Қарахан мемлекеті туралы қазақша реферат

Скачать

Қарахан мемлекеті туралы қазақша реферат

I. Өмір сүрген уақыты:  940-1212 жж.
II. Территориялық аймағы:  Жетісу территориясында жəне Шығыс Түркістанның бір бөлігі.
III. Орталығы:  Баласағұн қаласы
IV. Тайпалары:  қарлұқ , чигил, яғма және т.б. түрік тайпалары
V. Деректер:  а) Араб тіліндегі кейбір деректемелерде Қадыр-хан Хотанды иеленді деп көрсетілген
VI. Билеушілері: 

а) Сатұқ Боғра-хан (915-955 жж.),  Қарахан мемлекетінің  негізін салушы

VII. Сыртқы саясаты:

а) 990 жылы Саманилер əмірлерінің бүліктерін жəне соның салдарынан өкіметтің əлсірегендігін пайдалан- ған Хасан (Харун) Боғра-хан Испиджабты басып алды.

б) 992 жылы қарахандықтар Саманилердің астанасы Бұқараны басып алды, алайда жеңісі баянды болмай, ол Бұқарамен қоса Самарқандты тастап, Жетісуға кетуге мəжбүр болды.

в) 992 жылы Хасанның баласы Жүсіп Қадыр-хан Қотанды басып алды.

г) 999 жылы Қарахан билеушісі Насыр ибн Əли Саманилер билеушісі Нұх ибн Мансұр мен оның баласы Абд əл- Мəлікті тұтқынға алды.

д) Саманидтік Əбу Ибраһим Исмаил селжұқтармен одаққа келіп, олардың біріккен күштері 1004 жылғы Самарқанд түбіндегі шайқаста қарахандықтарды жеңгеніне қарамастан, Саманилер Мəуереннахрдағы өздерінің өкіметін сақтап қала алмады.

ж) 1005 жылы Əбу Ибраһим өмірден өткеннен кейін, Мəуереннахр қарахандар қолына толық көшті.

VIII. Діни наным-сенімдері: Қарахан әулетінің ислам дінін қабылдауы мемлекет тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болды. 955 жылы Сатұқ Боғрахан ислам дінін қабылдайтынын жариялаған. Ал 960 жылы Қарахан мемлекетінің Жетісу аймағында 200 мың отбасы исламды қабылдаған. Осыған байланысты Өарахан мемлекеті кезінде мұсылмандық мәдениет қанат жая бастады.


Скачать


zharar.kz