Сабақтың тақырыбы! геометриялық ою-өрнекті бейнелеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сәндік суреттер салуға баулу, Сәндік суреттер салу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Ә.Марғұланның Қазақтың сәндік өнері атты (Алматы 1987 ж) альбомы; Т.Бәсеновтің Сәулет өнеріндегі ою-өрнектер (1964 ж. Алматы); Н.Нұрмұханбетовтің Қожа Ахмет Иассауи кешені атты кітаптар. Ою — өрнектердің түрлері және оның салу жолдары көрсетілген таблицалар
Сабақтың кезеңдері: бірінші. ою-өрнектер туралы түсініктер беру. Геометриялық өрнектердің сәулет өнерінде қолданылуы; екінші — қошқар мүйіз ою-өрнегін бейнелеу жолдарын көрсету; үшінші — ою-өрнектерді бейнелеу кезеңі.