Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің негізгі принциптері

Скачать


Ол мынандай аспектілерден тұрады:
Қаржылық есеп берудің мақсаттары – пайдаланушыларға қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдай, субъектінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.
Алайда, қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы ақпарат жинақтайды:

—         несиелерді ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;

—         субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға;

—         субъектінің ресурстары мен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауға;

—         басшы органдардың жұмысын бағалауға.

Экономикалық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушыға субъектінің ақшалай қаражатты генерациялайтын қабілеті, генерациялау мерзімі мен алынған қорытындыларға сенімділік туралы ақпарат керек.

Бұл үшін оларға субъектінің қаржылық жағдайын, іс-әрекетін және өзгерістерін бейнелеп көрсететін ақпарат қажет.

Қаржылық жағдайда ол бақылайты экономикалық ресурстар, оның қаржылық құрылымы, өтімділігі, төлем қабілеттілігі мен жұмыс істейтін орта өзгерістерін қабылдауға қабілетттілік әсер етеді.

Өтімділік, төлем қабілеттілігі – қаржылық міндеттемелерді осы кезеңде өтегеннен кейінгі жақын арадағы ақшалай қаражаттың бар болуы.

Субъект қызметінің көрсеткіштері, оның тиімділігіпайдалылығы туралы ақпарат экономикалық ресурстарда болатын ықтимал өзгерістерді бағалау үшін керек.

Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат субъектінің ақшалай қаржыны алу қабілеттілігін бағалаған кезде пайдалы.

Қаржылық есептер өзара байланысты, өйткені олар шаруашылық өмірдің бірдей фактілерін бейнелейді.

Түсініктеме жазбада пайдаланушыларға қаржылық есеп баптары жөніндегі қосымше мәліметтер болады.
Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудің негізгі принциптері
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы заңда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің негізгі мақсаттары белгіленген:

—         субъектінің, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларды шаруашылық қызмет жайлы толы жне сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету;

—         субъектінің шаруашылық іс-әрекетін жүзеге асыруда ҚР заңдарын сақтауын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қойылған міндеттерді орындау үшін қаржылық есеп беру негізгі принциптерге және саналық сипаттамаларға сәйкес жасалады.

Кезеңдік қаржылық есеп беру субъект жөніндегі бухгалтерлік ақпаратты топтастырудың негізгі құралы болып табылады.


Скачать


zharar.kz