ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРІ
І.1. Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеттері және әдістері
І.2. Қаржылық жоспарлау процесі
І.3. Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі, оның құрылымы
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН ЖОСПАРЛАУДЫҢ БАРЫСЫ
ІІ.1. Қазақстанда кәсіпорындағы индикативтік жоспарлаудың енгізілуі
ІІ.2. Индикативті қаржылық жоспарлаудың даму перспективалары
ІІІ. ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУДЫҢ РӨЛІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
ІІІ.1. Қазіргі кезеңдегі қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
ІІІ.2. Қаржылық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі механизмі болжау мен жоспарлау болып табылады, яғни олардың экономиканы басқаруда рөлі жоғары. 90 – жылдардың басында мамандар Экономиканы жорспарлаудың керегі жоқ, оның дамуын нарықтың өзі – ақ ретейді — деген қате пікір айтты. Енді одан 5 – 6 жыл өткеннен кейін халық шаруашылығы саларының даму барысын стратегиялық жағынан да болжау – жоспарлау керек екендігін өмір дәлелдеп берді. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігін құрды.
Ал индикативті жоспарды әзірлеу алғашында экономика министрлігіне, кейін Экономика жоспарлау агенттігіне тапсырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылдың 13 қазанында қол қойылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесін жетілдіру және қызметтерін анықтау туралы Жарлығына сәйкес жоғарында аталған функцияны қайта құрылған экономика және сауда министрлігі атқарады.
Жұмыстың мақсаты. Зерттеу жұмысына қатысты өзекті мәселелер қаралады, яғни жоспар дегеніміз – алдыға белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің нақты жолдарын белгілеу, ал жоспарлау – экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік — экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процесі.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты – экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.
Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:
1) қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басыңқы (негізгі) бағыттарын анықтау;
2) жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу;
3) материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды пайдалану арқылы ғылыми – техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4) жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын (өзара сандық өатынастарын) анықтау т.с.с.
Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелілік, кешендік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары (принциптері) мен әдістері жатады.
Ал, индикативтік жоспарға келсек, оның мынадай түрлері бар: стратегиялық, орта мерзімдік және жылдық жоспарлар.
Республика Президенті Н.Назарбаевтың 1997 жылы Қазақстан халқына жолдауында жарияланған Қазақстан — 2030 — жоспары стратегиялық жоспарға жатады.
Стратегиялық жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлттық экономика дамуының ұзақ мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін жүзеге асыруды көздейді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеліп отырған Қаржы жоспарларымен болжамдарының жүйесі атты курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттен тұрады.
курстық жұмыс 27 бет