Әлемдік экономика өсімінің баяулауы жағдайында Қазақстан экономикасының өсу қарқынының төмендеуі заңдылық

Скачать


Жалпы алғанда, соңғы кезеңдегі экономикалық өсудің негізгі көздері мыналар болып табылды: — табиғи ресурстарды экстенсивті пайдалану; — жұмыс істейтіндер санының көбеюі; — кен қазу өнеркәсібі мекемесінің негізгі капиталына инвестицияның өсуі; — мемлекеттік инвестициялардың есебінен өндірістік инфрақұрылымның дамуына маңызды үлес; — құрылыс, сауда-саттық және қызмет көрсету аясы салаларының сыртқы қарыз алу есебінен несиелендірілуі: құрылыстың ІЖӨ-нің жалпы өсімі үлесінде 2003 жылдан бастап 6,5%-дан 2007 жылы 18,9%-ға дейін өсті. “Кредиттік бум” экономикада 2002 жылғы 37,3%-дан 2006 жылы 81%-ға дейін өсуімен сипатталды. Экономиканың жеке секторларының “қызып кетуі” байқалды. Әлемдік экономика өсімінің баяулауы жағдайында Қазақстан экономикасының өсу қарқынының төмендеуі заңдылық. Дүниежүзілік дағдарыстың қаржы өтемпаздығына жанама әсері біздің экономикамыздың жүйелі проблемаларын көрсетіп берді. Қысқа мерзімді перспективада Қазақстан экономикасы үшін маңызды сыртқы қатерлер сақталуда. Оларға мыналарды жатқызуға болады: — мұнай бағасының ауытқуы; — сауда-саттық пен биржа тауарларына әлемдік бағаның өсуімен байланысты импортқа инфляцияның өсуі; — капиталдың ықтимал қайтуы және шетелдік инвесторлардың табыстарын инвестицияламау; — сырттан қарыз алу рыногының жабықтығының сақталуы. Осы тәуекелдерді іске асыру Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы үшін қатер туғызады. Мұндай жағдайларда Қазақстанның макроэкономикалық саясаты маңызды өзгеріске шыдауы керек, өйткені, еліміз әлі де болса қиын “дилеммалардың” алдында тұр. Бірақ Қазақстанның экономикасы бірқатар құрылымдық ілгерілеулерге қол жеткізетіні де сөзсіз. Біріншіден, жекеменшік инвестициялар рөлінің ықтимал төмендеуі жағдайында мемлекеттік инвестициялардың маңызы жоғарылайды. Екіншіден, жекеменшік-мемлекеттік серіктестік ынталандырыла бастайды, бірақ ол шетінен баға мен тарифті ырықтандыруды талап етеді, әйтпесе жеке инвесторларға инфрақұрылымдық объект құрылысына салым салу пайдалы емес. Үшіншіден, мемлекет өңдеуші өнеркәсіп секторын дамытуға талпынатын болады. Ол үшін өңдеуші өнеркәсіп салаларына салық төмендетіледі. Төртіншіден, менің көзқарасымша, қазіргі кезде әлемдік экономиканың ары қарай дамуының жоғары белгісіздігі жағдайында анағұрлым дұрыс қадам осы сәтті “екпінді” инвестициялар үшін адами капитал сапасын жоғарылатуда, әсіресе білім, ғылым, инновацияда олардың нәтижелілігі үшін қатаң бақылаумен пайдалану бола¬ды. Бұл тұрғыдан “Болашақ” бағдарламасының түлектері алдағы еңбек рыногында бәсекелестікті арттырады және жұмыс күшінің сапасына жұмыс берушілердің талаптар планкісінің жоғарылауын ынталандырады. Алдағы экономикалық күрделі кезең құрылымдық өзгерістерге алып келуі ықтимал. Олар: — кен қазу өнеркәсібі үлесінің өзгерісі; — экономиканың “қызып кеткен секторларын” қысу мен сауықтыруға ұмтылыс; — екінші деңгейлі банктер бөлімшелерінің қайта құрылымдалуы мен біріктірілуі; — бәсекелестікті арттырумен байланысты еңбек рыногындағы құрылымдық өзгерістер; — ауыл шарушылығының анағұрлым интенсивті дамуы. Осындай қиын кезеңде мемлекеттің алдында теңгерілген экономикалық өсуді экономиканың инновациялық дамуы мен ары қарай ұдайы өндірісі үшін негізгі капитал жинағының жеткілікті жоғары үлесін қолдауы мен қамсыздандыру, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін сыртқы әлемде сақтай отырып, яғни төлем балансының ағымдағы есебінің теріс сальдосын қысқартып, мемлекеттік шығындар мен халық тұрмысы жайында тапсырылған планкісін қолдау міндеті тұр. Барлығын қоса алғанда, бұл – өте ауыр міндет.


Скачать


zharar.kz