Отбасы күйін әлеуметтік-психологиялық анықтау және олардың себебі туралы қазақша реферат
Басты ұран Адам адамға дос, жолдас және аға болған қоғамдық жүйеден бас тарту, өмірде тұтынушылық қатынас пен шоғырлану жүйесіне өтуде, қоғаның эгоистік, өзін-өзі оқшаулау, азғындану, рухсыздық, жалғыздық, отбасының ажырасу қауіпі – кедей азаматтардың қауіп-қатері көбейді. Кедейшілік жағдайында қоршаған адамдардың назар аудармауы жанға батып, өзін-өзі өлтіруге дейінгі күйзеліске ұшыратады.
Жеке бастың жабырқауы мына жағдайларда көрінеді: жатырқау, даулы жағдайға қалған адам, одан өз бетінше шыға алмайды. Үнемі күйзелісте болу оның психикасы мен өмір сүруіне қауіп төндіреді. Күйзелістен шығу үшін ол өзінің Мен байланысын қағажу көрсететін ортадан үзуі қажет. Дегенмен, даулы жағдайдан шығу адам мен қоршаған ортаның арасында психологиялық алшақтық тудырып, ол кейін жатырқауға айналады. Қоршаған орта қашқақтайтын жеке адамды бөтен әрі қыңыр мінезді адам деп қабылдайды. Жатырқау қоршаған ортамен байланыстын жоқтығын, қашқақтайтын бұл жаратымды сезімдердің тапшылығын білдіреді.
Деперсоналдандыру өзіндік Мен шттетілгенде, яғни өз тәніңдң сезіну жойылып, кез келген іс өз мәнін жояды, енжарлық пен парықсыздық басым болып, сезім мұқалады. Қазіргі заман жағдайында жастар психикасының күйзеліс күйіне жиі шағым жасайды. Егер осындай жағдай созылмалы болса, онда психиатрдың кеңесі қажет.
Күзеліс – бұл теріс эмоционалды белгімен аффект күйі. Күйзеліс торығу сезімі мен рухтың күйзелісі арқылы болатын қатты зарығу сезімі. Жас уақытта мұндай күй үйреншікті жағдай. Қатты зарығу барлық қоршаған орта көңілсіз әрі қызықсыз көрінеді, адам жабырқап, зерігіп, жігері құм болады. Тұлға алдындағы өткен жағдай үшін айыбы, өмірдегі қиындықтар өзін-өзі бағалаудың күрт төмендеуіне әкеледі. Күйзеліс жағдайында уақыт бәсеңдегендей болады, адам тез шаршап, жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Өзінің бейшаралығы туралы ой келіп, осы кезде өзін-өзі өлтіруге әрекет жасауы мүмкін. Күйзелістің өту сипаты әр түрлі, оның төмендегі түрлері болуы мүмкін: бақылаудың локустығы-адамның маңызды жағдайлар үшін жауапкершілікті өзіне немесе басқа адамдарға тиесілі етуге деген бейімділігі. Екінші жағдайда, адам өз өмірін тұтас сыртқы жағдайға байланысты деп есептейді. Дәрменсіздік пен сенімсіздік сезімі осыдан шығады. Күйзелістің ауыр түрінде жалған айып сезімі, жақын адамдарынан айырылу нәтижесіндегі күйзелістік жағдай, беделді адамдар тарапынан сын алу суициалды әрекетке әкелуі мүмкін; жыныстық жетілу кзінде пайда болатын дене кемдігінің сандырағы қыздарға тән. Осындай ренжулер әдетте, сыртқы тұлғамен байланысты болады әрі сепкілден бастап аяғы, белі және т.б. толық немесе арық деп бөлінеді. Кейде өз денесіне наразылық білдіру шарықтау деңгейіне жеткізіп, жастар ызаланып, бақытсыз жағдайға ұшырайды. Ата-аналары жоқ кезде олар ұзақ уақыт айнаға қарап, косметикалық операция көмегімен мұрынды түзеп немесе бөксе мен іштегі майларды алу туралы ойлайды. Осы жағдайда психотерапевтің кеңесі қажет; оқу невроздары немесе фобии мектеп, колледж, институтқа баруды қаламауынан көрінеді. Невроз және оқу пәндері немесе барлық пәнді бірден жете ұғынуды қаламау салдарынан оқытушылар мен сыныптастардың арасындағы даулы қатынастардын байқалады. Олардың себептері: маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік және әлеуметтік паталогияның басқа да түрлерінен зиян шекккен адамдардың девиантық тәртібі.
Арнайы себептерден басқа, қауіп-қатердің әр тобына тән жалпы себептері де бар:
Девианттық тәртіп негізінде ең алдымен әлеуметтік теңсіздік жатыр. Жас әйелдер мен ерлер үшін жоғарғы жалақы алудың әлеуметтік қолайлы тәсілдерін шектеуде өзін-өзі дамыту және қоғамдық құптау алуға талаптану кезінде жастар алдыңда кездесетін қиыншылықтар, отбасының көпшілік бөлігінің өмір сүру деңгейінің төмендігі. Нарықтық экономикадағы қиыншылықтар: жұмыссыздық, құнсыздану қысымы, төмендегілердің көбейіп келе жатқан әлеуметтік шиеленістегі отбасы өміріне қатты ісер етуде. Отбасы түрлерін әлеуметтік осалдығының объективтік қатері бойынша бөлуге негіз бар.Отбасының мұндай сипаттамасы ерекше қызметтерді материалдық қолдау қажетттілігі дәрежесін анықтауға қажет. Мысалы, отбасының 20%-і 4,5 адамнан тұрады, ендеше, халықтың ең жоғарғы орташа 20%-де үй шаруашылығында отырғандардың кем дегенде үш мүшеден азын құрайды. [5]. Қазақстандағы кедей отбасының көп мөлшері және бала санының немесе асырауындағы баланың көп болуымен байланыстырылады. Бұл топқа жалғыз басты аналар отбасы, ата-ананың біреуі алимент төлеуден бас тартқан отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар және ата-аналары мүгедек отбасылар жатады. Көп балалы отбасылар, балалы студенттер отбасы, балалы жұмыссыздар отбасылары ерекше материалдық көмекті қажет етеді.
Қоғамның моральдық-этникалық факторы мен моральдық адамгершілік деңгейі, нашақорлық пен сатқындық махаббаттың кең етек алуы, зорлық пен құқық бұзушылықтың өршуі отбасы мүшелерін басып тастайды. Отбасылық девиация-алкоголь мен есірткіні теріс пайдалану, отбасылық озбырлық отбасы қызметін дағдарысқа ұшыратады. Мұндай отбасыларда әлеуметтік қызметтерді толық өзгерту жүреді. Олар қоғам мен отбасы мүшелерін тек қанағаттандырмай ғана қоймай, сондай-ақ зиян келтіреді. Осындай отбасылардағы балалардың тиісті тәрбиеден, махаббат пен қамқорлықтан құр қалғаны жиі кездеседі, өсе келе олар делинквенттердің қатарын толықтырады.
Жас девиант-маскүнем, нашақор, жезөкшелерге бейтарап немесе жақсы қарайтын қоршаған орта бұлар да көбінесе, ата-аналарының біреуі немесе екеуі де ішімдік ішетін нашар отбасынан шыққандар. Тәртіп бойынша девианттар тобын жақында зонадан қайтқан бедел басқарады. Осындай ортада тәртіп нормасы туралы өзіндік ұғым бар. Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөніндегі Агенттіктің мәліметтері бойынша 2008 жылы жасы жетпегендердің немесе солардың қатысуымен 9027 қылмыс тіркелген.[6]
Қазақстанда әйел зорлаудың кең етек алған түрі отбасындағы зорлық болып табылады. Отбасылық зорлық, отбасылық қылмыста көбінесе қару пайдаланылады, отбасылық дау барысында төтенше шаралардың жақтастары үнемі табылды. Жеке адам және оның отбасындағы тәртібі оның басты компоненттері болып табылатын, отбасылық криминологиялық жағдай ұғымы туралы айта кеткеніміз жөн. Ерекше криминологиялық категория ретінде отбасылық қылмыс ұғымын қолдануға құқық бар, ол әйелдер деликтісі, жасы толмағандардың қылмысы мен бара-бар. Отбасы қылмыстарының себептері мен шарттарын зерделеу, тиісті профилатикалық шаралар әзірлеу үшін отбасының адамгершілік түрін ерекше бөліп, отбасының өзін тану, қарым-қатынас, қарама-қайшылық, дауларды тексеру қажет. Отбасының адамгершілік тұрпаты қаншалақты аз және отбасы адамгершілігінің тұтастығы күмәнді болса, адамгершілік теңдігін жоғалту, соншалықты тез өтеді. Тұрмыстық зорлық мүлдем зерттелмеген, отбасылық- тұрмыстық қатынастарды ретке келтіру мәселесін ешкім, ешқашан көтермеген. Отбасындағы жағдай, жұбайлар қарым-қатынасы жеке адамдар мәселесі деп есептеліп, бөтен отбасының ішінде не бары кім білсін деген бейнелі сөзбен анықталып, әйелге қатынасты қылмыс жасалып немесе құқыққа қарсы басқа да іс жасалған кейін ғана елдің назарына ілігіп, талқыға түскен әйелдің отбасындағы әртүрлі зорлыққа шыдауының негізгі себебі оның ері- асыраушысына шектен тыс тәуелділігі болып табылады. Бұл әсіресе қазақ қоғамына, қазақ отбасына тән болып келеді. Көмек сұрамастан бұрын ол ең алдымен қайда баратынын ойлауы қажет, көптеген әйелдер, әсіресе ауылдық жерде тұратындар ажырасқаннан кейін балаларын асырай алмайтындығына байланысты, ажырасуға шешім қабылдай алмайды. Отбасылық-тұрмыстық жағдай көбінесе, ер адам жұмыс істеп үйдегі және бала тәрбиелеу жөніндегі барлық жұмыс әйел адамға жүктелетін болып құрылған. Ол жұмыс істей алмайтындықтан күйеуіне қалыпты түрде экономикалық тәуелді болады. Контракт негізінде некеге тұрудың халықаралық тәжірибесін үйруіміз қажет, бұл отбасындағы зорлықтың себебінің бірі ретінде әйелдің экономикалық тәуелділігін қысқартуға мүмкіндік береді. Балаға қатысты зорлықпен байланысты қарамай, әйелге қатысты тұрмыстық зорлық туралы айту мүмкін емес. Отбасындағы әйел-анаға қатысты зорлықтың әрқайсысы балалардың қатысуымен болады, балалар анасымен бірге дене зорлығының құрбаны болмаса да, болған істердің куәсі бола отырып, міндетті түрде оның психологиялық құрбаны болады.
2008 жылы Алматы қаласында Подруги дағдарыс орталығы көрсеткен заң кеңесінің мониторингі 452 өтініштің 52 жағдай әйелдерді ұрумен байланысты екенін көрсетеді. ( Подруги дағдарыстық орталығы Тұрмыстық зорлық тренингісінің жұмыс материалдары). Әйелге қатысты зорлық проблемасының социологиялық зерттеуі отбасында ерлі-зайыптылар қатынасында тұрған әйелдердің 28%-і күйеуі тарапынан дене зорлығына ұшырайтынын көрсетті. Бұл күйеуге шыққан әйелдердің 7%-не қатты қауіп туғызды, бірақ дене зорлығы салдарынан жүйке бұзылуы көп болды- 70%. Шамамен үйдегі зорлықтан жапа шеккен әйелдердің жартысы ешқандай әрекет жасамайды, 19%-і күшпен қарсылық білдіреді, 18%-уақытша үйден кетеді, 12%-і туысқандарын, көршілерін көмекке шақырады, тек 2%-ы құқық қорғау органдарына хабарласқан .[7]. Мұнда зорлық құрбандарымен жұмыс жүргізетін қызметкерлерді дайындап, оқыту және әйелге қатысты зорлықтан сақтандыру мәселелері жөнінде отбасымен жұмыс жүргізетін кәсіби қызметкерлерді дамыту қажет.
Өмірдегі қолайсыз жағдайлар мен отбасындағы тәрбие, білім игерудегі мәселелер мен осыған байланысты оқудағы сәтсіздіктер, қоршаған ортамен араласа алмаушылықтар, осы негізде пайда болатын даулы жағдайлар, денсаулықтағы әр түрлі психофизикалық ауытқулар, әдетте, рухтың күйзелуіне, тіршілік ету мәнінің жоғалуына әкеледі.
Қазіргі отбасындағы мәселелердің бірі болып отырған девианттарға қатысты не істеуіміз керек. Олардың көпшілігі медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмекке мұқтаж науқас жандар.
Мемлекеттік, қоғамдық, қайырымдылық және басқа да құрлымдық звеньялар енетін әлеуметтік көмектің икемді және тармақты жүйесін құру — әлеуметтік бақылау мен отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың негізгі факторларының бірі болып табылады.
Бала туу төмендеп, ажырасулар саны өсіп, жалғыз басты адамдар саны көбейіп, әйелдердің эмансипациясы отбасынан бас тартуға әкеліп, бұл өз кезегінде қоғамның ұдайы өндіріс қызметіне ықпал етеді. Қоғамның дәулетті адамдар тобын, дәулетсіз адамдар тобына қарағанда бала қажеттілігі аз толғандырады.
Қазақстанда дипломды мамандар жоқ, бірақ әлеуметтік қамсыздандырудың әр тұрлі қызметтері, сақтандыру, денсаулық сақтау, балалар ұйымдары, әкімшілік жанында, қоғамдық бастамаларда отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізумен кәсіби түрде айналысатын мамандар жеткіліксіз.