Жоспар
I Кіріспе…………………3
II Негізгі бөлім
2.1 Атмосфералық қысым……………………………….4
2.2 Ауа ылғалдылығы және қозғалысы…………………………………………………………5
2.3 Аэроиондау және ауаның газдық құрамы……………………………………………….8
2.4 Ауадағы механикалық қоспалар……………………………………………………………10
2.5 Мал қора ауасындағы зиянды газдарды азайту……………………………………12
2.6 Мал қора ауасын санитарлық-гигиеналық бағалау негіздері…………………16
III Қорытынды……………………………..19
IV Пайдаланылған әдебиеттер…………………………..20
V Қосымшалар
Кіріспе
Малдың денсаулығын сақтауда ауаның алатын орны ерекше. Ауаны гигиеналық тұрғыдан бағалауда оның мына төмендегі көрсеткіштері еске алынуы керек: физикалық қасиеттері (температура, ылғалдылық, қысым және т.б.), химиялық құрамы (тұрақты компаненттері және бөтен газдар), механикалық құрамы (шаңның, ыстың және т.б. болуы) және бактериялық ластануы (микробтардың болуы). Ауаның қасиеттері мен көрсеткіштерінің шектен тыс ауытқуы мал организміне тікелей әсер етіп, оның өнімділігін едәуір азайтып ауруға шалдықтырады.
Менің курстық жұмысымның мақсаты-ауаның мал организміне сан түрлі әсерлерімен оның көрсеткіштерінің қалыпты, әрі малға ыңғайлы сақтау.
Ауа-мал тіршілігі өтетін және олар үнемі қарым-қатынаста болатын сыртқы орта. Ауа тыныс алуға ең қажетті оттегінің көзі, организмнің басқа да функцияларына әсер етеді. Ауа мал тіршілігіне аса қажет және биосфераның маңызды элементі болып табылады. Биосфераға-атмосфераның төменгі бөлігі-бүкіл гидросфера және тірі организм қоныстанған, жер литосферасының үстіңгі қабаты кіреді. Оған В.И. Вернадский тірі зат-тіршілік ететін аймақ деген анықтама берген.
курстық жұмыс 20 бет