Калькуляциялау мен шығындар есебінің әдісін тандау

Скачать


Калькуляциялау туралы қазақша реферат

Калькуляциялау-өзіндік құнды есептеуді білдіреді, немесе үнемі өнім шығарумен бір мезгілдегі (немесе қатар жүретін) өндіріс шығындарының қорытынды немесе екінші кезектен есебі деп санайды. Сәйкесінше, оның негізінде басқарушылықтың көптеген өзекті мәселелерін қамтитын проблемлары жатыр, олардың қатарында:

• өнімді өндіруте кеткен шығындар, сату бағасын белгілеудің базасы болып табылады (әсіресе, трансфертік бағаны, яғни ішкі бағаны қалыптастыру кезінде);

• өзіндік құн туралы ақпараттар өндірісті басқару мен болжауға негіз болады.



Калькуляциялау мен шығындар есебінің әдісін тандау — бұл калькуляциялау объектісі бойынша өндіріс шығындарының аналитикалық есебінің жиынтық әдістері мен калькуляциялаудың бірліктерін шығарудың тәсілдері, шығындарды калькуляциялаудың негізгі мақсаты: әр түрлі процестерді пайдалануда кеткен шығындардың есебі және оны өлшеу, сондай-ақ осы шығыңдарды алдын ала басшының белгілеп қойған нақты көрсеткіштермен салыстыру болып табылады. Бұл мағынада шығындар (есебі) калькуляциясы — бақылаудың маңызды құралы. Осы мақсатқа жауап беру үшін, жиналған шығындар көрсеткіштері субъектінің шешім қабылдау процесінде, ол айқын пайда (олжа) әкелсе де, қандай да бір жалпы құндылыққа ие болмау керек. Мұндай шығындардың негізгі құндылығы — онын бақылау жүйесінің өнімділік ролін арттыруында (атқаруында) және де оларды үнемі басшының алдын ала белгілеп қойған жоспарлы көрсеткіштермен салыстырылуында.


Скачать


zharar.kz