Евразия сақтандыру компаниясы туралы қазақша реферат

Скачать


Евразия сақтандыру компаниясы туралы қазақша реферат

Компания 1995 жылы құрылды және белсенді жұмыс атқарған 14 жыл ішінде Қазақстан Республикасының ірі сақтандыру компаниясына айналды. Компанияның шынайылық пен сенімділікке негізделген бизнес жүргізу ұстанымдары Қазақстанның сақтандыру нарығында ең жоғарғы қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізуіне жол ашты.

Евразия сақтандыру компаниясы АҚ тұтынушы мүддесін ықтимал қауіп-қатерлер кешенінен барынша қорғауға арналған сақтандыру қызметтерінің барлық түрлерін көрсетуге және әмбебаптыққа бағытталған. Компанияның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сақтандырудың барлық түрлерін жүзеге асыруға құқығы бар.

Евразия сақтандыру компаниясы АҚ қызметін жүзеге асыру кезінде ынтымақтастық, сенімділік және қолдау ұстанымдарына жүгінеді.
     Евразия сақтандыру компаниясы АҚ-ның миссиясы:
Тұрақты кемелділік пен сапалы дамуға ұмтыла отырып, біз бәрінен бұрын қоғам мүддесіне және тұтынушыларымыздың, әріптестеріміз бен қызметкерлеріміздің жеке табысына қызмет етуді көздейміз.
Халықаралық әріптестеріміздің бізді лайықты деңгейде тануы және әлеуметтік-жауапты бизнес жүргізу, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын дамыту мен әйгілеуге үлесімізді қосу мүмкіндігін беріп отыр, ал айқын әрі үйлесімділікке негізделген бизнес жүргізу ұстанымдары көптеген отандық компанияларға үлгі болуда.
     Стратегия:
Компания республиканың сақтандыру нарығындағы тұрақты көшбасшылық позициясын сақтауды мақсат тұтады. 2010 жылғы тоғыз айдың қорытындысымен Евразия СК сыйлықақы жинау бойынша нарықтың 13,13%-ын ала отырып,өзінің көшбасшылығын тағы да растады.

Биылғы жылдың маусымында Еуразиялық қаржы компаниясы АҚ қаржы холдингін қайта құру үрдісі аяқталды. Қайта құру нәтижесінде төрт қаржы компаниясы: Евразия сақтандыру компаниясы АҚ, Еуразиялық банк АҚ, Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ, Еуразиялық капитал АҚ-ның жалғыз акционері болып табылатын классикалық қаржы холдингі құрылды.
Осылайша қызметтің кең спектрін ұсынатын және қарқынды даму мен құрылымды жетілдірудің синергетикалық нәтижесі ескеріле отырып өсуге бағытталған әмбебап қаржы тобы құрылды.
Қайта құру үрдісіне параллель холдингтің сыртқы келбетін жетілдірілген құрылымы мен стратегиясына сәйкес өзгерту мақсатында қаржы холдингі компанияларының рестайлингі жобасы іске асырылды.
Орын алған өзгертулер компаниялардың қаржылық блогі қызметінің тиімділігін, айқындылығын, ұтқырлығын көтеру үшін жасалған және кросс-сату тиімділігінің өсуіне бағытталған бизнес-үрдістер жетілдіріліп отырады.

     Рейтингтері:

2010 жылғы 25 наурызда көне A.M. Best Со. халықаралық рейтинг агенттігі Евразия сақтандыру компаниясы АҚ-ның B++ (Good) қаржылық қуат рейтингі мен bbb эмитент кредит рейтингін растады. Екі рейтингтің болжамы да тұрақты болып қалып отыр.

2010 жылғы 22 шілдеде Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігінің кредиттік рейтингтер қызметі BB- деңгейіндегі Қазақстандық Евразия сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылық және контрагенттің ұзақ мерзімді кредит рейтингтерін растады. Рейтингтер бойынша болжам — «Тұрақты». Сонымен қатар Евразияның ұлттық шкала бойынша рейтингі kzA- деңгейінде расталды.


Скачать


zharar.kz