Антропология музейі

Скачать


Қазақстан Республикасының мемлекеттік Орталық музейінің негізі XIX ғасырдың 30-шы жылдары қалыптасты. 1929 жылдан бастап музей Алматы қаласында жұмыс жүргізіп, материалдық және рухани мәдениеттің құнды-лықтарын көрсетіп, насихаттауда.

Музейде жеті экспозициялық зал жұмыс істейді.

1-зал – Палеонтология және археология бөлімінен тұрады.

2-зал – Дәстүрлі қазақ мәдениеті, тұрмысы мен шаруашылығына арналған.

3-зал – Қазақстанда тұратын этникалық диаспоралардың тарихы мен этнографиясына арналған. Экспозицияда орыс, украин, белорус, неміс, шешен, ингуш, түрік, күрд, ұйғыр, корей, т.б. тұрмыстық заттары, қолөнері, бейнелеу өнері туындылары көрсетілген.

4-зал – Қазақстанның 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі тарихын қамтиды.

5-зал – Ашық қор. Экспозиция Шілікті, Тарасу, Покровка, Жалаулы, Қарғалы қорымдарынан табылған сақ, саромат, үйсін тайпаларының алтын бұйымдарымен, Отырар-Қаратау мәдениеті ескерткіштерімен таныстырады.

6-зал – Антропология музейі. Экспозиция адамзат баласының қалыптасуын, жер бетіне таралуын, тарихын көрсетеді.

7-зал – Түркістан археология әуесқойлары үйірмесінің мүшесі, этнограф, өлкетанушы, суретші-кескіндемеші Н.Г.Хлудовтың коллекциялары көрсетілген.


Скачать


zharar.kz