Жапониядағы феодалдық тәртіптің дағдарысы туралы қазақша реферат

Скачать

Жапониядағы феодалдық тәртіптің дағдарысы туралы қазақша реферат

         Жаңа заман кезеңінде Жапонияда да Азияның басқа елдері сынды феодалдық мемлекет болды. Бірақ Азияның басқа елдері Қытай, Иран, Осман империясына қарағанда Жапон қоғамындағы феодалдық қатынас феодал иеліктерінің көптігімен ерекшеленеді. Сонау орта ғасырларда Индия, Қытай, Жапонияда қалалар пайда болды. Бір ерекшелігі Жапон қалалары сол кездің өзінде-ақ феодалдардан тәуелсіздік алып, еркін муниципалды басқару жүйесі бар қалаларға айналды. Азия елдерімен тығыз байланыста болған Жапония буддизм, конфуцизм сынды идеологиялық жүйелерді қабылдады. Азия Батыс елдеріне қарағанда феодалдық тәртіп ұзақ сақталды. Жапон қоғамында сонау 16 ғасырдың өзінде-ақ алғашқы буржуазиялық укладтар, өсімқорлық орталықтар жалдамалы еңбекке негізделген мануфактуралық өндіріс, тауар-ақша  қатынастары енді. Батыс елдерінде бұл уақытта үлкен ғылыми ашылымдар мен Ренесанс кезеңі, ұлы географиялық ашылымдар сынды тарихи оқиғалар болып жатты. Теңіз жолы ашылған соң ескі құрлықтағы сауда жолын маңызын жойды. Бұл Азиядағы ірі қуатты елдердің артта қалуына тікелей себепкер болды. Европалықтар теңізде жүзуді меңгеріп Оңтүстік Азиядағы әлсіз аймақтарды колониялай бастады. 1497 жылы португал теңізшісі Васко Да Гама Үндістанға жете кешінен испандықтар мен голландтар Индонезия мен Филиппинді иеленді. Әлсіз алғашқы қоғамдық құрылыстық даму сатысындағы жергілікті тұрғындар европалықтарға қарсылық көрсете алмады.

1542 жылы португалдықтар тұңғыш рет Жапонияның оңтүстігіндегі Кюсю аралына табан тіреді. Будан кейін португалдықтардың Жапон жағалауларына келуі жиіледі


Португалдықтар Жапонияның оңтүстігіндегі князьдер мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында оқ дәрімен атылатын қаруды алтынға айырбастап отырды.

1549 жылдан бастап елге Рим папасының қолдауымен христиан- католиктік миссионерлер көптеп келе бастады. Бұл миссионерлер мен көпестерді жергілікті феодалдар қолдау көрсетті. Жапониямен сауда байланысында Жапондықтар қыруар табысқа кенелді. Жапон феодалдары да өз кезегінде европалық қару — жарақтарды сатып алуға мүдделі болды.

Миссионерлер елде кең ахуалды үгіт насихат жүргізіп, зор табысқа жетті. 16 ғасырдың 80-ші жылдары Кюсю аралында 100000 христиан болса, 17 ғасырдың ортасында 700000 — ға жетті. Сонымен бірге бір уақытта ағылшын және голланд көпестері де Жапонияға келе бастады.

Европалықтардың елге келуі, Жапонияның бірігуі үшін күрес болып жатқан тұсқа сай келді. Елдегі сегун билігі номиналды ғана болды. Оңтүстігінде ұлы княздіктер сегунға бағынбады. Феодалдардың елді біріктіру үшін күресуі бір жағынан европалықтар тарапынан төнген тікелей қауіпке байланысты болды.

Елді біріктіру жолындағы күресте жапонның аңызға айналған 3 тұлғасы Ода Нобунага, Теотому Хидаеси, Ияху Токугава сынды тұлғалар шықты. Жапондар бұл үш арысын осы күнге дейін құрметпен пір тұтады. Елдің бірігуіне тағы бір себеп шаруалардың феодалдарға қарсы таластармаған бас көтерулері әсер етті.

Сонау 7 ғасырда қалыптасқан императорлар билігі 16 ғасырда құқығынан айрылып қала сыртындағы сарайда мамыратай тіршілік қалпына көшті. Сегун әскерлері император сарайын қатаң күзетті, ішкі, сыртқы қатынастарын бақылауға алды. Жапон императоры қатты құрметтелді. әрі ол жоғарғы абыз саналды. 17 ғасыр басында Иэясу Токугава өз билігіне Жапонияның көп бөлігін қаратып, сегун болып жарияланды. Осы кезден бастап токугава сегунаты жалпы 250 жыл билік етті. Сегун елді шексіз билеп кең құқықтар иеленді. Жалпы алғанда архипелагтық ірі Хонсю, Кюсю, Сикокуу, Хоккайдо мен майда аралдардан құралған Жапониядағы бытыраңқылық пен феодалдық сепаратизм жойылды.

17 ғасыр басында Жапон халқының саны 17 млн-ды құраса 17 ғасырдың соңында 25 млн-ға дейін өсті. Жерді жеке меншік ретінді сегун, феодалдар мен буддалық және синтойстік храмдар мен монастырлар иеленді. Сегун, княздер мен бай ауқатты самурайлар иелігінде шаруалар еңбек етті. Шаруалар еңбек өнімінің жартысынан астамын қожайындарына төлесе, жан басы салығын сегун қазынасына төледі, қалған бөлігі күнелтуге зорға жетті. Сол кездіге шаруалар жағдайы жапон тарихшысы Эйдзиро Хондзе былай суреттейді: Шаруалардың қолы мен аяғы кісендеулі, бұғаулы болды. Сегунды, феодалдарды асырап отырған бұл шаруалар тек қана салық төлеу үшін жаралған. Шаруаларға мақтадан тігілген киімдерді киінуіне тыйым салынды. Күрішті шаруалардың қолданылуы тым артық саналды. Шаруа бұл күнжіт майы неғұрлым қаттырақ сықсан, соғұрлым көбірек май аласын деген мақал қоғамда кең тараған


Шаруаларды қанау олардың ашаршылыққа күйзеліске әкелді. Шаруалар күйзелістен шығу үшін өсімқорлардан қарыз алды, соңында олар төлей алмас қарыздарға айналды. Өсімқорлық капитал жүйесі жапон деревьнясына тереңдеп ене бастады.

Токугава саясатының елді біріктіру қалалар мен сауданың өркендеуіне жол ашты. Токугава тұсында 200-ге жуық қалалар мен қалалық типтегі поселкілер болды. Олардың ірілері Эдо, Осака, Киото және басқа қалаларда жүз мыңнан астам халық тұрды. Жапон қалалары қолөнер мен сауданың орталығы болды. Қолөнершілер цехқа бірігіп, кей салаларда монополия болып алды. 17 ғасырдан бастап мануфактуралық типтегі өндіріс орындарының саны өсті. Қаладағы көпестер өте ауқатты тұрып, қоғам өміріне өз ықпалын жүргізе алды. Кейбір көпестерді байлығына соншалық сегун мен княздерді қаржыландыратын сенімді адамдарға айналды. Көпестер кедейленген феодалдар мен княздердің шаруашылықтарын, өндіріс орындарын өз қолдарына алды.

Токугава сегунаты тұсында елге феодалдық қатынас дағдарысқа ұшырады. Шаруаларды қанау одан ары күшейді. Барған сайын төменгі тап өкілдерінің бас көтерушілері күшейді.

17 ғасырдың 30-шы жылдарында сегун Иэяцу Токугава Жапонияның сыртқы әлемнен оқшалануы туралы бірқатар шараларды іске асырды. Европалықтарды және христиан миссионерлерін елден қуу, христиан дінінің одан ары тарауына жол бермеу шаралар ерекше орын алды. 1640 жылы португалдықтар макао портына келіп, сегунмен келіссөз жүргізу мақсатын айтып өтті, миссия қатысушыларының бірі дарға асылды.

Жапонияның Жабық есік саясатын ұстануы Европалықтардың елге ықпал етуін доғарып, феодалдық тәртіпті ретке келтіру мақсатында жасалды. Сегун мен феодалдықтар Европалықтардың келуі өз біліктерінен айыруы мүмкін деп қорықты. Бұған себеп 1637 жылы Симабарадағы христиан туы астындағы шаруалардың антифеодалдық бас көтеру болды.

Жапонияның ресми табылуы Европамен сауда байланыстарын тоқтатты. Тек Симабарадағы көтерілісті басуға көмектескен үшін голландықтарға ғана кейбір порттарға келуге мүмкіндік берілді. Жапония, Қытай көпестерімен сауданы жандандырып, екі елде ашық сауданы өркендетті. Жапон көпестері Қытай, Индонезияда, Филиппиныда сауда жүргізді.

17 ғасырда орыс теңізшілері де Тыңық мұхитының солтүстік айдынында жүзіп жүрді. 18 ғасырдан бастап орыс теңізшілері Куриль аралдарын игере бастады. 1739 жылы В. Беринг экспедициясы Жапон жағалауларына жетті 1792-1793 жылдары орыс теңізшілері А.К. Лаксман Жапон үкіметімен сауда келісімдері туралы келіссөздер жүргізбек ниеттері сәтсіз болды. Жапонияның біршама уақытта оралықтануы елдегі өзара қақтығыстарды тоқтатып, шаруашылықтың дамуына мүмкіндік берді. Деревняға товар-ақша қатынастары енді, қолөнер өркендеді, Жапонияның феодалдық экономикасында капиталистік укладтар басталды.

18 ғасырдың мануфактуралық өндіріс өркендеп, тігін, шарап өндіру, бояу өндірісі, қант, қағаз өнеркәсіптері кеңейді. Бір сөзбен айтқанда жапон экономикасының капиталистенуіне феодалдық тәртіп бөгет жасады. Шаруаларды қанау барынша күшейе түсті. Төменгі сословиеге салынатын салық түрлері де көбейді. Бүкіл 18 ғасырда он бойы шаруалар көтерілістерімен ерекшеленді. Токугава сегунаты тұсында елде сословиелік күрес анық байқалды. Бір уақытта Батыс Европада  өнеркәсіптік капитализм жеңіске жетіп нық орнықты. Батыс елдері отаршылдық қиғылды көздеп, Азияның әлсіз елдеріне ауыз сала бастады. Жапонияда феодалдық тәртіп терең дағдарыс шегінде тұрды. Батыс елдерінің бұл елді колониялау қауіпі тұрды


Скачать


zharar.kz