Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды. Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған.
Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б.т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:
Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы.
Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы.
Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.
Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
— Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
— Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
— Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
— Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді. Интенсивті типі — техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
— қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
— ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
— жұмыс күшінің санының өсуі;
— капиталдың көлемі өсуі.
Аралас типі — факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық өсудің тиімділігі көпсалалы өндірістің тиімділігі деген түсінікті құратын жағдайлардың барлығының жақсартылуы. Осыған жататындар:
тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;
бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін, немесе оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық артықшылығымен есептесе отырып, өндірістің мамандану мен кооперациялануын жетілдіру;
басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, Х-тиімді еместігін жою;
өндірістік ресурстардың салалық және елдің аймақтары бойынша аллокациясын жақсарту;
жаңа технологиялар игеру.
Экономикалық өсудің сапасы оның әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің сапасын құрушылар:
халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;
әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
адам капиталына инвестицияны өсіру;
адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономиканың өcyi көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ipi әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теория экономикалық өсу категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімнің сандық әpi сапалық артуы және олар екі топтан: өндіріс кұралдары мен тұтыну кұралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өcyi ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типіне негізделе дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды eкi есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндipicтік қорлар eкi есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күші және өндіріс қорларын дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтері белгілі арақатынаста немесе бipiн-бipi толықтыратын жағдайда. Қaзipгi жағдайда, ҒTP жағдайында, өндipicті интенсифтендіру негізіңде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өcyi, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтepілуi нeгiзiнде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда нарық тетігінің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзi жеткіліксіз.
Сұранымньң қальпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: қоғам экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша. Ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз. Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорция өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әpi қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:
табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
капитал ресурстарына;
қолда бар технологияға.
Бip сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға — материалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғамауқымындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өcyді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰT) болып табылады. Экономикалық өсу абсолютті және салыстырмалы мөлшерде (алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінде) өлшенеді. Мысалы, осы жылы нақты ЖҰӨ 210 млн. теңге кұраса, ал оның алдындағы жылы да — 200 млн. теңге болған, онда абсолюттік тұрғыдағы өciм 10 млн. теңге, ал салыстырмалы тұрғыда — 5% кұрайды.
Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады. (ЖҰӨ-нің өсу қарқынан анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз түрінде көрсетеді).
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰО) бipaз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін түзе отырып, оның үрдісін ашуға, яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның экономикалық өсуі жоғары қарқынмен дамып отыр. Экономиканы шикізаттың бағдарынан, өңдеушілік бағдарға қарай диверсификациялау жолдарын айқындап қарастырылуда. Қазақстанның кен байлығы – минералдық шикізаттың қайтып қалпына келмейтіні белгілі, сонымен қатар кен орындары уақыт өте келе сарқылатыны белгілі. Мұның өзі болашақта әуелі экономикалық, содан кейін саяси тәуелсіздігімізге әсер етуі мүмкін.
Сондықтан Үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық — инновациялық даму бағдарламасын әзірледі. Бағдарламаны іске асыру барысында мұнай саласына назар аударуды қажет етеді. Сонымен бірге мұнай өнімдерін өткізу басты назардағы мәселе болып отыр. Мұнай өнімдерін өндіру мен өткізу оған жүмсалған шығындармен тығыз байланыста.
2010 жылдың алғашқы жартыжылдығының қорытындылары бойынша еліміз экономикасының өсімі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 8 пайызды құрады. Өнеркәсіп саласындағы өсім 11 пайызға жетсе, ауыл шаруашылығында ол 3,1 пайызға тең болды.
Экономиканың қалпына келуіне көп жағдайда Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламалар мен одан кейінгі даму негіздерін жасауға бағытталған шаралар шеңберінде ішкі сұраныс пен еліміздегі іскерлік белсенділікті қолдауға бағытталған іс-қимылы ұнамды әсер етті. Жедел индустрияландыру және Кедендік одаққа кіру жағдайындағы экономикалық өсім Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған мақсаттарға жету бойынша дұрыс бағыт таңдалғанын көрсетеді. Индустрияландыру бағдарламасын табысты бастау және Жол картасын жүзеге асыру әлеуметтік көрсеткіштерге ұнамды әсер етті. Екінші тоқсанда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, жұмыссыздық деңгейі 0,9 пунктке төмендеп, 5,8 пайызды құрады. Жыл басынан бері инфляция деңгейінің төмендеуі де байқалады. Егер қаңтар айында ол 1,4 пайызды құраған болса, маусымға келіп небәрі 0,2 пайызға тең болған. Қабылданған шаралар шағын және орта кәсіпкерліктегі белсенділіктің артуына мүмкіндік берді. Сала нысандарында шығарылған өнім көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, 6,1 пайызға көбейген.