Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері

Скачать

  Есеп саясатының мазмұны туралы қазақша реферат

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есеп шшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп принциптеріне кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барыснда бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілген құжеттардың қатарына манылыр жатады:
Бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің ьолық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі; Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары; Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары; Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары; Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу тәртібі (реті); Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері; Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы; Шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі; Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.

Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
Меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және т.б.); Салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы жіне т.б.); Қызметенің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және т.б.; Салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және т.б.); Қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, перспективалы мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері); Ұйымның ақпарттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекеіне қажетті барлық бағыттары бойынша); Материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргтехникалы жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және т.б.); Кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдығы, ынталығы мен тапқырлық деңгейі;
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекітілген есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен оырндылық талаптарына сай болу қажет.

Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.

Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз ету қажет.

Уақыттылық. Кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуы тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.

Қарама-қайшылығы. Есептің таңдалынған әдістері — әр айдың соңғы календарлық (күнтізбелік) күніне айналымның аналитикалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдңгңн қамтамасыз етіп отыруы қажет.

Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің  тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің ірдбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

Осылайша бергіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет.
Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері. Материалдық есем активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары. Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері. Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі. Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі. Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі. Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау жолдары. Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру. Курстық айырманы есептеу. Тағы да басқалар[1, 95-99 бет].


Скачать


zharar.kz