Банк туралы қазақша реферат
Банк – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша банктік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктік қызмет – бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша банктік операцияларды жүзеге асыру. Мен осы курс жұмыстан мынадай ой түйдім: Қорытындыға келгенде, Қазақстан Республикасында халықтың әл-ауқаттылығын түбегейлі жақсарту мен экономиканы дамыту секілді шабыттандыратын Ұлттық банк басқару ісінің мақсатты да көп деңгейлі жүйесін қалыптастырудың қажетті және өзекті мәселе екендігін атап өтуді жөн көріуміз керек. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі ретінде басқа елдердің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдарымен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді. Ұлттық банк – бұл эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, банктердің банкі рөлін атқарды, сондай-ақ ақша-несие және валюта саясатын анықтайды.
Ұлттық банк – оның жоғары үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және жарғылық қор иесі. Ол тек қана Қазақстан Республикасының Президеніне есеп береді. ҚР Ұлттық банкінің басты міндеті ұлттық валюта – теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
ҚР Ұлттық банктің негізгі қызметтері мыналар: айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізу, ақша эмиссиялау, банктерге, ұйымдарға несие беру және республикада қолма-қолсыз есеп айырысуды іске асыру, инвестициялық қызмет, екінші деңгейдегі банктер қызметін бақылау және қадағалау, валюталық реттеу және валюталық резервін сақтау және т.б.
ҚР Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын: оның сатып алу қабілетін және алдыңғы қатардағы шетел валюталарына қатысты бағамын қамтамасыз ету болып табылады. Оның негізгі құралдары: пайыз саясаты, ең төменгі резервтер нормасы, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатуға байланысты ашық нарықтағы операциялар, банктерге және Үкіметке берілетін несие, валюталық нарықтағы интервенция.
Эмиссия – мемлекеттік банкнота, монета, бағалы қағаздарды шығаруы. Ол қолма-қол түрінде де, қолма-қолсыз да болуы мүмкін. Бірінші формасы айналысқа нақты ақша шығаруды білдірсе, ал екіншісі депозитті-қарыздық операциялар процесінде іске асырылады.
Ұлттық банк эмиссиясы алдағы жылдарға қарағанда 2006 жылы 54,9%тен, 491,7 млрд.тенгені құрады.
ҚР Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені ұлғайта отырып, ҚР Ұлттық банкіден банктердің қарыз алуын ынталандыратын болса, ал есептік мөлшерлемені ұлғайта отырып, банк жүйесіндегі несиенің қысқаруын қолдап, соның негізінде жалпы республика бойынша ақша айналысын реттейді. Міндетті резерв нормасының мағынасы міндетті резерв сомасы мен несиелік операциялар көлемі арасында тығыз өзара байланыстың болуын, яғни оны ҚР Ұлттық банкі айналыстағы ақша массасын өзгерту үшін қолданылатын түсіндіреді.
Айналыстағы ақша массасын реттеудің біршама ыңғайлы әдісі – ашық нарықтағы операциялар. Мағынасы ҚР Ұлттық банкі ақша эмиссиясын тоқтатып, несиелік экспансияға шек қою мақсатында нарықта бағалы қағаздарды сатады. Керісінше, ақша шығаруды және несие беруді ынталандыруға тырысады, ол кері операцияны жүзеге асырады, яғни қағаздарды сатып алады.