Қасақана жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар туралы қазақша реферат
Енді ауыр дене жарақатын салу түсінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалпы денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз түрде немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолы-мен, әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін бұзу арқылы зиян келтіруді айтамыз.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруұғымына келетін болсақ, ол былай делінген: Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қан-дай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет әлпетінің қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру .
Осы 103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік: Денсаулыққа келтірілген зиянды сот-медициналық бағалау Ережесі 1998жылы 4-мамырда Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігі-нің Денсаулық сақтау комитетінің № 240 бұйрығымен бекітілген. Осы Ережеге сәйкес:
Адамның өміріне қауіпті зиянға – миға зақым келтірілместен бас сүйегіне келтірілген жарқат; бас сүйектерінің ашық немесе жабық сынуы; ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; өмірге қауіпті түрде миға қан құйылуы; адамның іш құрылысының, ас қорыту, зәр шығару органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру; бел омыртқаны ауыр күйде зақымдау тағы басқа жарақаттар келтірулер жатады. Өмірге қауіпті жарақаттың тізбегі жоғары-да айтылған Ереженің 7-тармағында көрсетілген.
Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден айырылу – бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре алмайтын жағдайға душар болады. Айтып кететін бір жайт, адамның көре алмауы емделусіз болуы керек, уақытша көруден айырылу ауыр дене жарақатының элементі болмайды, яғни ол орташа ауырлықтағы дене жарақаты болып табылмайды. Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бір көздің көруінен айырылу салдарынан адам көзінің көру шеңбері 30 процентке тарылады және бинокулярлық көрудің бұзылуына әкеп соғады, ал мұндай жағдайлар кейбір кездері белгілі бір нәрселерді нақты қабылдау қабілеттілігін қиынға соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі, бір көзден айрылған адам мамандық түрін таңдағанда ғана емес, сонымен қатар дем алу кездерінде де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір кездері бақытсыздық жағдайларының обьектісі болуы мүмкін. Сондықтан да көздің көру қабілетін 35% мөлшерінде жоғалту немесе 2-метр қашықтықта бармақтың санын көре алмауы денсаулыққа ауыр зиян келтіреді деп есептелінеді және ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.
Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айырылу – сөйлеу қабілетін, ол ойын айналасындыларға түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу қабілетін біржола жоғалту. Дауысын жоғалту салда-рынан, яғни афония жағдайында адам өзінің ойларын тек қана сыбырлап жеткізе алады. Мұндай жағдайлар адамның еңбек ету қабілеттілігінің 25% мөлшерінде жоғалтуына әкеп соғады. Сөйлей алмау нәтижесінен адам қоғамдағы қатынастарға активті түрде қатыса алмайды, барлық уақытта өзінің бір кемшілігінің бар екенін сезінеді, адамдармен сөйлесуден аулақ жүреді, сондықтан да тілден айырылу адам денсаулығы үшін орасан зиянды болып табылғандықтан ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді.
Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей қалу деп мүлде айықпайтын кереңдік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын
жерден, құлағынан 3-6 см қашықтықта айтқанда ғана ести алатындай жағ-дайда қалуы. Жалпы есту – адам организмінің сезім органдарының бірі. Күнделікті қарым-қатынас, жұмыс, дем алу уақыттары, теледидардан, радиодан хабар алу, есту сезімімен өте тығыз байланысты. Екі құлақтың есітпей қалуы – ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді. Бір құлақтың есітпей қалуы – жалпы еңбек қабілетінің 15 процентін, яғни кемінде үштен бірін жоғалту емес, сондықтан ол денсаулықтың бұзылуына әкеп соққан жеңіл жарақат деп бағаланады.
Қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін жоғалтуға – аяқтың, қолдың физикалық тұрғыда денеден айырылып қа-луын немесе сол қалпында қалуы жатады және бұл жағдай ауыр дене жара-қаты ретінде бағаланады. Жыныс қатынастарының қабілетін жоғалту, екі ені де зақымданып, оларды алып тастауға әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу қабілетінен айырылу деп саналады да, ауыр дене жарақаты қатарына жатады.
Сот медицинасы тәжірибесінде беттің жаралануы тым жиі кездеседі. Бет жарақатын бағалау кезінде бірқатар факторларды: жарақат салған кезде оның адам өміріне қауіптілігін, сезім мүшелерінің зақымдануын және бет пішінінің қалпына келмейтіндей болып бұзылуын ескеру керек. Бет сиқы-лының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет жарақатының жазылуы дегеніміз — тыртық көлемінің кішіреюі, табиғи жағдайлардың нәтижесінде олардың өңінің өзгеоуі, мысалы, тырнақтардың әжімдерге, мойын қыртыс-тарына және тағы басқа ұқсап тұруы болып табылады, сондай-ақ консерва-тивтік емдеу әдістерінің нәтижелері де осыған жатады. Ал егер консерва-тивтік емдеу жақсы нәтижеге жеткізбей, зақымданушыға косметикалық операциялар жасалса, жарақат операцияның нәтижесіне қарамастан қалпына келмейтін жарақат деп қаралады да ауыр дене жарақатына жата-ды, өйткені мұндай жағдайда орын алатын іш құса болып қатты қайғыруға бет-пішіннің өзгеруі ғана емес, адамның қоғаммен байланысының бұзылу қаупі де негіз болады.
Еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалту деп – жалпы еңбек қабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік айтылады. Еңбек қабілетінің үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның жалпы еңбек қабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жарақат зар-даптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгерістермен бірге байла-нысты. Еңбек қабілетін жоғалту тек тұрақты болады. Жалпы еңбек қабілітінің 38% мөлшерін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Кәсіптік еңбек қабілетін жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамның кәсіптік еңбек қабілетінен айыруға ниеттенгендік анықталатын жағдайларда тергеушінің қаулысы немесе сот қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбекке қабілетті адамның еңбек қабілетін жоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға, кәмелетке толмаған жасқа, 1-топтағы мүгедекке, яғни еңбекке жарамсыз адамдарға саналуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады: а) балалардың кейін ол 10 жасқа толғанда еңбек қабілетін қандай дәрежеде жоғалтқаны көрсетіледі; б)мү-гедек адамның алынған жарақатқа байланысты еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты анықталады, яғни мүгедектігі мен тобы ескерілмейді.
Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екіқабат екендігінің мерзіміне қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады. Бұл орайда арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші организмінің жеке ерекшеліктеріне, яғни ауырлығына немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оған дене жарақатының тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс.
Жарақат алуға байланысты іш құса болу ауыр дене жарақатының белгісі болып табылады. Мысалы: бас сүйек жарақатына байланысты пайда болатын қояншық осындай ауру. Іш құсының диагнозын қою және оның себебі жарақат алуға байланысты екенін анықтау сот-психиатриялық сарапшының құзыретіне жатады.
Есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудыру денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Бұл есірткі немесе уытты у арқылы адамды соған душар етіп, оған ауыр дене жарақа-тын келтіру болып табылады.
Енді жоғарыда көрсетіп кеткен 103-бапқа қайта оралып, оның екінші тармағына тоқталайық. Осы бартың 1-тармағындағы әрекеттер:
Екі немесе оданда көп адамға қатысты жасалса;
Адамның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты жасалса;
Кінәліге дәрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамға қатысты жасалса;
Аса қатігездікпен жасалса;
Ұйымдасқан топпен жасалса;
Жалдау бойынша;
Бұзақылық ниетпен;
Әлеуметтік, ұлттық, діни өшпенділік тұрғысында;
Жәбірленушінің тінін және мүшелерін пайдалану мақсатында;
Бірнеше рет жасалса немесе осы Кодекстің 96-бабында көзделген кісі өлтірген адам жасаса,- деп атап көрсетілген.
Осы 103-баптың 1 және 2-тармағында көзделген әрекеттер абайсызда жәбір-ленушінің өліміне әкеп соғуы мүмкін. Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өлімі бір құрамдағы екі кінә нысаны ретінде көрініс табады:
1) қасақана ауыр дене жарақатын келтіру;
2) абайсызда жәбірленушіге өлім келтіру;
Ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соғатын кінәлінің әрекеттері тікелей басқа адамның денсаулығына қарсы қылмысқа жатады. Жалпы кінәләнің әрекеттерінің субьективтік жағын қарастырсақ, кінәлі өзінің қасақана әрекеттері арқылы жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян кел-тіреді, мұндай әрекеттерді ол тілеп немесе саналы түрде жол беріп істейді, бірақ бұл әрекеттердің салдарынан келетін зардап, зиян жәбірленушінің өлуін тілемей-ді, ол өлмейді деген менмендік немесе немқұрайдылық қатынас түрінде болады.
Егер абайсызда жәбірленушіге ауыр дене жарақаты келтірілсе, мұның салдары-нан жәбірленуші өлетін болса, онда бұл жағдай абайсызда кісі өлтіру қылмысы құрамын құрайды. Сонымен ауыр дене жарақатының салдарынан жәбірленуші-нің өлімі келген жағдайда байланысты жалпы заң бойынша екі қортынды шығаруға болады:
1) Егерде кінәлі тікелей немесе жанама қасақаналықпен өлтіруге бағыттал-ған әрекеттерді жасап, мұның салдарынан жәбірленуші өлсе, онда кінәлінің әрекеті қасақана кісі өлтіру кылмысы қурамын кұрайды. Егерде кінәлінің өлтіруге бағыталған тікелей қасақаналық әрекетінің салдарынан жәбірленушіге өлім келмей, оған тек ауыр дене жарақаты салынса, онда кінәлінің әрекеті кісі өлтіруге оқталу ретінде есептелінеді, ал жанама қасақаналықта – дене жарақаты ретінде бағаланады. Жәбірленушіге өлім келтіруді мақсат тутпай жанама қасақаналықпен жасалған дене жарақаты өлтіруге оқталу ретінде қарастырылмайды.
2) Егерде ауыр дене жарақатының салдарынан келген жәбірленушінің өліміне кінәлінің тікелей немесе жанама қасақаналық ниеті болмаған кезде, онда кінәлінің әрекеті тұтасымен 103 – баптың 3 – тармағымен сараланады.