Агрессивті балалардың отбасы ерекшеліктері туралы қазақша реферат
Жеткіншектік кезең — адамның қалыптасуындағы ең күрделі кезең. Әсіресе осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшілікгер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауга болады: а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу; ә) мектептегі қиындық пен сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы -достарымен байланыс орнату.
Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Ендеше осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы — барлык жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы. Олар көмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық факторы болып табылады.
Демек жас баланың мінез-кұлкының қалыптасуына отбасы ерекше әсер етеді, солай болғандықтан оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Ал педагогикалық әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік оқу жүйесіндегі сәтсіздіктің, аномалді мінез-құлықтың қайнар көзі болып табылады.
Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар физиологиялық ауытқулардан емес, отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады.
Осындай девиантты мінез-құлықтың бір түріне агрессивті мінез-кұлық жатады. Ал агрессивті мінез-құлық дұшпандық әрекетке (төбелес, тіл тигізу) апарады.
Агрессивті балалардың отбасы ерекшеліктері төмендегідей болып келеді:
1. Агрессивті баланың жанұясында ата-аналармен бала арасындағы эмоционалды байланыс бұзылған. Əсіресе əке мен ұл баласы арасында. Ата-ана бір-біріне жаушыл сезімде жəне бір-бірінің қызығулары мен құндылықтары үйлеспейді.
2. Əке жиі түрде өзі агрессивті əрекет-қылығының моделін демонстрациялайды, ортаға салады. Сонымен қатар өз балаларының бойындағы агрессивті тенденцияларды жақтап-қостайды, қолпаштайды.
3. Агрессивті балалардың аналары балаға талап қоймайды. Олардың əлеуметтік құндылықтарына селқос қарайды. Баланың үй шаруасында міндеттері болмайды.
4. Агрессивті ата-ананың балаларында өз əрекет-қылығы мен тəрбиелеу бір-біріне қарсылас келеді. Əдетте, өте қатал əке жəне тым жұмсақ ана, нəтижесінде балада оппозициянық əрекет-қылықтың моделі қалыптасады. Ол тікелей қоршаған ортада байқалады.
5. Агрессивті балалардың ата-аналары қолданатын негізгі тəрбиелік шаралар мынадай:
Денені жарақаттау;
Қауіп төндірулер;
Түрлі қолдауларда шектілік;
Баланы жиі изоляцияда ұстау;
Түрлі шектеулерді енгізу, қолдаудың болмауы;
Белгілі бір іс жағдайында сүйіспеншіліктен саналы түрде айыру.
6. Агрессивті балалардың ата-аналары өз балаларының деструктивті əрекет-қылығының себептерін түсінуге ұмтылыстың болмауы. Оның эмоционалдық дүниесіне селқостық көзқараста болу