Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері туралы қазақша реферат

Скачать


Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері туралы қазақша реферат

Тiкелей объектiлерiне байланысты басқару тәртiбiне қарсы кылмыстар мына төмендегiдей түрлерге бөлiнедi:

Мемлекеттiк органдарды басқару әрекетiне байланысты өкiмет өкiлдерi мен басқа адамдарға қарсы қылмыстар: Қазақстан Республикасы Президентiнiң ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау. Депутаттың ар-ұжданы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және кызметiне кедергi жасау. Өкiмет өкiлiн қорлау. Өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану. Жауапты мемлекеттiк лауазымды иеленушi лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету.

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасының мызғы-мастығына қол сұғатын қылмыстар: Қазақстан Республикасының күзетiлетiн мемлекеттiк шекарасынан әдейi заңсыз өту.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын құқыққа қарсы өзгерту.

Ресми құжаттар мен мемлекеттiк наградалардың айналым тәртiбiне қарсы кылмыстар: ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды сатып алу немесе өткiзу. Құжаттарды мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру. Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу.

Әскери қызметке шақырылу тәртiбiне қарсы қылмыстар: әскери қызметтен жалтару.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерiне қарсы кылмыстар. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын, Мемлекеттiк елтаңбасын немесе Мемлекеттiк әнұранын қорлау. Мемлекеттiк туды заңсыз көтеру.

Басқару тәртiбiң қамтамасыз ететiн жекелеген ережелерге қол сұғатын қылмыстар: өзiнше билiк ету. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын өкiмет өкiлiнiң немесе лауазым адамының атағын өз бетiнше иелену. Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгiлерiн заңсыз пайдалану. Байланыс желiлерiн күзету ережелерiн бұзу. Жиналыстарды, митингiлердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу. Төтенше жағдайлар кезiнде тыйым салынған ереуiлге басшылық жасау, кәсiпорынның, ұйымның жұмысына кедергi келтiру. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттік органдардың қызметiне заңсыз араласуы. Заңсыз қоғамдық бiрлестiктер құру немесе олардың қызметiне қатысу. Шет мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарьң жәрдем көрсету.


Скачать


zharar.kz