Протоонкогендердің онкогендерге айналу механизмдері

Скачать


Өспе өсуінің патогенезі – канцерогенез.

Канцерогенез – гендік зақымданулардың жинақталуымен сипатталатын ұзақ үрдіс. Канцерогенез сатылары: инициация, промоция, прогрессия.

Инициация– сау жасушаның өспе жасушасына айналуы, яғни жасушаның шексіз көбею қасиет қабылдауы.

Инициация әртүрлі канцерогендердің әсерінен жасушаның көбеюін реттеп отыратын гендердің біреуінде мутация пайда болуымен сипатталады: онкогендердің белсенденуі (протоонкогеннің  онкогенге айналуы), супрессор гендердің (антионкогендердің) әсерсізденуі, апоптозды реттейтін гендердің зақымдануы, ДНҚ репарация гендерінің зақымдануы.

Протоонкогендер – пролиферацияны күшейтетін гендер. Протоонкогендердің  онкогендерге айналу механизмдері:
Протоонкогеннің нүклеік мутациясы Протоонкогеннің транслокациясы Протоонкогеннің амплификациясы – қалыпты жағдайда әсері аз протоонкогендер санының артуы Промотордың қосылуы – қатар орналасқан гендерді әсерлейтін ДНҚ бөлшегі.
Промоция – өспе жасушасының көбеюі.

Прогрессия – өспе жасушаларының қатерлілігінің артуы.


Скачать


zharar.kz