МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ….3
1 ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
1.1 Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні мен маңыздылығы….5
1.2 Жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметтері және оны ұйымдастырудың принциптері……10
2 ФРАНЦИЯНЫҢ ТЕРРИТОРИАЛДЫ БАСҚАРУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Франция мемлекетінің аймақтық құрамы…..15
2.2 Фрацияның аймақтарындағы жергілікті басқару жүйесі…..19
3 ЖЕРГІЛІКТІ БАСҚАРУДЫҢ ӘКІМШІЛІК-ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ…..23
ҚОРЫТЫНДЫ…..26
ҚОДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР…..28
ҚОСЫМША……29
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда еліміздің мемлекеттік құрылымын жетілдіру, оның ішінде билік құзырларының әр деңгейі арасында нақты бөлінуі мен халық билігінің маңызды элементі болып табылатын жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу өте өзекті мәселелердің қатарында. Бұл биліктің бөлінуі шеңберінде қарастырылатын мәселе отандық басқару жүйесін анықтайтын демократиялық нышандардың бірден бірі. Бірақ бұл бағытты көзсіз қабылдап бүкіл қоғам проблемаларын шешеді деп қараудан сақтанған дұрыс. Сонымен қатар күшті ортақтандырылған мемлекет белгілі кезеңде өзінің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ете алады. Бірақ оның ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Ал, ішкі саясатта тұрақтылықты қамтамасыз ету саяси режимді ортақсыздандыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту сияқты басқа да шараларды жүзеге асыруды талап етеді.
Біз қарастыратын мемлекет – Франция. Францияда жергілікті басқарма мен орталықтар арасындағы байланыстар әр кезде де маңызды болды. Қазіргі кезде жергілікті қаржының дербестігі мен әсер етушілік жүйесі қалыптасты. Жергілікті қаржыны құрудың бес қағидасын бөліп қарастыруға болады:
Тәуелсіз және оқшаулы жергілікті қаржының негізінде қажетті қаржылық ресурстардың өкілеттіліктерін қалыптастыру.
Ерекшеленген өкілеттіліктерді заңмен қамтамасыз ету.
Бухгалтерлер мен басқарушылар арасында бөлу
Аймақтық деңгейде тәуелсіз бақылау
Басқарушы – қоғамдық тұлға. Оның өкілетіне кірістер мен шығыстарды үлестіру кіреді. Оған: коммуналар үшін шаралар, департаментке арналған бас совет президенті жатады. Бірақ ол ақша қаражаттарымен тікелей жұмыс атқармайды. Тек ақша қаражаттарының кірістелуі мен шығысталуына нұсқау береді.
Бухгалтер – қоғамдық тұлға. Қоғамдық ұйымның қорлары мен құндылықтарының операцияларын жүзеге асырады. Оған: қаржылық әкімшілік қызметкерлері, мемлекеттік қазынаның бухгалтері, салық және кеден салымдарын жинаушылар жатады. Олар басқарушылардың шешімдері бойынша шығындарды өтейді. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізеді.
Коммуна – қалалық инфрақұрылым, бастауыш мектеп.
Департамент – әлеуметтік көмек, мектептердің көліктері, коммуналар арасындағы инфрақұрылым, аэрордромдар, колледждер, қалааралық көліктер.
Мемлекет – ұлттық басқарма жүйесіне шекараларды қосу, мемлекеттегі қоғамдық тауарлар мен қызметті өндіретін аймақтағы тура немесе жанама басқару. (жолдар, көпірлер, почта, телеграф, өндіріс, ғылыми зерттеу жұмыстары)
Бұл жағдайда аймақтық басқару проблемасы жергілікті өкімет органдарының ғылыми — негізделген Концепциясының жұмыс жасауын қарастыратын жан-жақты терең теориялық ұғынуын талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты. Зерттеу объектісі — аймақтық басқару жүйесі. Ал курстық жұмыстың негізгі мақсаты — Франция мемлекетінің аймақтық басқаруын ұйымдастыруын қарастыру.
Қойылған мақсатққа жету үшін келесі міндеттерді алға қою қажет:
— аймақтық басқарудың теориясын және халықаралық тәжірибесін талдау;
— аймақтық басқаруға жүйелі түрде жақын келу, зерттеу;
— Францияның жергілікті мемлекеттік басқаруының халықаралық стандарттарын зерттеу;
— Франциядағы жергілікті өкімет органдарының нәтижелілігін бағалау жолдарын анықтау;
Курстық жұмыстың құрылымы. Берілген курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жұмыс 29 бет