Қазақстан Республикасының Аралық Соты аралық талқылаудың барысында азаматтық–құқықтық қарым–қатынастардан туындаған келіспеушіліктерді қарастыруда тәжірибесі зор болып келетін Independent Arbitration Centre мекемесімен құрылған. Қазақстан Республикасының IAC Аралық Сотының құрылу негіздерінің бірі, кәсіпкерлікпен айналушы тұлғаларға келіспеушіліктерді талқылауда сот ісінің жүргізілуінде тәуелсіздікті, әділдікті, объктивтікті, экономдықты қамтамасыз ететін, мемлекеттік сот ісінің қарамағынан тыс түрлерін таңдауға мүмкіндік беру болып табылады. Қазақстан Республикасының Аралық Сотының келіспеушіліктерді талқылауда құқықтық–ұйымдастыру қызметі соттың құрамымен шығарылған шешімінің дұрыстығында білікті сотта күмән туғызбауды және де жақтармен шешімдердің орындалу пайызы тұрақты түрде жоғары болуын қамтамасыз ететіндей етіп жасалған. Қазақстан Республикасының Аралық Сотында мамандандырылған соттар алқасы құрылған: заңгерлік, қаржы–нарықтық, өндірістік-техникалық пен әлеуметтік. Осы соттар алқасы әртүрлі салалардан жинақтандырылған беделді ғалымдар мен мамандардан тұрады. Енді жақтар, төрелік соттарды, дау–жанжалдың сипаты мен пәнін еске ала отырып, таңдауға мүмкіндік алады. Қазақстан Республикасының Аралық Сотынының тағы бір айырмашылығы аралық және де төрелік соттарды таңдау рәсімінде қарастырылған ерекше тәсіл болып табылады. Осы аталған тәсіл, соттардың басқа тұлғалармен тағайындалу мүмкіндіктеріне жол берілмеуін қамтамасыз етіп, максималдық тәуелсіздік пен бейтараптыққа жол ашады.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының аралық соттары және халықаралық аралық соттар әрекет етедi. Қазақстан Республикасындағы аралық соттар тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот немесе нақты дауды шешу үшін құрылған аралық сот ретiнде құрылуы мүмкiн. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және олардың бiрлестiктерi (қауымдастықтар, одақтар) немесе шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар мен оның бiрлестiктерi (қауымдастықтар, одақтар) құруы мүмкiн.
Тұрақты жұмыс істейтін аралық сотты құру үшiн осы тармақта көрсетілген адамдар аралық соттың регламентi, осы аралық сотта қызметтi жүзеге асыратын аралық судьялардың тiзімдерiн бекiтуге тиiс.Нақты дауды шешу үшiн аралық сот тараптар олардың азаматтық-құқықтық қатынастарынан туындаған дауды шешу үшiн құрады және осы дау шешiлгенге дейiн немесе тараптар дауды құзыреттi сотқа беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн әрекет етедi.
Нақты дауды шешу үшiн құрылған аралық сотты ұйымдастыру және қызмет тәртiбi тараптардың келiсiмiмен айқындалады. Қазақстан Республикасындағы аралық соттар мемлекеттiк органдардың жанынан құрыла алмайды.
Азаматтық іс жүргізу қатынастары субьектілерінің арасында, азаматтык істі қарауға қатысушы басты түлғалар болып табылатын — талап қоюшы және жауапкер түлғалар ерекше орын алады. Бүл түлғалардың күқықтық жағдайлары өте әралуан, бірақ олардың мүдделері азаматтық іс жүргізу заңнамасымен бірдей қорғалады. Тараптарды бір-бірінен айырып көрсететін нэрсе-азаматтык істің шешілуі барысында заңдық қызығушылықтың болуы. Қүқықтарын жэне заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында оларға іс-бойынша барлық материалдық-құкықтық жэне іс жүргізу қүқықтарын сот қараған кезде сот өндірісіне белсенді түрде қатысу қүқығы берілген.Тараптардың қаралатын істе материалдық-қүқықтық заңдық мүддесі бар: себебі, іс шешілген жағдайда тараптардың біреуі қандай да бір материалдық игілікке ие болады, екіншісі керісінше одан айырылады.
Қорытындылай келе отырып, аса қажетті мәселені айта кеткен жөн. Бұл мөлшері аса тиымды болып келетін аралық алымды төлеудегі қарастырылған икемді жүйесімен қатар, аралық талқылаудың әкімшілік етудің жүрісін сапалы ұйымдастырылуы кепілденген, сонымен қатар, сот мәжілісі уақытысында жоғары дәрәжәдегі жайлылық қамтамасыз етіледі. Аталған жағдайлар, жақтардың алаң болмай, өз мүдделерін қорғауда көмек болады.
Пайдаланған әдебиттер.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы1995 жылғы 30 тамыз (1998 ж. 7 қазанда енгізілген өзгерістерімен).
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (Астана, 1999 ж. 13 шілде N 411-I) (2006.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
3. Аралық соттар туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22 Заңы.
4.Аленов М. А., З.Ғ.К. Мадиарова А. С. Азаматтық іс жүргізу құқығы , Оқу құралы, Астана, 2011,-431 б.
5. Аленов М. А. Гражданское процессуальное право : учебное пособие. – Астана, 2010. -395 б.
6. Г. А. Ильясова. ҚР-ның азаматтық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Оқу құралы. Қарағанды, 2007-135 б.