Адам іс — әрекетінің нәтижелілігі және тиімділігі оның ақыл ойының даму деңгейіне тікелей тәуелді. Демек, мектеп оқушыларының ойлау қабілетін дамыту күн тәртібінен түспеуі қажет, өйткені арнайы білім алу, жоғарғы кәсіби дайындықтан өту, қоғамға сай мәдениеттілік үрдістерін игеру, әсіресе табысты еңбек ету терең ойды, басқалардан өзгеше немесе жаңаша ойлауды талап етіп отыр. Белгілі академик Ю.Бабанскийдің пікіріне сүйенетін болсақ, қызметкерлердің ойлана білу мәдениеттілігіне қойылатын талаптар үлкен өзгерістерге ұшырауда [ 14]. Өндіріске ойы ұшқыр, икемді, жүйелі, диапазоны ауқымды, еңбек ету шарттары еңбек іс — әрекеттері сипатының өзгерісіне психологиялық жағынан дайын қызметкерлер қажет. Өндірісті жетілдіру, оған инновациялық технологияларды ендіруге байланысты шығармашылық ңскерлігі жнтілген, білімін өз бетінше толықтыра алатын, өндірістегі өзгерістерді шапшаң игере алатын, мамандар дайындау – бүгінгі биік талаптардың бірі болып есептеледі.
Келтірілген мәселелерді шешу үшін оқушылардың ақыл – ойын дамыту жөніндегі төмендегілей міндеттер, іс – шаралар ұтымды деп ойлаймыз.
1. Мектеп оқушыларын ғылыми – техникалық және әлеуметтік прогрес талаптарына сәйкес жалпы білім қорымен қаруландыру;
2. Ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, шығармашылқ жұмыстарға икемдеу;
3. Оқушылардың ақыл – ой күшін және танымдық қабілеттерін дамыту;
4. Оқушылардың білімге деген ынта – ықыласын, қызығушылығын арттыру, өз білімін тұрақты толықтыруға, ой өрісін кеңейтуге үйрету.
Оқушылардың танымдық және шығармашылық күштерін барынша дамытуға бағбарланған әдістерді қолдана білу, олрды ақыл ой тәрбиесі жөніндегі мәселелерді шешуге пайдалану.
Соңғы кездері адамдардың білімдері өз бетінше падалана білуіне үлкен мән беріледі, сондықтан оқушылар назарының басым бөлігі ақыл ой еңбегі мәдениетін үйрету амал — әдістеріне аударылғаны жөн деп есептейміз.
Осыған байланысты сабақ уақытының басым бөлігі оқушылардың ойлау іс — әрекетін белсендіруге, білімді өздігінен игеру амалдарын үйретуге әртүрлі білім және ақпарат көздерін пайдалана білуге арналуға тиісті
Технология сабақтарының 75 % оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарға бөлінеді. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының тиімділігі, олардың білімдерін тапсырманы орындауға пайдалана білуі, және біліктілігі.
Бақылау барысында байқалған кемшіліктерді, ағаттықтарды тіркейді, жеке оқушыларға ауызша көмек көрсетіледі, сондықтан оқу материалы оұушыларды технологиялық және еңбек процестерінің ең елеулі әрі мәнді мәселелерімен өндірісті ұйымдастыру амалдары және экономикалық іс — әрекеттерімен таныстырып оларға техникадан және ғылымның ең соңғы жетістіктеріне сәйкес даму келешегінен терең білім алуға мүмкіндік беретіндей мазмұнға құрылады. Берілген иатериал мазмұнында рационализаторлық іс — әрекеттер жөніндегі тәжірибелер туралы мәліметтер келтірілген жөн деп санаймыз.
Разионализаторлық іс — әрекеттердің мақсаты еңбек өнімділігін жожарылату, бірлік бұйымның өзіндік құнын төмендету болып табылады. Өнімнің өзіндік құны бұйымға жұмаслатын еңбек және уақыт мөлшерімен анықталады. Еңбек мөлшерін азайту үшін өнімділігі жоғарырақ жабдықтар, бейімдемелер және аспаптар пайдаланылады, еңбек түрлері механизацияланады, шапашң өңдеу әдістері ендіріледі.
Еңбек өнімділігінің деңгейіне, қосымша атқарылатын процесстерге де әсер етеді. Мысалы метал өңдеу станоктары мен бұйым тетік жасау барысында жұмыс уақытының 50-80%- і қосалұы істерге жұмсалатын көрінеді.
Жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру яғни тетіктерді орнатып, бекіту және оны босатып алу әрекеттерін жетілдіру уақыт шығынын азайтуға мүмкіндік береді, ал станоктың механизмін басқару, мәселен кескіштерді өңдейтін тетікке әкелу және әкету т.с.с. жетілдірілген аймақты қолдану уақыт шығындарын едәуір төмендетуге көмектеседі.
Жұмысшы адамның жұмыс үстінде шаршамауын қамтамасыз ету еңбектік қозғалыстардың тиімділіктрін арттырумен тікелей байланысты.
Мәселен, дайындаманы патронға бекітудің уақыт шығынын 70% ке дейін кемітетін тәсілдері ал, оны алудың 11 айласы бар екен, технология сабақтарында осындай мәселелерге үлкен назар аудару, оқыту, білім беру сапасын жақсарта түседі деп санауға болады.
Сабақ барысында өндіріс жаңашылдарының дайындаманы патронға бекіту, одан оны босатып алу, кескіштерді орнату, өңделетін тетңктерді бақылау сияқты еңбек қозғалыстары мен амалдарын оқушыларға үйрету олардың шығармашылық, жаңашыл іс-әрекеттерге қызығушылығы арта түсері сөзсіз.
Демек, оқушылардың алу , орнату, қондыру , бекіту сияқты барлық еңбек әрекеттерінің амал-айлаларын үйрету олардың еңбекке деген ықыласын, еңбектің қозғалыстар жөніндегі іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Машина құрастыру зауыттарында еңбек процестерінің санын мүмкіндігінше азайту үшін, бұйымды дайындаудың ең тиімді нұсқаларын жасау, дайындамаларды алудың өнімділігі жоғары әдістерді ойластыру оның дәлдігін жоғарлату, өңдеуге қалдырылған қабаттың қалыңдығын мейлінше азайту, амалдарды қосақабат жүргізу көліктік-көтеру амалдарын, механикалықөңдеу, жинау, құрастыру жұмыстарын автоматтандыру сияқты іс-әрекеттердің тиімділігін арттырумен тұрақты түрде шұғылданады [ ] Бұл келтірілген мәліметтердің бәрін мектеп жағдайында да қолдануға болады.
Мәселен, оқушыларды метал өңдеу жұмыстарын жүргізу барысында: дайындамалдарында өңдеуге қалдыратын қабаттың қалыңдығын азайту, метал мөлшерін үнемдеуге, жаңқаларды азайтуға, энергия шығындарын кемітуге дайындаманың формасы мен мөлшерін, дайын бұйымның формасы мен мөлшеріне мүмкіндігінше жақындатуға механикалық өңдеудің технологиялық процесстерін қарқындату (кесу мен бірлестердің жылдамдығын арттыру амалдар мен ауыстыруларды тиімділендіру т.б), металды механикалық өңдеу тәсілдерін автоматтандыру, форма түзудің (тетіктердің) жаңа процесстерінде – яғни кесудің орнына пластикалық деформацияларды, сондай-ақ өңдеуде электрохимиялық, ультрадыбысты және басқадай прогресивті әдістерді қолдану сияқты жұмыстардың қыр-сырларын таныстыруды үнеміназарда ұстап келтірілген мәселелер бойынша ұғындыру іскерлікке баулиды өнер табуға шығармашылыққа, кәсіпкерлік іс-әрекеттерге бейімдейді.
Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, атқарылатын жұмыстардың тиімді жүргізілуіне тиімді әсер етеді.
Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға жабықтарды, аспаптарды, дайындамаларды жұмыстың орындалу тәртіп ретіне қарай орайластырып орналастыру көп ұтыс береді, жұмысшы ыңғайлы, жалықтырмайтын, шараштпайтын қимылдар жасайды. Артық қимылдарды барынша қысқарту мүмкіндіктері, орындалатын жұмыстың,қолданылатын амалдардың сипатына, тетіктердің мөлшерімен массасына көтеруші механизмдер бар болуына байланысты.
Кесте – 2
Өнімдер
1кг баға
Колбаса 1кг
Манты 1кг
Тұшпара 1кг
Фарш 1 кг
Супнабор 1 кг
гр
Ба-с
гр
Ба-с
гр
Ба-с
гр
Ба-с
гр
Ба-с
Сиыр еті
250
680
170,5
400
100
300
75
750
187,5
1кг
120
Тоң май
140
100
14
100
14
200
208
100
14
Сұйық май
140
100
14
—
—
50
7
100
14
Ішек
140
50
7
—
—
—
—
—
—
Специй
230
50
11,5
50
12,5
30
6,9
30
6,9
Тұз
14
20
1,4
20
1,4
20
1,4
20
1,4
Көкөніс
15
—
—
130
1,95
200
3
—
—
Ұн
40
—
—
300
12
200
8
—
—
барлығы
218,4
141,85
129,3
223,8
83335
2. Ағаш материалының түсі неге байланысты ?
а) ағаштың жасы мен қорщаған ортасына
ә) қабығына
б) жасына
3. Не себепті ылғал ағашты өңдеу алдында кептіреді ?
а) ылғал ағашты өңдеуге қиындықтар келтіреді, олар тез шіриді, одан жасалған бұйымдар кебу барысында көлемі мен пішінін өзгертеді, жарылып кетеді.
ә) ылғал ағашты өңдеу қиын
б) ылғалы көп ағаштың беріктігі құрғақ ағашқа қарағанда аздау болады, өңдеуге жеңіл
4. Әдетте, ағаш сыртқы бетінен бастап тез кебеді, сондықтан оның сыртқы беті шытынап, жарықтар пайда болады. Ағаштың сыртқы қабаты жарылмау үшін қандай шаралар жүзеге асырылады ?
а) Майлы бояу немесе борлы әк құйылады
ә) Қабығын аршиды
б) Көлеңке жерде бірнеше ай ұстайды
5. Ағаш мүкістерін көп тараған түрлері қандай ?
а) жарық, бұтақ
ә) бұтақ, без, талшықтың қисаюы, қос өзектілік, қуыс шірік т.б. [30, 31, 32, 33]
Тест сұрақтарына жауап қайтарылып біткеннен кейін, технологиялық картаны дайындауға қажет оқушы білімдері пысықталды ол үшін алдын – ала дайындалған плакаттар, сызбалар, өлшеуіш құралдар т.б. жабдықтар қолданылды. Сұрақтар жауабында оқушылардың материал қасиеттерін жетік білуіне, жасалатын бұйымның жеңіл шағын, ыңғайлы болуына, бұйымның технологиялық картасына сәйкес құжаттың сызба элементтерін игеру деңгейлері анықталады. Кейбір мәселелер қайта пысықталды, мысалдар келтірілді, оқушылардың білімдері тиянақталып тереңдетілді, [24, 26, 27, 28]
Жаңа сабақта бұйымды жасау, оның технологиялық картасын дайындау тәртіптері мен талаптары ұғындырылды, технологиялық картасының анықтамасы берілді. Технологиылық картаның дайындамалармен материалдардың дайын бұйымға айналғанға дейінгі жолдары көрсетілетін құжат екендігі ұғындырылды. Бұл құжатта бұйымды дайындаудың кезеңіндегі технологиялық процестер, қолданылатын материалдар, құрылғылар, құрал- жабдықтар түрлері және басқа мәліметтер беріледі.Сөзіміз дәлелді болу үшін төменде тақтайша жасаудың технологиялық картасын келтіріп отырмыз.
Оқушыларды кәсіпке, кәсіпкерлікке, шығармашылыққа икемдеуде метал өңдеумен, метал бұйымдар жасаумен байланысты іс- әрекеттердің мол мүмкіндіктері бар.
Өнеркәсіптің дамуымен шаруашылықтың барлық салаларындағы техникалық прогресс маман жұмысшы кадрлар дайындауға, олардың кәсіптік шеберлігіне үлкен талаптар қойып отыр.Қазіргі жастар келешек кәсіпкерлер таңдап алған мамандығын саналы түрде, терең және берік игеру, өндірістік мамандығын одан әрі жетілдіріп, еңбек өнімділігін арттыру үшін қазіргі заманғы техника мен технологияның негіздерін тыңғылықты білуге талпынуы керек.Мұндай талпыныстар теориялық дайындықпен қамтамасыз етіледі.Болашақ инженерлер, жөндеушілер, аспап мамандары, ең алдмен метал өңдеу жұмыстарына жетік болуға тиісті. Олар белгі салу, шаып кесу, тілу, егеу, тесу, бұрғылау, қайрақпен ысқылау, дәнекерлеу, тойтару үшін қолданылатын амалдарды, аспаптарды игеріп өздерінің метал өңдеу саласынан білім, іскерлік және дағдыларын қалыптастырып, таңдаған мамандықтарын жетілдіре түседі. [36]
Қарапайым бөлшектерді өңдеудің қыр сырларына үңіле отырып өңдеу амалдарының негізгі түрлерін қарастырайық. Мысалы, бір пластинка қажет болды делік, ол барлық жағынан өңделген, әрі оның екі тесігі болуға тиісті. Тесіктің біреуі дәл – калибрлі, ал екіншісі бұранда бедерлі ( резьба) болуы шарт. Бұл бұйым табақ металдан жасалады. Өңдеуді тездету үшін, сызғышпен листің сыртқы бетіне сызбаға сәйкес тетіктің контуры бойынша сызықтар жүргізеді. Бұл барлық метал өңдеу амалдарының алғашқы кезеңі делінеді, әрі белгі салу деп аталады. Болашақ тетік белгіленген соң, металдың керекті бөлігі листен бөлініп алынады, осы мақсатты көздеп аспап шапқыны алады да онымен дайындаманы шапқылайды, шапқылау операциясы дейді немесе оны қайшының не қол араның көмегімен тіледі ( мұны тілу операциясы дейді).
Шапқылау немесе тілу кезеңінде дайындама майысып қисаюы мүмкін, оны бұдан әрі өңдеу алдында түзетіп жазу керек. Көбіне керісінше жұмыс атқару керек болады, оған ілмек тұтқа, бұрыштама сияқты түр беру үшін қолда бар дайындаманы иеді, осы кезді ию операциясы деп атайды. Пластинканың керекті түрі мен көлеміне егеудің көмегі арқылы қол жетеді. Ол пластинканы қысқышқа бекітіп, жан-жағын егейді. Керекті көлемге дейін егелеп, өңделген пластнканы екі жерден бұрғымен теседі. Ол тесіктің дәл өлшемі ұңғылау, кейін зенгерлеу мен бұрғылау арқылы жасалады да, бұранда бедері метчикпен шығарылады. Бұдан басқа неғұрлым күрделі өңдеу операциялары формасы күрделі детальдарды белгілеу, кеңістікте белгі салу, түрлі формалы тесіктер алу, екі детальды қосып дәл өңдеу, егелеу, өте жоғары дәлдікпен саңылаусыз қосылатын, өңделуі таза болу мақсатын көздейтін дәл өңдеу операциялары шабырлау және үйкелеу ( притирка), бірінші детальдарды өзара біртұтас етіп біріктіретін тойтару, дәнекерлеу және қалайылау операциялары болады.
Жоғарыда қаралған мысалдан кез-келген детальды жасау үшін слесарьлық операциялар бірінен кейін бірі бір тәртіппен, жүйемен жүретінін көрдік, осы бөлшек өңдеу операцияларының бір жүйемен жүүргізілетін жиынтығын технологиялық процесс деп атайды.
Дайын бұйым алу үшін көптеген амалдардың еңбегі қажет. Әуелі табиғи шикізаттардан метал қорытып шығарады. Содан кейін металдан дайындама жасайды, оны өңдей отырып деталь алады. Сол детальдан машина немесе басқа бұйымдар жасалады.
Осы кәсіпорындарға келіп түскен жартылай фабрикаттардан дайын өнім алу процесі өндіріс процесі деп аталады. Бір нақтылы детальды өңдеумен байланысты өндіріс процесінің бөлігін өңдеуді технологиялық процесс деп атайды. Детальдарды өңдеудің технологиялық процесі деп аталады.
отыр. Қазіргі жастар келешек кәсіпкерлер таңдап алған мамандығын сана
Кейбір мектеп тәжірибелеріне сүйенетін болсақ, мектептерде метал өңдну саьақтарына белгілі дәрежеде мән берілмей келеді. Сабақ жалаң баяндаулармен көрсетулермн шектеледі. Шын мәнінде сабақ жоспары оқушыға да оқытушыға да жол көрсетер, бағдар берер көрегендік элементіне негізделетін құжат. Сондықтан ғылыми әдістемелік басылымдардан әрі біздің сыни тұрғымызда өткен сабақ жоспарын ұсынып отырмыз.
Металды егеп өңдеу сабағының жоспары.
Сабақтың мақсаты: оқушыларды егеудің түрлерімен таныстыру, металды егеп өңдеудің әдістерін үйрету.
Сабақтың білімдік міндеті: металл беттерін егеудежазық және дөңес, ойық беттерде, қима, ойық жырашық бөліктердің іштерін, барлық формадағы тесіктерді, бір-біріне әртүрлі бұрыш жасай орналасқан беттерді өңдеуді үйрету;
Дамытушылық міндеті: теориялық бөлімдерін практикалық іс- әрекеттерге ұштастырып, оны іс жүзінде пайдалану;
Тәрбиелік міндеті: бұл слесарьлық құралдың, яғни егеудің қай кезде де жұмысқа қажет екенін түсіндіру, ептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: егеу түрлері, технологиялық нұсқау карта.
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды тексеру, сарамандық жұмыс киімдерін түгендеу.
б) өткен сабақты еске түсіру.
1. Қол араның негізгі типтері қандай?
2. Қалыңдығы 2 мм жалпақ болат темірді немен кесуге болады?
3. Қол қайшылардың құрылысының өзгешелігі не?
4. Арамен метал кесудің негізгі ережелерін айтыңдар.
ІІ. Жаңа сабақ. Бағдарлама бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың мақсатын әңгімелеу.
Металды егеу деп – егеулердің көмегімен металды жаңқалап тегістеу операциясын айтады. Егеу – көлденең қимасы белгілі бір формуладағы ьолат стеженьнен жасалған жону аспабы. Оның беттеріне жоңғыш тістер міндетін атқаратын кертіктер салынған. Егеу бөліктері: жалпақ жағы, жұқа жағы, ұшы, сай тірегі, саптық бөлімі. Егеу буттурінің кертігі — бір қабат, қос қабат, түрпі және доға тәрізді болады. Слесарь егеулнрінің жұмысқа арналған стандартқа сәйкес 8 түрі болады: жалпақ, жалпақ ұшы сүйір, квадрат жақты, үш қырлы, жұмыр, жартылай жұмыр, ромб жақты, қол ара тәрізді.
Сарамандық жұмыс: өз беттерінше жаттығу жұмыстарын атқарады.
Жазықтық бетін егеу. Домалақ пруттан төртбұрышты бұйым дайындау.66 ұзындығы 50 мм.
а ) Бұйымның сызасымен таныстыру.
ә) Жазық бетін егеу әдістерін көрсету.
б) Егеуді дұрыс ұстауды және дұрыс тұру әдістерін көрсету.
Жұмыс кезінде оқушылардың жұмыс орнын аралау.
1. Жұмыс орнының және және құрал – саймандардың дұрыстығын тексеру.
2. Бұйымның жасалу технологиылық картсымен таныстырып, материалдың дұрыстсғсн тексеру.
3. Бұйымның қысқаша дұрыс бекітілуін тексеру.
4. Әр оқушыға жеке жеке тоқтап, көмек көрсетіп егелеу әдістерін меңгерту, көрсету.
5. гелеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға көңіл бөлу.
6. Дайын бұйымдарды қабылдау.
7. Қорытынды.
а) Жасалған бұйымдарды қабылдап, оқушылар еңбңгін бағалау;
ә) Жіберілген қателерді қайта түсіндіріп, оны іс жүзінде көрсету;
б) Жақсы жасалған жұмыстарды атап көрсету.
в) Алдағы уақытты слесарьлық бұйымдар жасағанда бұл операциялардың өте қажетекенін ескерту;
г) Үйге тапсырма: конспектілер арқылы слесарьлық іс туралы оқу;
д) Жұмыс орнын жинастырып, құрал –саймандарды мұғалімге тапсыру.
Технология сабақтарында оқушылапды кәсіпкерлікке бейімдеудің бір жолы, олады экономикалық есептерге, материалдардың, энергияның, және басқада шығындарды есептеулерге үйрету, мұндай іс — әрекеттер оқушыларды өмірге дайындайды, кәсіпкерлікке ынтасын оятады.
Оқушыларды дайындаған бұйымның құны материалдарға, электр энергиясына және еңбек ақыға кеткен шығындардан тұрады.
Бұл шығындарды есептеу үшін бұйымның тетіктеріне ( құраушыларын) қанша және қандай материалдар кететінін анықтау керек. Әртүрлі материалдың бірліктерінің әрқалай екенін білу қажет. Мұндай көрсеткіштер материалға және оның мөлшеріне тәуелді болып келеді. Мысалы, кафельдік плиткалар жеке дана сандарымен немесе шаршы метрмен өлшенеді.
Енді қолданылып жүрген материалдар бірліктерін келтірейік.
1) болат листілер, сортты прокат;
2) ағаш текше метр;
3) фанера, ДСП, ДВП плита данасы, шаршы метр, текше метр;
4) рейкалар – ұзындық метрлер ( погонды м)
Әдетте бұл бірліктермен пайдалану едәуір қиындықтар келтіреді, сондықтан оларды үйренушілікті бірліктерге ауыстыра білу керек. Мысалы, ені 2мм өлшемдері 200300 мм табақ болаттан жасалатын дайындама құнын табайық. Дайындаманың қанша тұратынын білу үшін оның массасын таразы арқылы өлшеу керек, алайда әрқашан мұндай жұмысты іске асыру мүмкін бола бермейді.сондықтан оның массасын білу үшін басқа әдісті пайдаланамыз, ол үшін барлық бірлікті СИ жүйесіне көшіреміз.
2мм м
200 мм= 0,2м
300мм= 0,3м
1т =1000 кг
Дайындаманың құнын анықтау үшін оның тоннамен табылған массасы 1 тонна болатбаасына көбейтіледі. Ал дайындама массасын анықтау үшін оның текше метрмен ( м) алынған көлемі болаттың тығыздығына көбейтіледі, болаттың тығыздығы 7600 кг м екені белгілі.
Көлемді табу үшін дайындама ұзындығы, ені, қалыңдығы көбейтіледі:
текше метр м
Дайындама массасы кейіиемесі бойынша анықталады:
т м0,000912 т
1 тонна болаттың баасын шартты 500000 =456 теңге десек онда дайыдама құны
теңге
Енді дайындалатын бұйымға кететін шығындарды есептеу тәсілдер көрсетейік, ол үшін ағаш материалдарды арамен кесуге жеңілдетуге бейімделген құрылғы жасауға кеткен шығынды есептейміз. Құрылғының техникалық суреті және сызбасы 7- суретте көрсетілген.
Бұйым бойынша үш бөліктен тұрады, олар негіз және тіректер деп аталады.Тіректің саны екеу, тіректер негізге шегемен бекітілген.
Екі бірдей тіректі дайындау үшін өлшемдері 3535230 ммдайындама керек. Негізге кеткен ағаш көлемін табамыз, ол үшін милиметрмен берілген сызықтық өлшемдерін метрмен өрнектейміз:
25мм= 0,025м
105мм= 0,105м
220мм = 0,22м
текше м.
Екі бірдей тіректі дайындау үшін өлшемдері 3535230мм дайындама керек.
35мм =0,035м
230мм =0,23м
текше м
Шығындалған ағаш көлемдерін анықтаймыз.
текше м
1 текше м ағаштың ( тілінген тақтаның) шартты бағасы 40000 теңге деп аламыз.
Шығындалған ағаш материалының құнын есептейміз
теңге
Тетіктерді бекіту үшін 4 шеге керек, әр шегенің массасы 2г. 1кг шегенің шартты бағасы 1000тг, ал 10шеге 2 тг тұрса 4 шеге 8тг болады.
тг ( Бұл шегеге кеткен шығын)
Бұйымды әрлеуге 20 г лак жұмсалады. 1кг лак 500 теңгеге бағаланады, ал 20г лак бағасы
тг
Сонымен барлық шығын тг болды.
Материалдар бағасы шартты түде алынды. Әрине, есептеулер нақты жағдайрарға сәйкес келмейді, бұлар тек оқушылардың шығындары есептей білуге үйретудің амалдары ғана.