МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…….5
1 АҚША ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ……..7
1.1. Ақшаның тарихи алғышарттары…………7
1.2. Ақшаның қызметтері………..10
2 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІНІҢ ҚАЗІРГІ ТӘРТІБІ…….18
2.1 Кассадағы ұлттық валютада ақша қаражаттарының есебі……..18
2.2 Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының есебі……….24
2.3 Шетел валютасында ақша қаражаттарының есебі………..30
2.4 Банкілердегі басқа да шоттардағы ақша қаражаттары есебі……37
3 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ АУДИТІНІҢ ҚАЗІРГІ ПРАКТИКАСЫ…41
3.1 Кәсіпорынның ақша қаражаттары аудитін жүргізу әдістемесі…..41
3.2 Кассалық операциялардың аудиті……..49
ҚОРЫТЫНДЫ………57
ҚОЛДАНЫЛҒАН КӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ……..58
КІРІСПЕ
Ақша бұл тауарлар мен қызметтерді және басқа да индивиттерді алуға әрдайым пайдаланылатын активтердің жиынтығы. Ақшалар кең пайдаланатындылықтан, біз өте бағалы құрал екендігін сирек ойлаймыз. Қазіргі экономика ақшасыз қалыптасу мүмкін емес.
Ақша кәсіпорын үшін жоспарлау, есеп және бақылау құралы ретінде, яғни олар шаруашылық әрекеттің маңызды элементі болып табылады. Кәсіпорын олар арқылы сыртқы өмірімен байланысқа түседі, табыс табады және есеп айырысулар жүргізеді. Өйткені кәсіпорынның негізгі мақсаттарының бірі табыс табу болып табылады, ол үшін ақша қаражаттарының есебін дұрыс жүргізу қажет. Қаржылық жағдайын бақылаудан тыс өндіріс көлемін жылдам өсірудің өзі кәсіпорынды сұраным жоқ өнімі өндіру сияқты жылдам банкротқа ұшырау шегіне әкелуі мүмкін.
Касса және банктік шоттар бойынша операциялар маңызды орын алады, өткені бірде-бір заңды тұлға касса мен есеп айырысу шотынсыз әрекет ете алмайды. Оларсыз кәсіпорын әрекетсіз, берекесіз болады.
Кез-келген бухгалтер мен аудитордың міндеті құрылған ұйымның қалыпты қалыптасуын қамтамасыз етуінің негізі болып табылатын ақшалай операциаларды дұрыс және дермезгілде көрсету жолымен кәсіпорынның әрекет қабілеттілігін қамтамасыздандыру болып табылады. Сондықтан ақша қаражаттары есебінің жүргізілуге, олардың сақтығына, ақша қаражаттарын кіріске алу толықтығын тексеруге, еспе айырысу жағдайын және төлемдердің дер мезгілділігін бақылауға, кассалық тәртіптің және тағы басқа сақталуына аса көңіл бөлу қажет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты ақша қаражттарының есебі мен аудитінің қазіргі тәртібін қарастыру.
Мақсатқа жету үшін келесі міндетте қойылып шешіледі:
— ақшаның теориялық негізін оқып-үйрену;
— ақша айналымын реттейтін әрекеттегі заңмен танысу;
— нақты кәсіпорынның ақша қаражаттары неден құралатынын қарастыру;
— ақша қаражаттарының құжатта рәсімделуін көрсету;
— ақша қаражаттары қозғалысының есебін көрсету;
— ақша қаражаттары аудитын жүргізу әдістемесін қарастыру;
— кассалық және банктік операциялар аудитін жүргізу;
— ақша қаражаттары қозғалысын талдау;
Зерттеу объектісі жауапкершілігі шектелген серіктестік “Х” болып табылады.
ЖШС “Х” негізгі қызметі күрделі және ағымдағы жөндеу, сонымен қатар ЖЭО және басқа да кәсіпорындардың жылу энергетикалық жабдықтарын жаңарту. Негізгі қызметі бойынша тапсырыстар санының аз болуымен байланысты көбінесе бас тапсырмасы ЖАҚ “ҚКМЗ” үшін субмердігерлік жұмыстар орындайды. Сонымен қатар ЖШС энергетикалық жабдықтардың қосалқы бөлшектері мен басқа да тауарлардың көтерме саудасымен айналысады. Сатып алынатын қосалқы бөлшектердің басым бөлігі Ресей мен Украинада шығарылады.
Жұмысты жазда әдістемелік негіз болып нормативтік қуаттар, Қазақстан және ресей оқымыстыларының монографиялары, ғылыми және оқу әдебиеттері, кезеңдік баспа материалдары және зерттеліп отырған, объектінің материалдары табылды.
Дипломдық жұмыс 65 бет