Бухгалтерлік есеп стандарттары — есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейі, олар қаржылық есеп беретін барлық субьектілер үшін нормативті құқықтық құжаттар болып табылады. Стандарттардың негізінде есептің жеке учаскелері, сонымен қатар шаурашылық субьектілерінің салалық ерекшеліктері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің базалық тәртіптері бекітіледі.
Стандарттар есептің әр түрлі аспектілерін суреттейді және қандай да бір әдістері мен амалдарын дұрыс пайлануды талдаудың әдістемелік негізі, құралы болып қызмет атқарады.
1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшу негізінде қазіргі кезде сандық түрде қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстарды дайындаумен толықтырылып отыратын 20 стандарттарын енгізді. Халықаралық тәжірибедегі сияқты Қазақстанда қызмет етіп отырған есеп стандарттарын былай бөлуге болады:
v Жалпы әдістемелік ( № 4 Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп және т.б. );
v Әлеуметтік саясат бойынша стандарттар (№ 16 Зейнетақылық қамтамасыз ету шығындары есебі және т.б.) ;
v Мүліктер мен құралдардың жеке түрлері бойынша стандарттар (№6 Негізгі құралдар есебі , №7 Тауарлы — матералдық қорлар есебі , №8 Қаржылық инвестициялар есебі ) және т.б.
Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының тізімі ұсынылады:
Стандарт нөмірі
Стандарт атауы
Енгізілген жылы
БЕС 4
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
1997
БЕС 5
Табыстар
1997
БЕС 6
Негізгі құралдар есебі
1997
БЕС 7
Тауарлы-материалдық қорлар есебі
1997
БЕС 8
Қаржылық инвестициялар есебі
1997
БЕС 9
Шетел валютасындағы әрекеттер есебі
1997
БЕС 10
Байланысты тараптар туралы ақпараттарды ашу
1997
БЕС 11
Корпорациялық табыс салығы бойынша есеп
1997
БЕС 12
Күрделі құрылысқа келісімшарт
1997
БЕС 13
Консолидирленген қаржылық есеп беру және еншілес серіктестіктеріне инвестициялар есебі
1997
БЕС 14
Тәуелді шаруашылық серіктестіктеріне инвестициялар есебі
1997
БЕС 15
Қаржылық есеп беруде бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесін бейнелеу
1997
БЕС 16
Зейнетақылық қамтамасыз ету шығындары есебі
1997
БЕС 17
Жал есебі
1997
БЕС 18
Инвестициялық қорлар есебі
1997
БЕС 19
Зейнетақы жинақтау қорларына есеп беру есебі мен құрылуы
1997
БЕС 20
Мұнай-газ өндіруші қызмет есебі мен есеп беруі
1997
БЕС 21
Банктердің қаржылық есеп беруі
1998
БЕС 23
Шағын кәсіпкерлік субьектілердің есебі және есеп беруі
1998
БЕС 24
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
1998
БЕС 25
Зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялардың есебі мен есеп беруін құруы
1998
БЕС 27
Есепті кезең мерзімінен кейінгі болжанылмаған жағдайлар мен оқиғалар
1999
БЕС 28
Материалдық емес активтер есебі
2000
БЕС 29
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығындары есебі
2000
БЕС 30
Қаржылық есептілікті ұсыну
2003
БЕС 31
Таза табыс не зиян есеп мерзімдегі маңызды қателер және есеп саясатындағы өзгерістер
2003
БЕС 32
Жалпы сақтандыру саласында сақтандыру қызметін жүргізетін сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық есептілігі
2003
БЕС 33
Делдалдық қызметін әрекеттерін ақпараттандыру және есептеу
2004
2008 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңының 2- бабына сәйкес мемлекеттік мекемелерді, ірі кәсіпкерлік субьектілерін және жария мүдделі ұйымдарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер мен ұйымдар қаржылық есептемелікті ұлттық стандарттарға сәйкес құрастырады, мынадай санаттарға байланысты:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шарушылығы өнімдерін өндіретін заңды тұлғалар үшін , сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын кәсіпкерлік субьектілер бухгалтерлік есепті Қаржылық есептемеліктің № 1 Ұлттық стандарттары бойынша жүргізеді;
2) Бірінші тармақтардағы аталғандарды қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне , сондай-ақ коммерциялық ұйымдарға, шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан аумағында тіркелген филиалдары мен өкілдіктері мен бухгалтерлік есепті Қаржылық есептемеліктің № 2 Ұлттық стандарттары бойынша жүргізеді;
3) Орта кәсіпкерлік субьектілері , сондай-ақ оралымды басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар ( қазыналық кәсіпорындар ) бухгалтерлік есепті Қаржылық есептемеліктің № 2 Ұлттық стандарттары бойынша жүргізеді.
Ірі кәсіпкерлік субьектілер мен жария мүдделі ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға міндетті.
1,2,3 – тармағында аталған ұйымдар есептілік саясатын бекіткен олардың басшы органдарының шешімі бойынша қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы.