Балшықты минералдар

Скачать

Топырақтың минерологиялық құрамы (1сағат). Семинар сабақ

Сабақтың мақсаты: Топырақтың минералогиялық құрамы, түзілу жолдары және физикалық құрылыс ерекшелігімен  танысу.

Семинар сұрақтары:

1. Топырақтың минерологиялық  құрамының қалыптасуы.

2. Алғашқы және екінші минералдар, олардың маңызы.

3.Балшықты минералдар    

 Әдістемелік нұсқаулар:

Топырақ минералдарының тегін, құрамы мен қасиеттерін терең ұғыну үшін, топырақтың минералдық құрамын зерттеуге зор үлес қосқан орыс ғалымдары К.Д. Глинка мен Б.Б. Полыновтың және неміс ғалымы Х. Гарассовицтің ғылыми еңбектерімен танысу  керек.  Жалпы табиғи химиялық қосылымдар саналатын  минералдарды және олардың құрамын, қасиетін, түзілуін, құрылыс ерекшеліктері мен заңдылықтарын геологияның ежелгі саласы  минерология ғылымы зерттейді.  Қазіргі топырақтың  қатты бөлігінің 90-95 пайызын минералдық заттар құрайды. Сондықтан да топырақтың массасына кіретін минералдардың  айырмашылығына байланысты бөлінетін  төмендегі екі тобын  ажырата білу қажет.

а) алғашқысы құрлықтағы жер қойнауында жаралған және массивті —  кристалды  тау жыныстарынан  топырақ құрамына көшкен (тотықтар, сили- каттар, алюмосили каттар, сульфиттер мен фосфаттарға жататын)магмалық және метаморфтық бастапқы біріншілік минералдар тобы.

б) екінші топты солардан бұзылу (гидраттану, тотығу,  гидролиз үрдістері) арқылы жаралған екіншілік(балшықты) минералдар (лимонит, бейделит, каоли- нит, монтмориллонит) түзеді.

Сол сияқты назар тоқтататын мәселелер: ыдырау құбылыстары және ыдыраған заттардан екінші минералдардың синтезделуі арқылы  балшықты минералдардың түзілуі.

Коллоидтық қасиеттер, олардың катионды жұтып алу қасиеті.  Екінші минералдардың үгілуі мен еруге шыдамдылығы. Олардың саны өскен сайын шыдамдылығының  арту себептері.

Әдебиеттер:
Жамалбеков Е .Ү, Білдебаева Р.М Жалпы топырақтану және топырақ географиясы.-Алматы, 2000. ҚҰУ. Глазовская М.А. Общее почвоведение и география почв: Учебник.: Высшая  школа. 1981, 400 с. Качинский Н.А. Топырақ оның қасиеттері. -Алматы, 1959.- 310 бет. Герасимов И.П., Абсолютный и относительный возраст почв Почвоведение. — 1969. №5.
5. Бигалиев А.Б., Жамалбеков Е.Ү., Білдебаева Р.М. Қазақстанның топырағы және оның экологиясы. -Алматы: Санат, 1995.- 132 бет.
Рефераттар тақырыптары.

1. Минералдардың топырақ құнарлылығын қалыптастырудағы ролі.

2. Балшықты минералдардың  емдік қасиеттері.

3. Екінші минералдардың топырақ түзілуіндегі ролі.


Скачать


zharar.kz