Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары туралы қазақша реферат

Скачать

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары туралы қазақша реферат

Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ел Президенті мен үкіметі қабылдаған ресми құжаттарға және олар атқарған нақты істерге қысқаша талдау жасаған соң, енді осы саланың бүгінгі қалыптасқан жағдайы жайлы біраз нақтылы статистикалық деректерге жүгінейік. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің статистикалық тіркелім деректерінде республика бойынша 2009 жылы желтоқсан айының, 3-жұлдызына дейін шағын бизнеспен айналысатын 143,6 мыңнан астам шағын кәсіпорын тіркелген. Тіркелген кәсіпорындардың 72 пайызға жақыны жұмыс істейтін (экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алатын) кәсіпорындар. Осы кәсіпорындардың әрбір екіншісі, яғни 52,1 мыңнан астамы қараша айында белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар қатарын құрайды.

Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындардың басым көпшілігі (40,8 пайызы) саудаға, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүліктерін жөндейтін салаларға, өнеркәсіп саласына (12,8%) және жылжымайтын мүліктермен операция жасауға, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсететін салаларға (13,3%) тиесілі.

Республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында 2009 жылғы 1 желтоқсанға есептелген дерек бойынша 523,2 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл көрсеткіш 2009 жылдың 1 ақпанындағы деңгейден 11,1 пайызға артты.

Есептелген дерек бойынша 2009 жылғы қараша айында өткізілген өнімнен түскен табыс 5577,1 млн. теңге болды, бұл көрсеткіш 2009 жылғы қаңтар айындағы деңгейден 15,8 пайызға жоғары.

Шағын бизнес кәсіпорындарын экономикалық қызмет түрлері бойынша алып қарасақ, оны келесі деректерден көреміз. 2009 жылдың 1 желтоқсанына барлық тіркелген кәсіпорындар саны 143,6 мың, одан жұмыс істейтіндері 103,0 мың екен, соның ішінде тиісінше ауыл шаруашылығында, аң және орман шаруашылығында — 9,6 мың және 7,2 мың, өнеркәсіпте — 16,3 мың және 11,6 мың құрылыста — 18,0 мың және 14,5 мың саудада, автомобильді, тұрмыстық және жеке бас мүлігін жөндеуде — 67.6 мың және 45.0 мың жылжымайтын мүліктермен операция жасауда, жалдау және тұтынушыларға қызмет көрсетуде — 15,9 мың және 32,6 мың шағын кәсіпорын бар.

Ал енді жеке өңірлер бойынша алып қарасак, онда Алматы қаласында тіркелген шағын кәсіпорындар саны 50,6 мың (барлык кәсіпорынның 35,2%), жұмыс істсйтіні 31,7 мың (30,8%), Оңтүстік Қазақстан облысында тиісінше — 13,1 мың (9,1,) және 9,0 мың (18,8%), Астана қаласында — 11,8 мың (8,2%), және 9,8 мың (9,5%), Шығыс Қазақстан облысында — 9,4 мың (6,6%) және 6,8 мың (6,6 %), Қарағанды облысында — 9,1 мың (6,4%) және 6,5 мың (6,3%) шағын кәсіпорын бар және жұмыс істейді.

Шағын бизнес, сондай-ақ республика жеке кәсіпкерліктің дамуымен сипатталады. Жеке кәсіпкерлерге заңды тұлғалықты құрмай-ақ жеке тұлға ретінде кәсіпкерлікпен айналысатындар жатады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша тіркеуден өткен жеке кәсіпкерлердің 2009 жылғы 1 қазанға саны 303,8 мың адам, одан жұмыс істеп тұрғандары 230,8 мың адам, олардағы жалдамалы жұмыскерлер саны 219,8 мың адам.

Ауыл шаруашылық саласында шағын бизнес шаруа (фермер) қожалықтарының дамуымен сипатталады. 2010 жылдың 1 желтоқсанына республикада 174,6 мыңнан астам шаруашылық тіркеліпті, олардың 83,6 пайызы жұмыс істеп тұрғандар. Жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарға қолында малы бар немесе егістік жерді пайдаланушы шаруашылықтар жатады. Тіркелген 174,6 мың және жұмыс істеп тұрған 146,1 мың шаруа қожалығының тиісінше 66,2 мың (37,9%) және 59,8 (41,0%) мыңы Онтүстік Қазақстан облысының үлесіне тиесілі, 40,8 мың (23,4%) және 35,1 мыңы (24,0%) Алматы облысына т.б.


Скачать


zharar.kz