Эквиваленция туралы қазақша реферат a және b екі тұжырымдарының эквиваленциясы деп егер тұжырымдар бірдей ақиқат немесе жалған болса, ақиқат, ал қалған жағдайларда жалған болатын жаңа тұжырымды айтамыз

Скачать

Эквиваленция туралы қазақша реферат

a және b екі тұжырымдарының   эквиваленциясы деп егер тұжырымдар бірдей ақиқат немесе жалған болса, ақиқат, ал қалған жағдайларда жалған болатын жаңа тұжырымды айтамыз.

a және b тұжырымдарының эквиваленциясы мына символмен белгіленеді: a~b (a b) және былай оқылады: “a үшін қажетті және жеткілікті b ” немесе “ a сонда және тек сонда ғана, қашан b”. a, b  тұжырымдары эквиваленция мүшелері деп аталады.  a және b екі тұжырымның барлық мүмкін логикалық мәндерінің эквиваленциясы келесі ақиқат кестеде көрсетілген:
a
B
a~b
1
1
1
1
0
0
0
1
0
0
0
1

 

 

 

Мысалы: S төбесі және PQ негізімен берілген SPQ  үшбұрышы тең бүйірлі болады, сонда және тек сонда ғана, қашан P=Q эквиваленциясы ақиқат. “ S төбесі және PQ негізімен берілген SPQ  үшбұрышы тең бүйірлі” және  “ S төбесі және PQ негізімен берілген SPQ  үшбұрышында P=Q ” тұжырымдары бір мезгілде ақиқат немесе жалған.

Эквиваленттілік математикалық дәлелдеуде үлкен роль атқарады. Теоремалардың белгілі бөлігі қажетті және жеткілікті формада құрылады, яғни эквиваленттілік формасында. Бұл жағдайда оның екі элементінің бірі ақиқат немесе жалған екенін біле отырып және эквиваленттіліктің өзінің ақиқаттығын дәлелдеп біз эквиваленттіліктің екінші мүшесінің ақиқат немесе жалған екенін қорытындылаймыз.


Скачать


zharar.kz