Кәсіпорынның өзін

Скачать


 Кәсіпорынның  өзін-өзі  қаржыландырудың  мәні  мен сипаты туралы қазақша реферат

Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруы — нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқы мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.

Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайында өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.

Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады.

Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дер-бестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның өзін — өзі қаржыландыру таза  пайда  экономикалық  санатының  маңызды  және кез келген   коммерциялық   мекемелері   қызметінің   негізгі мақсаты  болып табылады. Нарықтық қатынастарда  пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.

Пайда баланстың және есептеулік болып бөлінеді. Жалпы баланстық пайда мынадан құралады:

•  тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;

• тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден   және   қызмет   көрсетуден   түскен   пайда немесе зиян;

• сатылатыннан   тыс   операцияларды   жоспарлаудан түскен   пайда   немесе   зияндар.   Оған   жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.

Есептеулік пайда — бұл негізгі өндірістік және айналмалы иормативтік қорларды жзне банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстың пайда болуынан.

Өндірістің өзін — өзі қаржыландырудағы пайда жоспары бағалар мен келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар не-гізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау — өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнның арасындағы айырмасы болып табылады.

Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады.  мазмұны, ол бір жолгы қаржы нәтижесі және қорынның   қаржы   ресурстарының   негізгі   элементтері  болып табылады.

Үшіншіден,  пайда  бюджеттің  түрлі  деңгейін  қалыптырудың бірден-бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайда-ланады.

Кәсіпорынның пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі — кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері болатындар:

•  өнімді   сатудан,   қызмет   атқарудан,   қызмет   көрсетуден түсетін пайда;

•  негізгі   қорларды,   сол   сияқты   басқа   да   кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;

•өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтижелері. Кәсіпорынның  пайдасы   екі   көрсеткішке   байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кететін шыгындар. Нарыктағы өнім бағасы — сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі.


Скачать


zharar.kz