінің маңыздысы болып табылады. Бұл көрсеткіш 2010 жылы теріс мәнде болса, 2011 жылы 63345,67 мың теңгеге артып, 39671,77 мың теңге болды. Яғни кәсіпорын  жағдайы  жақсарды.

Негізгі  құралдардың  орташа  жылдық  құны  2010  жылы 547824,0 мың теңге болса, 2011 жылы 291867,0 мың теңгені құрады. Бұдан  ФудМастер  компаниясы  2011  жылы  жаңа техникамен қаруланғанын көре аламыз. Осының  есебінен  қор  қайтарымдылығы  да  0,25-ке  артты. Бұл  құбылыс  тағы  амортизация сомасына да әсерін тигізді. Жаңа техника алғандықтан  бұл  көрсеткіш 14403,0 мың  теңгеге  азайып  тұр.

Кәсіпорын  жұмысының  жақсарғанын  өнім  рентабельділігі, сату  және өндіріс  рентабельділігінің  өсуінен  байқауға  болады. Жұмыскерлердің еңбек  ақы  қорының 31  пайызға  өсуіне  олардың  санының  25  пайызға   өсуі  себеп   болған. Негізгі  құралдардың  орташа  жылдық  құны     өскенімен  қормен  қарулану төмендеп кеткен оған да  себеп  жұмыскерлер санының өсуі.  Ал  амортизация  сомасы  есепті  жылы  13,61  пайызға  төмендеді.

Кәсіпорынның  қаржы-экономикалық  тұрақтылығы ақша қаражаттарын еркін  орын  алмастыра  отырып  қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді  өндіру  мен  сатудың  үздіксіз  процесін  қамтамасыз ете алатын  өзінің  қаржы  ресурстары жағдайын көрсетеді.

3-кесте. ФудМастер ЖШС-нің қаржы-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер
2010 ж
2011 ж
ауыт-қуы
1
Рентабельділік көсерткіштері
1.1
Өткізілген өнімнің рентабельділік коэффициенті —
0,08
0,13
1.2
Сату көлемінің табыстылығы коэффициенті 1,18
0,99
-0,19
1.3
Қордың рентабельділік коэффициенті 1,52
2,6
1,08
1.4
Негізгі қызметтің рентабельділік коэффициенті 0,98
1,58
0,6
1.5
Өндірістің рентабельділігі —
0,12
0,18
2
Қаржы тұрақтылық коэффициенттері
2.1
Тәуелсіздік  коэффициенті -0,04
0,12
0,16
2.2
Қарызға алынған және меншікті қаражаттардың арақатынасының коэффициенті -14,05
2,1
16,15
2.3
Тәуелділік коэффициенті 0,56
0,26
-0,3
2.4
Меншікті айналым қаражаттары мен салынған капитал арақатынасының коэффициенті 0,02
0,3
0,28
3
Іскерлік белсенділік көрсеткіштері
3.1
Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті 1,09
2,16
1,07
3.2
Негізгі құралдардың айналымдылығы 1,1
2,62
1,52
3.3
Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті -27,72
17,36
45,08
3.4
Өткізілген өнімді өндіруге кеткен шығындардың қайтарымдылық коэффициенті 1,16
1,54
0,38
4
Өтімділік көрсеткіштері
4.1
Абсолютті өтімділік коэффициенті 0,37
0,83
0,46
4.2
Жедел өтімділік коэффициенті 0,26
0,3
0,04
4.3
Ағымдағы өтімділік коэффициенті 0,36
0,48
0,12
4.4
Меншікті өтімділік коэффициенті 0,02
0,41
0,39
Ескертпе – к әсіпорын мәліметтері негізінде есептелген
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір    кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы  ресурстарымен  қамтамасыз  етілуін  көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық  тұрақтылығы ─ бұл  тәуекелділіктің   мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Қаржылық  тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады. Аталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын анықтау үшін қаржы тұрақтылық коэффициенттерін анықтадым.

Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын  сипаттайтын  маңызды  көрсеткіштер.


Скачать


zharar.kz