Бразилия мен боливия, боксит

Скачать

Бразилияның сыртқы экономикалық байланыстары туралы қазақша реферат

     Латын   Америкасы   елдері    дүние   жүзілік   нарықта   дамыған   елдерге   аграрлы- шикізат   көзі    болып    табылады. Өнеркәсіптің   дамуымен   экспорт   құрылымында   елеулі   өзгерістер  болғанымен  де   аграрлы —  шикізат   мамандануы   әлі   де  болса   сақталуда. 1994   жылы   экспорт   мөлшерінің   60% —  ын   азық- түлік   тауарлары   мен   отын   шикізаттың   үлесінде. Сыртқа    қант, кофе, какао, банан, дәнді- дақылдар , цитрус   жемістері    мен  ет   шығарады. Ірі   экспорттаушы   елдер: қант —  Куба, Бразилия, Колумбия; кофе – Бразилия  мен  Колумбия ; банан  — Орталық  Америка   елдері, Бразилия ,Эквадор; дәнді – дақылдар   мен  ет  — Аргентина  мен  Уругвай. 90  — шы   жылдардың   басында  дүние  жүзілік   экспортта  бананның   үлесі   80%, кофе —  60%,   сиыр   — 10%   жоғары, мақта   мен  какао —   20%   жуық .

Латын   Америкасы   —  шикізат    тауарларының   ірі  экспорттаушысы, ең   алдымен   мұнай, қара   және   түсті   метал    кендері. Мысты   шығару   бйынша  —  Чили, қалайы —  Бразилия    мен   боливия,  боксит — Бразилия    мен   Ямайка, темір  рудасы  —  Бразилия  мен   Ямайка, темір  рудасы —  Бразилия , қорғасын  мен    мырыш   өндіру   бойынша    Перу  ерекшеленеді. Басқа    экспорт    тауарларының    ішінен   мақта  (Бразилия ),  жүн  және   былғары   (Аргентина  мен   Уругвай )  ерекше   көзге   түседі.

Индусртияландырудың   дамуымен    кейбір  елдер,  әсіресе   Аргентина, Бразилия, Мексика  өнеркәсіп   тауарларын   шығара  бастады. Өңдеуші   өнеркәсіптегі   экспорттағы   жалпы    үлесі   38% — ға   дейін   өсті. Өнеркәсіп   экспортының     ½ -і  Бразилияның   үлесінде  болса,   ¼ -і  Мексикаға  тиесілі. Өнеркәсіп   тауарларының   экспортында   Латын   Америкасында  дамып    келе    жатқан   экспортты   өңдеу   белдемі, ал   аймақта   индустриал    макиладорас   деген    атпен   белгілі. Алғашқы   макиладорас    Мексикада    1965  жылы   құрылды.  Макила   — көне   испандық   термин.  Макиладорас   мақсаты    ірі  корпорациялар  елде  өзінің  шикізаты  мен   жартылай   фабоикаттарын    әкеліп, өңдейді  және   дайын  өнімді   алып   кетеді.


Скачать


zharar.kz