Intranet архитектурасы, протоколдар иерархиясы туралы қазақша реферат
Intranet желілері модальды көп деңгейлі архитектураға ие болады. Жоғарғы деңгейлер төменгі деңгейлер сервистерін қолданады. Желілік және платформалық деңгейлер ішкі желі инфрақұрылымын құрайды. Қосымшалар және жүйелік қызмет көрсету деңгейлері соңғы тұтынушы қызмет көрсетіп, өндірістік функциялар автоматизациясын қамтамасыз етеді.
Желілік деңгей – архитектураның ең төменгі деңгейі. Ол желілік құрал-жабдықтан және программалық жабдықтаудың логикалық компоненттерінен тұрады. Физикалық желіні кабельдер, концентраторлар, коммутаторлар және маршрутизаторлар сияқты компоненттер құрайды. Логикалық компоненттерге мәлімет беру протоколдары, мәлімет ағыны және маршрутизациясын басқару компонентерінен тұрады.
Клиент пен сервердің есептеуіш платформаларын Intranet архитектурасының платформалы деңгейі құрайды. Жұмыс станциялары және тұтынушылардың басқа да құрылғылары – клиеттер болып табылады.
OSI моделі – ашық жүйелердің өзара әсерлесу моделі (Open Systems Interconnection) деп аталады. OSI моделінің желілік өзара әсерлесу құралдары 7 деңгейге бөлінеді және әрбіреуінің өзінің стандартты атаулары және функциялары болады.
Бұл модельдің құрамында 2 түрлі модель бар:
горизонтальды модель – бұл әртүрлі машиналардағы процестер мен программалардың өзара әсерлесу механизмін қамтамасыз ететін протоколдар базасындағы модель. Бұл модельде екі программаға мәліметпен алмасу үшін ортақ протокол қажет болады.
вертикальды модель – бір машинада бір-бірін көршілес деңгейлермен қамтамасыз ететін қызмет негізіндегі модель. Бұл модельде – көршілес деңгейлер API интерфейсін қолданатын мәліметтермен алмасады.
OSI моделі деңгейінің негізгі функцияларын қысқаша қарастырайық:
Физикалық деңгей (Physical Layer) – оптоволоконды кабель, сонымен қатар коаксиальды кабель сияқты физикалық каналдар бойынша биттердің берілуін орындайды. Бұл деңгейде электрлік сигналдар параметрлері және мәліметтерді берудің физикалық орта сипаттамалары анықталады.
Каналды деңгей (Data-Link Layer) – типтік топология желісіндегі әртүрлі түйіндер арасындағы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді. Каналды деңгей протоколдарында компьютерлер және олардың арасында адресация әдістері байланыстарының белгілі бір құрылымы болады. Локальдык желілердегі каналды деңгейде қолданылатын адрестерді MAC-адрестері деп атайды.
Желілік деңгей (NET work Layer) қарапайым топология желісіндегі кез-келген екі түйіндер арасындағы мәліметтердің жеткізілуін қамтамасыз етеді.
Транспорттық деңгей (Transport Layer) – қажетті сенімділік деңгейі желісіндегі кез-келген түйіндер арасындағы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді. Бұл үшін транспорттық деңгейде пакеттерді реттеу, буферлеу, номерлеу, қосуды орнату құралдары болады.
Сыртқы деңгей (Session Layer) – хат алмасу процедурасының шеңберінде синхрондау құралдарын көрсетеді.
Қолданбалы деңгей (Application Layer) — әртүрлі желілік сервистер жинағы. Мұндай сервистердің мысалы электрондық почта, файлдарды беру, желі бойынша компьютерге жойылған терминалдардың қосылуы.
Intranet-қосымшаларының архитектурасы
Intranet-қосымшаларының архитектурасын талдау үшін негізгі ақпараттық ресурстар мен ағындарды, қосымшалардың эксплуатациясы мен өңдеуге арналған құралдар классификациясын, сонымен қатар жүйе компоненттерінің өзара әсерлесуінің негізгі схемаларын қарастыру қажет.
Негізгі ақпараттық ресурстар мен ағындар
Гипермәтінге негізделген жүйелер ақпараттық ресурстарды біріктіре отырып, корпорацияның ақпараттық инфрақұрылымын құруға мүмкіндік береді. Корпорацияның ақпараттық инфрақұрылымына келесі ақпараттық ресурстар кіруі мүмкін:
— гипермәтіндер мен гипермедия;
— офистік құжаттар;
— графикалық ақпарат;
— архивтік файлдар;
— электрондық почтаның хаттары;
— жаңалықтар;
— мәліметтер базасы;
— мәліметтерді сақтау;
— қолданбалы программалық жабдықтау.
Ақпараттық ағындардың мазмұны мен бағыты ресурстар табиғатына, құрылу құралдарына, механизмдеріне және ақпаратқа ену құқығына тәуелді болып келеді.
Гипермедия мен гипермәтін әртүрлі ақпараттық ресурстарды біріктіретін желім ролін атқарады. Гипермәтіндік ақпарат навигация үшін көрсетіліп және қызмет етіп ғана қоймайды, сонымен қатар тұтынушыларға электрондық формада мәліметтерді серверге шығаруға мүмкіндік береді. Тұтынушы серверге файлдарды да жібере алады. Гипермедия табиғаты бойынша динамикалық болып келеді, бірақ ақпарат ағыны ереже бойынша бір бағытқа бағытталған және аудио, видео және басқа да мультемедиа файлдарымен байланысты болып келеді.
Офистік құжаттар – офистік автоматизация немесе топтық жұмыспен дайындалған пакеттер, мәтіндер, электрондық құжаттар және жоспарлар болуы мүмкін. Бұл ақпаратқа ену оқу режимімен, не сол құрылған құжаттың ортасында қамтамасыз етілуі мүмкін. Гипермәтін көмегімен құжаттардың контекстік түрдегі іздеу процесін ұйымдастыруға болады.
Графикалық ақпарат тұтынушыға виртуальды шынайылықтың анимациясы және статистикалық иллюстрациясы түрінде көрсетіледі.
Архивтік файлдар таратуға арналған FTP және Gopher серверлеріндегі құжаттар мен программалардың электрондық архив негізіне қызмет етеді. Тұтынушы өзіне қажет ақпаратты серверден сұраныс бойынша ала алады. Файлдарды жүктеу Web–серверлерден де алынады.
Мәліметтер базасына ену және мәліметтер базасын жүргізу серверлік немесе клиеттік қосымшалар арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар мәліметтерді іздеу мен енгізудің сұраныстары HTML-формалары түрінде толтырылады. Мәліметтерді сақтау орны әртүрлі, мысалы: реляционды көп өлшемді мәліметтер базасы, мәліметтердің ODBC-көздерінің жиынтығы түрінде болуы мүмкін, бірақ ол мәліметтердің жедел аналитикалық өңделу мақсатына тағайындалады. Мәліметтерді сақтау орнына ену – мәліметтер базасына енумен бірдей болады. Клиенттік және серверлік қосымшалар түріндегі программалық жабдықтау – маңызды ресурсты құрайды. Клиенттер мен серверлер арасындағы ақпараттық ресурстар мен ағындарды жүргізу үшін Intranet-қосымшалардың эксплуатациясы, әртүрлі өңдеу құралдары қолданылады.