Болатқа керекті қасиет беру үшін , арнайы қосатын элементтерді легірлеуші элементтер дейді де, құрамында легірлеуші элементтері бар болаттарды легірленген болаттар деп атайды

Скачать


Болатқа  керекті   қасиет  беру  үшін  ,  арнайы  қосатын  элементтерді  легірлеуші  элементтер  дейді  де,  құрамында   легірлеуші   элементтері  бар  болаттарды  легірленген  болаттар  деп  атайды.  Ондай  элементтерге  Cr,  Ni, Mn, Ti, Si, Cu, W, Nb т.б  жатады.  Легірлнуші  элементтер  темірмен   әрекеттесіп,   қалыпты   көміртекті   ферриттен  қаттылығы   мен   беріктігі  едәуір   жоғары   қатты   ерітінділер  түзеді.    Легірлеуші элементтер  шамасы   жоғары   болғанда,   интерметаллидтер  деп   аталатын   химиялық   қосылыстар   түзіледі, мысалы, FeNi3.  Олар   өте  қатты   және   морт   болады,  сондықтан   қорытпаның   қаттылығы   мен   морттығы   жоғарылайды.   Легірлеуші  элементтер   темірдегі   полиморфтық    түрлену   температурасын   өзгертіп,   оның   аллотропиялық   модификацияларының (FeαFeγ) температуралық  тұрақтылығын   өсіреді  немесе   төмендетеді.   Барлық  легірлеуші  элементтерді  темірдің   аллотропиялық  түрлену  температурасына  әсері  бойынша  екі  топқа  бөлуге   болады.   1-ші  топ  элементтері   темір- цементит  күй  диаграммасында  GS  сызығын   төмендетіп,   легірленген   аустениттің   бар  болу  аумағын  үлкейтеді.   Бұл  топқа  никель   мен   марганец   жатады.  2-ші  топ  элементтеріне  Cr, W,  Mo, Al  т.б  жатады.    Бұл  элементтерді  қосқасқанда,   GS  сызығы  жоғарылайды,  яғни  аустенит  аумағы  кішірейеді(3б-сурет).   Әр  элементтің  қандай  да  бір  шамасында  аустенит  аумағы   толық   тұйықталып,   болаттың  құрылымы  тек  қана   ферриттен  тұрады.  көміртегімен  әсерлесуі  бойынша  да  легірлеуші  элементтер  екі  топқа  бөлінеді.  1-ші  топқа  болатта   карбид  түзбейтін,  көміртегімен  әсерлеспейтін  элементтер   жатады.   2-ші  топқа   болатта  карбид   түзетін  элементтер  жатады.


Скачать


zharar.kz