Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпалын, әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүниежүзі бойынша 1 млрд тоннна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд тонна ластанғыштар енгізіліп отырса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд тонна. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген.
Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүниежүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де анторпогендік. Анторпогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн км2 – ден асып отыр. Бұл бүкіл құрлықтың 7%-ын құрайды.
Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық.
Физикалық ластану – радиактивті заттармен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық және қатты қалдықтар алады.
Биологиялық ластану – ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретінмикроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойы сақталса, ластанғыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аймаққа таралады.
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіпті кәсіпорындардың шығарымдары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шапжойғыштар мен минералды тыңйтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешендері, атмосфералық жауын-шашын апатты жағдайда тасталатын шығарындылар әскери өндірістік кешендері жатады.
Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдерден және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе алып отырған жерлері белгілі.
Ауыл шаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскоридоз және т.б. ) қоздырғыштарын сатайтын ортаға жатады.
Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скважиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің т.б. құрамына кіреті, өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып келеді. Олар суқоймаларға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1мг лден жоғары болса, балықтардың жансыздануы байқалады. Пестицидтер сияқты бұларды химиялық және биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға түседі.
Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте-бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді. Сөйтіп біртіндеп көптеген жануарлар әлемінің өкілдері уланады. Егерде су қоймалары қазіргі қарқынмен пестицидтермен және т.б. ластағыштармен ластана берсе, басқа да суда сүзгіш құстар жойылады, ең бастысы адамдар үшін өте қауіпті жағдайлар туады.
Адамзат баласы табиғаттың өзі жаратқан ғажайып көріністердің бірі. Бірақ адам баласының үстемдігі, ақыл-ойының біліктігі оның табиғаттың басқа организмдерінен әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күнелткен алғашқы адамдардың өзі де керек-жарақтарды атмосферадан алып отырған. Сана-сезім ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтерліді. Адам өзінің ақыл-ойы арқылы көптеген жетістіктерге жетті. Яғни неше түрлі өндіріс, өнеркәсіп орыдары және т.б. мекемелер жүйесін қалыптастырды. Бұлардың пайдалы және зиянды жақтарын жоғарыда айтып кеткен едік. Биосфераны осындай антропогендік фактор әсерлерін қорғау –маңызды шаралардың бірі. Адам әрекеті санасында табиғатты, жерді, ауа мен өзендерді, көлдерді, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану осы заманғы алдыңғы қаталы мәселелерінің біріне айналып отыр.
Ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра, тіршілігіміздің қайнар көзі-табиғат байлығына жетіп, бағлап, оған келтірілген залалы үшін болашақ ұрпақ алдында жауапты екенімізді ешуақытта естен шығармағанымыз жөн.